@ – ұлу, маймыл, шошқа, тышқан, ит … айқұлақ?


@ белгісі:

  • Италия, Француз тілдерінде – ұлу;
  • Норвегияда – шошқа құйрығы;
  • Неміс тілінде – маймыл құйрығы;
  • Қытайша – кішкентай тышқан;
  • Орысша – күшік;
  • Қазақша- айқұлақ!
  • 1885 жылы American Underwood ұйымында қаржылық есептерді жүргізуде қолданып, айырма бағамын, айырма мөлшерін көрсетуге қолданған.
  • 1971 жылы америка програмисті Рэймонд Томлинсон алғаш рет бір компьютерден екіншісіне жолданған алғашқы электронды хаттың адресінде пайдаланған.
  • Дизайн әлемінің ең бір ықпалды үлгісі ретінде @ белгісі қазір Нью Йорктегі Заманауи Өнер мұражайында да тұр.
  • MoMA қазір @ белгісін дизайндық үлгілері үшін де қолдануда
  • @ ағылшын тілінде қазақ тіліндегі Шығыс септігінің (-нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен) деген мағына білдіруде қолданады (М, @urimtal – өрімталдан). Кейде Барыс септігінде де қолданады.

14 thoughts on “@ – ұлу, маймыл, шошқа, тышқан, ит … айқұлақ?

  1. menimwe aikulak degen jarasymdy jane uly degen de🙂 wynymen uksaidy goi. orystar kuwikti kaidan korgenin bilmeim, birak nemister men norvegia halky durys aitkan eken, kuirykka da uksaidy. tywkandy koretin mende kial wekteuli eken….😦

    • Айқұлақ деген маған де ұнайды. Неге екенін түсіндіруім қиындау. Собачкадан гөрі жақсы сияқты🙂

  2. Ағылшын тілінде бұл белгіні “at” деп айтылатынын білемін.
    Айқұлақ деген сөз, меніңше, тым ұзын. Және мағынасы да түсініксіздеу. Ең дұрысы, бұл белгіні “Ат” дей салуымыз керек еді. Оның үстіне, ішінде “А” деген әрібі де бар ғой.)

  3. Құнды мәліметтер бергеніңізге рахмет🙂 Айтпақшы kazjur.ning.com дағы блог туралы сұқбатыңызды тыңдадым. Фейсбуктен сілемте алып ,тамаша екен алғаш блогтың пайда болу себебі тіптен қызық жаңалық екен🙂 АРБ

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s