Журналистерге арналған хабарландыру


NB! Егер сіз журналист болмасаңыз, алайда журналист таныстарыңыз болса, айта жүрсеңіз екен.

«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы Сорос Қазақстан қоры мен ЕҚЫҰ-ның (Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы) Алматыдағы өкілдігінің қолдауымен «Қазақтілді ақпарат тәжірибесіне жаңа медиа технологияларын енгізу» тақырыбында мамыр айының 28, 29 күндері екі күндік семинар-тренинг өткізбек.

Семинар-тренингке қазақ тілінде жаңа медиа технологияны түсінгісі келетін, журналистік қызметінде ғаламтор мүмкіндігін (блог, микроблог, әлеуметтік желілер) кеңірек пайдалануды көздейтін журналистер мен журналистикаға бейімі бар жандар шақырылады.

Тренинге қатысамын деген үміткер «Жаңа медиа және қазақ басылымы», «Блоггер болғым келеді» тақырыптарында мақала жазып, «Minber.kz» ұлттық интернет газетіне 20 мамырға дейін жолдауы тиіс. Ертерек жолданған өтініштердің қабылдану мүмкіндігі жоғары болмақ. Жазбалар мына мекен-жай бойынша қабылданады: minber.kz@gmail.com

Бұл мақалаңыз арқылы сіз жаңа медиа проблемаларын қаншалықты түсінетіндігіңіз және тақырыпқа қаншалықты ынталы екендігіңіз анықталады. Бұдан соң, әрбір қатысушыға арнайы сауалнама парағы жолданады. Сауаланама парағына қатысушылар өздері жайлы мәліметтерін енгізуі тиіс.

Advertisements

One thought on “Журналистерге арналған хабарландыру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s