Мұңайма, Қырғызстан!


Бірақ мұңға батып жатқан ешкімді көрмей тұрмын. Қырғыз әріптестерім, кешелі бері ақпараттарды жеткізумен әуре. Үйлерінен қадам басып шықса болғаны, атыс естиміз дейді.

Тоқтатыңдар!

Тоқтатыңдар!

ҚазТАГ-қа пікір білдірген Асқар Ақаев (Қырғызстанның бұрынғы президенті): «»Бұның артында АҚШ тұр» депті. Бір есептен ойға қонымды. Манас, т.с.с. Орталық Азияда американың мүддесі жоқ дегенге илана алмайсың.

Алматы қаласы әкімі Ахметжан Есімов те: «Бақиев мәселені басқаша, қан төгіссіз шешуі керек еді» депті. Жөн сөз. Басқасы басқа, кісі өлімі жүрекке батады. Дәл қазір жерлеп үлгермей жатқан болар.

Біздегі телеарналар қорқынышты кадрларды көрсетеді. Бұл да саясат. «Көріңдер, міне, азаматтық белсенділік не нәрсеге ұрындыратынын» деген тәрізді. Ғаламторда, әсіресе twitter-де секунд сайын қырғыз интернетшілері не болып жатқанын жазуда. Кеше соларды оқып, есімді жия алмадым. Дәл сол қақтығыстың ішінде жүргендей болдым. Twitter-де тіркелген болсаң, #freekg қыстармасы арқылы бақылай аласың.

Бақиев: «Жеке басым мен жеті ағайынымның және екі баламның қауіпсіздігіне кепіл берілсе, көнемін» депті. Не де болса, өзгеріс болды. Кісі өлімімен, стихиялы түрде болғаны ойлантады.

… интернеттен суреттерді қарап отырмын. Қырғыз блогшы танысым: «Тіпті мұражайды да өртеп жіберді. Қарақшылық қаулап тұр. Тек бүгін қала қалпына келе бастады» дейді.

Ойланып отырмын. Біз қандай сабақ аламыз? Билікті қойшы. Жеке өзімді айтамын. Мардымды жауап тапқан жоқпын. Тек қазадан қара жамылғандарға «Мұңаймаңдар» дегім келеді. Бірақ бұл сөздің өзі аузымнан сенімді шықпайтын сияқты.

Advertisements

14 thoughts on “Мұңайма, Қырғызстан!

      • Көтеріліс әйтеуір болатынын баяғыда сезген едім. Бұған дейін сайлау болды ғой, сол кезде шудың басы шыққан меніңше. Баркэмпте бола алмадым.(

  1. Қырғызда оқитын студент жерлестерім бар еді аман есен болса екен неше апта болды хабар ала алмай отырмын 😦
    Видеоларды көрдім өткен жылғы дәл моңғолиядағы жағдай қайталанғанға ұқсайды бәр байқағаным халықтың көбінің қолында автомат 😦 Сонымен бұл соғыс аяқталдыма өзі Бақиев не болды биліктен түстіме?

  2. Әртүрлі пікірлер айтылып жатыр. Жеке пікірім: үлкен жетістік. Егер билік халыққа қарсы қару көтермегенде, адам шығыны болмайтын еді. Бұл жолы америкалықтардың қатысы болмады. Көтеріліс аяқ астынан төңкеріске ұласып кетіп отыр. Америкалықтар Қырғызстандағы өз мүдделерін басқа жолмен де іске асырар еді. Дәл қазір ресеймен мәмлеге келіп отырған кезеңде қиын болмас еді. Бұл жолы меніңше қырғыз ағайындар шынайы жеңіске жетті. Батыс жақсы баға беріп отыр. Батысты таң қалдырғаны Путиннің жаңа өкіметті бірден мойындағаны.
    Олай болса Қазақстан да көп ұзамай мойындайды деген сөз ғой. Жалпы билік шектен шығып кеткенде халық табиғи түрде қарсылық көрсетеді, егер халықта рух қалса.

    • Иә, шаң басылған сайын оқиғаға тұнық көзбен қарай бастадым. Шынымен де іштен жасалған шараға көбірек ұқсайды. Орталық Азияны зерттеп жүргендердің арасында қазір бұл төңкерістегі әлеуметтік желілердің әсерін сараптап жатқаны қызық. registan.net-тен байқаған боларсың. Баркэмпке келесің бе?

    • Putin jana okimetti holdagani, Bakiev aldinda Reseyge haraganda USA ge kop suyengendiginen
      Reseyge Bakievtin bagiti unay hoimagandi
      Al USA bolsa jahsi serik emes
      Koterilis kezinde komek suratip Bakievtin balasi barganda esh komek korsete almaymiz degeni de bar

      al natijede kirzisine krizis hosilgan Kyrgyz halhi
      endi bar umit tek jahsi basshida
      Agayindarimizga Allah joldarin holdasin degen tilek hana

  3. Басқа жартышарда орналасқан, тіпті шекарасы іргелес емес болғандықтан Американдықтар Орта Азияда де «папа» болмайды. Өйткені шалғайдағы тынышсыздық АҚШ бизнесіне кедергі бола қоймайды. Әлсіздеу мемлекеттерде енді «кімнің к… кірем?» деген сұрақ туындағанда осы жайтты ескергені дұрыс деп ойлаймын.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s