Саудагер


Ғұмырымда шығыс халқы не себепті саудаласқанды жақсы көретінін түсінбеппін. Мәнісін енді ұқтым.

Ташкентке жолым түскен. Қыдырып жүріп, базарға тап болдым. Аралап жүріп, бір ақсақалдың жүзім сатып тұрғанын байқадым. Жүзімдері ірі, бір қарағаннан дәмі тіл үйіреді.
– Ата, жүзім қаншадан?
Сатушы бағасын айтты. Арзан көрінді. Қалтама қол сүңгітіп сұраған ақшсын бердім. Атамыздың қабағы түксиіп кетті.
– Ақшаң керек емес, сатылмайды, – деп қолымен сермеді.
– Неге?!
Үндемеді. Менің де себебін білгім келіп тұр. Қасымызға бір келіншек таянды. Ата бағасын айттып, әлгі келіншек саудаласа бастады. Аздан соң, атамыз жүзімді өлшеп, тіпті үстіне тағы кішкене қосып қолына ұстатты. Түсінсем бұйырмасын.
– Ақсақал, мен не бүлдірдім сонша. Маған сатқыңыз да келмеді, ал әлгі келіншекке үстіне қосып бердіңіз. Мен тіпті сізбен саудаласқан да жоқпын ғой!
Самайын бойлай өскен сақалын салалы саусақтарымен сипап, ақсақал былай деді:
– Сен саудаласпағандықтан саған сатпадым. Әлі жассың ғой. Өзің ойлап қарашы. Бұл жүзімді мен маңдай теріммен бағып-қағып, өсірдім. Енді сатып жатырмын. Шынымды айтсам, сатқым да келмейді. Себебі күшімді, еңбегімді жұмсадым. Ал келесі бір адам еңбек етіп, ақша тапты. Ол да адал еңбектеніп, ақша тапты. Ақша оған да оңайлықпен келмеген болар. Сондықтан ол да ақшасын жұмсағысы келмейді. Сондықтан екеуі де бір-біріне реніш болмас үшін саудаласса, бір бағаға келіседі. Екеуі де риза болады. Ақшаны шын пейілімен береді. Ол ақшада береке де болады. Сондықтан мен тіпті үстіне жүзімді қосып та беремін. Ең бастысы оған жақсы болса екен деймін!
Осы сәтті ата маған ойлана қарады.
– Ал саудаласпаған адам ақшаның қадірін білмейді. Мүмкін ақша оған оңай жолмен келген болар немесе біреуден ұрлап алған – харам ақша болуы мүмкін. Ондай ақшадан маған береке де болмайды.

Аударма. Түпнұсқасы мында

19 thoughts on “Саудагер

  1. Керемет психология. Саудамен айналыстатын қазақтар бұл психологияны жадында ұстаса ғой. Базардан күнделікті көріп жүргендей, саудагерлер ешқандай баға түсірмейді, демек сауда өнерін білгісі келмейді. Мұндайдың талай куәсі болдым.

    • Shinimen…men keshe gana Al-Kudds, Yerusalimde ataqti kone qala kvartalinan 2 jip,ine satip aldim. Satvshi arabtan qansha desem, ol 10 shekel dedi. Men de sol aqshani ustata saldim. 10 shekel dollarmen qansha, tengegege shaqanda kansha dep oylanip Sham qaqpasina jurip kele jattim.. Shiga beriste tagi kozime tusip, surasam 1 jip 2 shekel eken. Uyge kelip satvshi arabqa renjidim..Alde meni japon, ne qitay eken dep qimbat aytqan shigar dep.. Soytsem qatelik mening ozimde eken..Jip blsa da savdalasatyn boldim..

  2. Халқының негізгі бөлігі ақшасын қара жұмыс арқылы табатын елдің психологиясы.

    • Жақсы мақала. Саудаласып саудаласып, ең төменгі бағаға түсіріп, “кет-ей әрі, беш тиынға тұрмайды еңбегің” – деп кетіп қалсаң, іші удай ашитын шығар.

