Түрменің күзетшісі


Бүгін Орталық мешітке Жұма намазға барғанмын. Керемет уағыз айтылды. Басында жеңіс күнін тойлауға қатысты айтар деп ойлағанмын. Себебі имам мешіттің сайтына “Жеңіс күнін мұсылмандарға тойлауға бола ма?” деген сауал келіп түскенін хабарлады. Имамның қысқаша жауабы: “Мәселе қалай тойлауда” дегенге ойысты. Отан қорғап, шейіт болғандарға құрмет көрсетіп, дұға қылу керек деді. Енді айтылған уағыз ішіндегі “Түрме күзетшісіне” қатысты хикаяға келейін.

***

… Мешіт ішінде бір тақуа отыр екен. Ешкіммен сөйлеспейді. Әрлі-берлі кісілер өтсе де мән бермейді. Содан бірі: “Сіз кімсіз? Неге үндемей отырсыз?” деп сұраса. “Түрменің күзетшісімін” деп жауап беріпті.
– Қандай түрме? деп шошып кетіпті.
– Аузым – түрме. Соның ішіндегі тілімді күзетіп отырмын, – депті.

Тілімді бос қойсам ғайбат айтып қоямын деп қауіптенгендіктен, өзімен өзі отырып, Аллаһты еске алып отырған екен.

Сурет: СС негізінде 8525214@N06 есімді Flickr қолданушысының мұрағатынан алынды

4 thoughts on “Түрменің күзетшісі

  1. Тәрбиелік мәні өте зор әңгіме. Кейде айтар сөзіміз болмаса үндемеген абзалырақ екеніне мән бермейміз. Он күнәнің тоғызы тілден келеді, сөз түзелсе иншаллаһ бәрі түзелер.

  2. АСМ!Алла разы болсын, аға!Мынауыңыз шынымен-ақ Аллаһтың бұйрығына арналған мысал. Аллаһ Тағала”Ауыздарыңның арасындағы мен пұттарыңның арасындағыға ие болыңдар!”-деп бұйырмады ма?! Әрі сол үшінде ауызға “қақпақ” салу үшін оразаны мындет етті ғой. Өте керемет мысал. Рахмет сізге!!!…

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s