Twitter: Әйелім оңбай қателесті


АҚШ-тағы Social Media Tour-ға қатысты жазбаның жалғасы.Twitter-де Биз Стоунның өзі біздің күтіп алды. Шыны керек, twitter-дің басшысы тікелей өзі қарсы алар деп ойламаған едім.

жасы нешеде деп ойласың?

жасы нешеде деп ойласың?

Кеңселері Сан Францискодағы көп қабатты бизнес орталықтардың бірінің жоғарғы қабатында орналасқан. Кең залдар бірден көзге түседі. Ашық кеңістік өте көп. Әрі барлық жерде тамақ ішетін буфеттері бар.

Жұмыста тамақ тегін беріледі

Жұмыста тамақ тегін беріледі

Тегін. Кез келген адам тоңазытқышты ашып, қалаған сусынын алып, буфеттен өзіне бутерброд жасап алып жұмыс үстеліне кетеді. Жұмыс үстелі демекші бәрі бірдей үстелде отырмайды. Бірі диванда, енді бірі еденде жұмыс істеп отыр. Тіпті үстеріндегі киімдеріне қарап, үйінен асығыс дүкенге нан алуға шыққан біреулер ме деп ойлап қалдым. Шорты, сланцы, футболка. Қызметкерлердің дресскодтары осыдан тұрады.Биз Стоун twitter-дің екі аптаның ішінде ашылғанын, бірақ ойында идеясы көп уақыттан бері жүргенін әңгімеледі. Презентацисының бірінші слайдында үйленген сәттегі суреті көрсетілген.

Әйелім оңбай қателесті

Әйелім оңбай қателесті

«Әйелім ол кезде кімге тұрмысқа шығып жатқанын білмеді ғой» дейді қалжыңдап. Twitter қазақ тіліне де, орыс тіліне де әзір аударылмайды деді менің сұрағыма. Себебі қазір ондай мақсат жоқ. Бірақ аударатын болсақ, волонтерлардың көмегімен аударылар дейді.

Сосын бір таңқалдырғаны әзірге олардың микроблог жүйесін коммерциялық жобаға айналдырмағандығында еді. Компания қазір қалай күн көріп отырғаны ды қызық. Тек жекелеген қаржылық қолдаулар ғана.Өз басым, әлемнің аузында жүрген twitter шағын ғана ұжым, әрі асып бара жатқан дәулетті компания емес екенін біліп ойланып қалдым.Twitter: Мәліметтердің ашық таратылуының ғаламдық әсері зор. Twitter тақырыптан мазмұнға қарай сілтеме жасайды. Сөйлесуге болмайтын ортада өзара пікір алмасуға мүмкіндік беретін құрал. Алғаш дүниеге келгенде бір жиналыста отырып, өзара дауыстап пікірлесе алмайтындар жандарға виртуалды түрде пікірлесуге мүмкіндік берген. Кейін бизнес құрылымдар жарнама құралы ретінде өздеріне қарай бейімдеп алды. «Компания әлі жас. Біз аяғымызға енді тұрып келеміз» дейді Twitter басшысы Биз Стоун. Twitter өзге әлеуметтік желілерден жылдамдығымен әрі мазмұнымен ерекшеленеді. Twitter кеңсесі кішкентай. Әрі жарнамасы да жоқ. Болашақты ақшаны қалай табатынын әлі анықтамаған.

9 thoughts on “Twitter: Әйелім оңбай қателесті

    • Мен бәлетіндер
      blogs.xat.kz
      namba.kz
      on.kz
      nakarte.kz
      тағы бір екеуі бар, есімде жоқ

      Радиодағы бағдарламны Қазақша ұсынсамба ден ойлап жүрмін.
      Сізде не жаңалықтар?

  1. Биз Стоунның жасы 30-дан асқан. осыны неге құпия сақтайтынын білмеймін)) әйтеуір, туған күні 10-наурыз))
    Бірде Ақзеренің богында ғой деймін, қай жұлдызбен кездескіңіз келсе, осы кісіні жазғам. Сіз меннен бірінші кездесіп қойдыңыз ғой 🙂

    Жобадан ақша таппайды деп айтуға болмайды, себебі табады ^ ^ Әлі күнге дейін нақты монетизация жүйесін көрсетпеді, мүмкін бұл құпия (?) не нақтысы дайын емес, бірақ біраз нұсқалары бар. Оның ішінде коммерциялық аккаунттар секілді маркетингпен байланыстылар.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s