Сан Франциско ойлары


Қонақ үйдегі теледидарды қоссам, Сан Франциско қаласының әкімі: «Қош келдіңіз!» деп күлімсіреп тұр. Кейін білдім. Ең жас әкімдердің бірі екен. 35 жаста. «біздің қаламыз осындай да осындай. Мынандай жерлерге барсаңыз болады. Сіздей қадірменді қонақтарды қарсы алғанымызға қуаныштымыз» деп сайрап тұр. Келесі арнаны ашсам, қараторы келіншек: «Армысыз! Біздің қонақ үйге қош келдіңіз! Азын-аулақ қауіпсіздік мәселесіне құлақ түріңіз» деп қонақ үйде не істеп, не істеуге болмайтынын айтып жатыр.
****

Шри Ланка, Ауғанстан, Украина, Уганда

Шри Ланка, Ауғанстан, Украина, Уганда

Таңғы аста қытайлықтармен бір үстелде отырдым. Бейжіңнен келген журналист Астанада бірнеше рет болыпты. Әдемі қала дейді. Көбіне саясатты жазады екен. «ШОС кездесулері аясында түскен суреттерді қарап отырсам, он бір жылдан бері көп адам өзгеріпті. Тек бір ғана адамның суретін он бір жыл бойғы суреттерден үздіксіз көремін. Сенің президентің» дейді.
****

@yurtsan

@yurtsan

Artur

Artur

Түркия мен Арменя үшін «геноцид» тақырыбы жараға сепкен тұзбен тең. Кеше сол екі елдің журналистерінің қасында отырып қалдым. Екеуі де артық ештеңе айтып қалмайын деп, ауыздарын бағып сөйлесті. Кенет біз отырған автобусты жанамалай бүйірінде «Izmiria» деген жазуы бар жүк көлігі басып озды. Арменияланған түрік сөзі. Екеуі де бір-біріне қарасты. Бұдан кейін аталған тақырыпты жасырып ұстау мүмкін емес еді.
****
Кешке Гүржістаннан келген Ниномен Сан Франциско дүкенін араладық. «Қызыма ештеңе аладым. Өзіме арманымдағы сумканы сатып алдым» дейді жүзі бал-бұл жанып. Кешкі асқа Бургерге бас сұқтық. Елшінің қызы екен. Әкесі Алматыда, одан соң Астанада елші болған. «Алматы – әдемі. Памир тауларына шықтық. Тіпті алыстағы ауылдарды да өз көзіммен көрдім» дейді. Ауыл деген қазақтың сөзін Америкада жүріп, гүржі қыздың аузынан естірмін деп ойламаппын. Әдетте ауыл дегенде көз алдыма кигіз үйлер емес, төбесі мыжырайған үйлер елестейді. Қызылағаштағы су астындағы ауыл келді.

Палестина, Гүржістан

Палестина, Гүржістан

Нино Қызғалдақтар соғысында Саакашвилиден тікелей сұхбат алыпты. «Көшеде оператормен тұрғанбыз. Күн суық болатын. Содан қалжың болсын деп, «Мен қазір Мишаның (қазіргі Гүржістан президенті) машинасына отырамын» деп бәстестім. Оны біз ол кезде Миша дейтінбіз. Миша, көлігіңе отырып, жылынып алсақ бола ма» деп едік. «Отыр!» деді. Сөйтсек, дәл сол сәтте машинасының ішінде ол президент тағына барар жолда Шеварнадземен телефон арқылы маңызды мәселені талқылап отырыпты. Сол сәтті мен де өз хабарыма беріп, кейін CNN-да оны қайталап көрсетті» дейді.

4 thoughts on “Сан Франциско ойлары

  1. Тезірек келгеніңді күтіп отырмыз)
    Демалып, ұйқы қанғансоң міндетті түрде кездесу керек!

  2. “Тек бір ғана адамның суретін он бір жыл бойғы суреттерден үздіксіз көремін. Сенің президентің” Хе-хе ))))
    Әйтеуір “ол қай жақта” деген сұрақтар болмағанға ұқсайды )))

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s