Саясаттың жур-балалары


Сабақ соңында бір студент “Бізге қандай кеңес бере аласыз?” деп сұрады. Мұндай сауал болар деп күтпедім. Себебі менің әрбір сабағым кеңеске толы тәрізді болатын.🙂 Десе де ол жалпы журналист кәсібіне қатысты кеңестерді сұраған еді.


Осы уақытқа дейін төрт жылдай қатарынан Medianet-те жаңа медиа пәні бойынша бес күндік курс өткізіп келемін. Байқағаным, журналистикадағы студенттердің дені қоғамда болып жатқан оқиғалардан мейлінше алшақ немесе соған қатысты ойларымен бөліспейді. Өзінің болашағын қандай қоғаммен байланыстыратынын (қазақ па, әлде қазақстандық па) бағамдамаған тәрізді көрінеді. Осыдан келіп, маған олардың не нәрсеге ұмтылатындары түсініксіз. Жай ғана көп ақша табатын, жайлы өмір кешетін журналист болу ма, әлде қоғамға қызмет ету ме. Соңғысы болса, қандай қоғамға қызмет етпек? Өткенде KIMEP-тің журналистика факультеті студенттерімен кездестім. Алдымда жиырмадан аса студент отырды. Ішіндегі сұрақ қойып, сабаққа араласып отырғандардан көңілге түйгенім: “Бұл студент өзіне не керек екенін, яки КИМЭП оған шетелге шығуға жол ашатынын анық бағамдаған. Ол өзінің болашағын қазіргі Қазақстанмен байланыстырмайды”. Болды. Маған оның алға қойған мақсатын түсінуге: “Я чувствую себя ущемленной в Казахстане. Так как не знаю казахский” (ауд. Қазақ тілін білмегендіктен Қазақстанда мені шеттетіп жатыр) деген сөзінің өзі жеткілікті. Әрине, KIMEP-те басқа көзқарастағы студенттердің де бар екенін жоққа шығармаспын.
Тренингтерде сондай-ақ өзінің ойымен ерекшеленетін студенттер бар. Олардың дені Қазақстанға көшіп келген қандастарымыз. Ойлары басқаша. Себебі өздерінің құрдастарымен салыстырғанда олар Назарбаев саясатын көрген жоқ. Енді ғана бетпе-бет келіп отыр. Бұл менің қазіргі режимді жақсы, яки жаман дегенім емес. Тек әртүрлі саяси ортада туып, журналистикаға бет бұрғандардың психологиясын айтып отырғаным.

Менің құрдастарым азды-көпті Кеңес одағының дәмін татты. Ең болмаса, мойындарына алқызыл галстук таққан. Ал менімен бірге жаңа медианың қыр-сырына бойлап жүрген буын Назарбаев саясатының кезінде өмірге келген ұрпақ. Дәл соларға қарап, саясат қалай жүргізілгенін де, әрі қарай не болуы мүмкін екенін де байқауға болатын тәрізді. Хммм, бірді айтып, басқаға кетіп қалдым ғой деймін.🙂 Қысқасы, саясаттың өз өміріне тікелей әсері бар екенін елемейтін адамға кеңес беруім қиындау екен. Қазақ журналистикасының әрі қарай қалай дамитыны сол буынның өзіне байланысты тәрізді.

Пы.Сы. Бұл жазба “Медианеттегі” студенттерге қатысы жоқ екенін, тек бір студенттің қойған сауалынан өрбіген ой екенін алдын ала ескерте кеткім келеді.🙂

4 thoughts on “Саясаттың жур-балалары

  1. Меніңше, КИМЭП-тің студенттері айтқандай “Тіл білмегендіктен, шеттетудің” бар екендігі сыныққа сылтау іздеген жастардың ойлап шығарғандары сияқты. Тіл білмеудің басты себебі – қоғамда қазақ тіліне деген сұраныстың жоқтығынан. “Тілім”, “елім” деп аттандаушыларымыз Мұхтар мен Бекболат ағамыздан артылмай жатса, әрине, еліміздің ертеңгі болашағы жарқын болады дегенге сену қиын. Жастарымыздың сыртқа қашуына жол бермеу үшін олардың қоғамға қажеттілігін, маңыздылығын, рөлін анықап беретін, жол көрсететін игі шаралар жиі-жиі жүргізілу керек шығар…мүмкін сонда ұлттық сана-сезім, патриоттық жігер оянар… ):

  2. Шынымен ұлтжандылық жетіспейтін тәрізді. Бірақ ол тек саясаттан ғана емес, үйдегі тәрбиеге де байланысты болса керек… д.о.

  3. Толқын дұрыс айтады. Кезінде қытайда “идеяны азат етіп, шындықты іс жүзінен іздеу” дейтін науқан жүрген. Меніңше, бізге де сондай бір жалпықоғамдық жүйелі сілкініс керек.

  4. Шыны керек, қазір ағылшын тілін меңгерген мамандарға деген сұраныс жоғары болып тұр. Қазақ тілі аудармашыларға ғана керек сияқты. Біз құдды бір шетел мемлекетінде тұратындай көрінеді маған кейде. КИМЕПтегі журналистер де оны біледі. Журналист болмасам да, шетелдік бір компанияға жұмысқа тұра аламын деп жүр ғой.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s