Facebook: мәлімет бөлісудің қуаты


…Сол күні дөмбекшіп ұйықтай алмадым. Қонақ үйіміздің бөлмесі де хан сарайындай. Алматыда жерге жатып үйреніп қалған маған, құс төсек жайсыз көрінді. Әрі Алматы мен Вашингтон арасындағы уақыт айырмашылығына үйренісе алмай жүргенде Сан Францисконың уақытына тағы бейімделуге тура келді. Бірақ негізгі себеп – таңертеңгі болатын кездесулерде еді. Social Media Tour-дың соңғы күні Twitter, Facebook, Google компанияларын аралайтын болып келістік.

Facebook

Әуелі Facebook кеңсесіне бардық. Жолай кездесуді ұйымдастырушылар ол жерде Бұқарамен байланыс бөлімі өкілдерімен кездесетінімізді, тек кездесу өтетін жерді ғана суретке түсіруге рұқсат екенін ескертті. Сұр түсті кішкентай кеңсе, Сан Францисконың шетіндегі жасыл желекке оранған Маунтейн Вью деген қалашықта орналасқан. Көзі күлімдеген қыз қарсы алды.


Кіре берістегі тақтадағы кеңсеге келгендер қолдарын қойыпты. Біз уақытты пайдаланып, дүниенің түкпір-түкпірінен келген журналистер жапа тармағай суретке түсіп жатырмыз. Facebook деген жазуды көрсек болғаны, объективті соған қарай көздейміз. Осы сапарға келгендердің бәрінде де Facebook-та жеке бұрыштары бар. Сондықтан бұл кездесу әрқайсымыз үшін де тарихи сәт екенін сеземіз.

Фотоаппарат  көп болса..

Фотоаппарат көп болса..

Facebook (FB): Мәлімет бөлісудің қуаты. Өзгенің мәліметін оқу арқылы айналаңдағы құбылыстар туралы жаңа оймен таныс боласың. Қазіргі кезде FB-тың 40 000 млн. қолданушы тіркелген. Орташа есеппен айына 2,5 млн адам қолданады әрі FB қолданушының 130 досы бар. Қазірдің өзінде 70 тілге аударылды. Қазақ тіліне де аударылуда. «FB ақылы болады» деген өсек үш айда бір гулеп тұрады. Бұл әлеуметтік желінің басты мақсаты қолданушыларға мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін алаң жасау. Себебі өзге біреумен бөліскен мәліметтердің маңызы зор.

FB ұжымы қазір бірінші кезекте қауіпсіздік мәселесіне алаңдаулы. Жекелеген қолданушы мұрағатындағы мәліметтерді өзге біреулер пайдаланып кету мүмкіндігі ұлғаюда. Сонымен қатар ғаламдық әлеуметтік желінің алдында әрбір елдердегі интернетке қатысты заңның әртүрлі болуы қарқынды жұмыс істеуіне кедергі келтіруде. Компания әрбір елдің заңына орай бейімделе алмайды. Бұл олардың «адамзаттың барлығына бірдей мәлімет бөлісетін алаң қалыптастырсақ» деген ұстанымдарына қайшы. (жалғасы twitter туралы болмақ)

Advertisements

3 thoughts on “Facebook: мәлімет бөлісудің қуаты

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s