miniBarcampCA10


Қазір Bookmark ғимаратының (Тимирязев-Байтұрсынұлы қиылысы) жертөлесінде отырмыз. Минибаркэмп өтуде. Бұл осы аптаның соңында өтетін BarcampCA10 қатысушыларының алдын ала шай ішерлері. Яғни, міндеттер бөлісуде. Кім не істейді, кімді күтіп алады т.с.с. жұмыстар.

Баркэмптің де той тәрізді болғаннан боладысы қызық. Ғаламтордың әрбұрышында жүрген тілектес жандардың бір істі қолға алып, жүзеге асыруы олардың арасында ынтымақтастықтың, түсініктің артуына септеседі. Бейресми конференцияның артықшылығы да осы. Әрине, айтылатын ойлар, презентациялар тың бастамалардың дүниеге келуіне түрткі болады. Бірақ ең қызықтысы осы. Кешке немесе баркэмп басталғанша болатын кездесулер, пікіралмасулар.

Баркэмпке неге келген дұрыс?

  1. Тың ойларға қанық боласың
  2. Жаңа адамдармен танысасың
  3. Өз интернет жобаңды жүзеге асыруға мүмкіндік табасың
  4. Уақытың қызық та, тиімді өтеді.
  5. Бірақ ең бастысы, адам өзіне не керек екенін біліп, соған ұмтылғаны жөн.
  6. Қазір Жанат қандай көмек керек екенін түсіндіруде. Жиырмадан аса қатысушылар жиналып отыр. Мурся да келді. Шебер де осында. Twitter-де Баркэмпті #barcampca10 деген қыстырмамен қадағалап отырсаң болады. Сурет авторы

3 thoughts on “miniBarcampCA10

    • шынында суреттегілердегінің барлығы новенькилер,
      бірақ келсең олар жақсы танысыға айналуы әбден мүмкін)

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s