  3. Джакомо, мен сізбен келісе алмайм. Ислам өркениеті дамыған жерлерде осындай психология болады. Аллаһ Тағаладан ырыздық сұрағанда адалынан бер, берекелі ғып бер деп сұрау керек болар. Кезінде Сахабалардың әйелдері жарларын шығарып салып тұрғанда “бізге адал табыс әкел, біз тозақтың жалынынан қорқамыз” деп насихат айтып жіберетін болған. Кейбір адамдар бар қырып ақша тауып жатқан, бірақ неге екені белгісіз алгі ақшаның қайда кеткенін өздеірі де білмей дал болады. Ал кейбір адамдар азғантай ғана, бірақ маңдай терімен табады бәріне жеткізеді. Барлығы берекеге байланысты. Содан соң қанағатшылдық деген ұғым бар. Осы екі ұғымды санамызға жақсылап сіңірсек жемқорлық, ұрлық, аяқтан шалу, ақша үшін кісі өлтіру деген қылмыс біздің қоғамда болмас еді. Сабыр, қанағат, не нәрсенің берекесін тілеу Ислам қағидаларынығ негізі.

    • азға қанағат? онда кәсіпкерлік дамымайтын еді. ол нарықтың негізі ғой
      қайдағы бір ескірген түсініктер
      саудаласпаса, ақшаның қадірін білмейді не ол арам жолмен табылғандығын қайдан білесің? нақты біле алмайсың.
      шығыс базары деген сол емес пе? барлығы бір-бірін алдауға тырысады. харам-шарам

  4. Осы саудаласуды оңтүстік өңірде туылсам да үйрене алмай қойдым. Алдын Қытайға кетерімде ағам үйретіп жіберген, по-Шымкентски саудалас, айтқан бағасының жартысына түсір бағаны деп. Барған соң ол методым болмады, болмаса өзім ұялдым ба, әйтеуір айтқан бағасына ала бердім.

    Бірақ Өзбекстанда саудалассаң жақсы, өзбектермен жақсы саудаласамын, олар да саудаласса екен деп сұранып тұрады :)))

  5. Саудаласу – үлкен өнер. Алайда өзім бұл өнерге қанық емеспін, сондықтан супермаркеттегідей қанша баға көрсетілсе, сонша төлеймін🙂 Саудагерлер басында бір баға айтады, кейін басқа баға, соңында тіпті өзгеше сома сұрайды. Бірден нақты бағасын айтса жақсы емес пе? Әлде мен сияқтылардан көбірек ақша алу керек пе? Менің табатын ақшам – студенттік стипендия🙂

  6. Осы саудаласуды үйрене алмай-ақ қойдым….Сосын жақсы амал таптым, саудаға не әпкемді не досымды ертіп барамын, ол екеуі саудаласқанда теріс қарап тұра тұрамын)))) Ал олар тауар бағасын кем дегенде 30-40 пайызға кемітпесе алмайды….

    • Негізі саудаласу да өнер ғой. Бірден болмаса да бірте-бірте үйреніп кетерміз. Әпкең және досың саудаласқанда теріс қарамай, бақылап тұрсаң, мүмкін там-тұмдап бірнәрсе үйреніп қалар ма едің🙂

  7. Адам өзі еңбектеніп таппаған ақшаның қадірін ешқашан да білмейді деген рас – ау, осы!.. Тамаша жазыпсыз, Асхат ағай! Ойланып отырып оқыдым…

  8. Ағай, сізден бір нәрсе сұрауға бола ма? Шыны керек, жазбаны бағалауды қазақшалағанды тек сізден ғана көрген сияқтымын. Оны қалай қазақ тіліне аударуға болады?

    • Блогыңыздың құрал-саймандар тақтасының сол жақ бағанындағы бағалаулар деген бөлімнен баптаулар дегенге өтіп, сол жерден орнатасыз.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s