Хиллари Клинтонмен кездесу


Хиллари ханыммен кездесемін деп ойламадым. Бізді Үкімет үйіне алып келді. Бүгін күні бойы осында болмақшымыз. Жетінші қабаттағы Кездесу бөлмесіндеміз. Бұл бөлмеде мемлекетаралық келісім-шарттар жасалған екен. Дөңгелек бөлме. Көптеген ресми ғимараттарда кездеседі. Айнала толы мемлекетке еңбегі сіңген тұлғалардың суреттері. Сосын кітаптар бар.

U.S. State Department

U.S. State Department

Уақытты пайдаланып, бір бірімізбен танысып алдық. Дүниенің әр бұрышынан жиналыппыз.

Ұйымдастырушы Мэтью: «Суретке түсеміз, жиналыңдар» деді. Қаз қатар тізіліп тұра қалдық. Мына есіктің ар жағында Хиллари отыр деді. Онша мән бермедім. Сөйткенше болған жоқ, есік айқара ашылды да, Америка үкіметінің хатшысы келді.

Ашық адам. Қадамы қалай нық болса, сөзі де сондай нық шықты. «Сендермен кездесіп отырғаныма қуаныштымын» деп бастады сөзін. Блогшылар мен журналистердің өте үлкен жұмыс тындырып жатқанын айтты. «Сендер көп адам істемейтін іспен айналысып жатырсыңдар» деді. Орайын тауып, жауаптары алдын ала қандай болатынын білетін сұрақтар қойдық. Бірақ бұл орайда маңыздысы сұрақты қойып қалу еді.

Угандалық әріптесіміз өз еліндегі жағдайға қатысты пікірін білді. Одан соң палестиналық әріптесіміз Газадағы жағдай Хилларидың сапарынан соң, ептеп жылығанын жеткізді. Сосын әзірбайжандық журналистің сұрағына жауап берілді. Үш сұрақ та адам құқы, демократия, сөз бостандығына қатысты еді. Одан басқа сауал қою да мүмкін емес.

Угандадағы жағдайға араласу керектігін айтты. «Палестинадағы жағдайға күллі әлем назар салып отыр. Сондықтан бұл елдеге тыныштық кім-кімге болса да маңызды» деді. Сосын Әзірбайжанда екі жасөспірім блогшыны түрмеге қамау әрине жақсылықтың нышаны емес деді.

Америка менің де санамда демократиялық құндылықтармен (адам құқы, сөз бостандығы, еркін ойлау мүмкіндігі) байланыстырылады.

Содан кейін суретке түстік. «Be safe» деді сөзінің соңында. «Сақ болыңдар!» дегені ғой. Бәрімізге қатысты айтылған сөз.

15 thoughts on “Хиллари Клинтонмен кездесу

  1. Менің басыма келген қитымыр оқиғаларға комент жазатын Өрімтал ағамның Хиларимен кездесуіне қатысқандығы қуантады. Мені АҚШтың өкімет басшысымен бір қадам жақындастыратын Сіз болғандығыңыз менің жалқаулығыма қуат беретіндей……
    Өрімтал, өмірдің өз өрнегімен қалаған жетістігіңізге жеткейсіз! Аман болыңыз!

  2. Уауу… Хилларимен кездескен қарапайым қазақ баласы сіз боларсыз…🙂
    ҚЗ-ға келген соң сұрақ астына алу керек сізді )))

    • Жоқ, Сержа. Ол туралы айтқан жоқпын. Біз өзімізге өзіміз көмектеспесек, олардың көмегі бізге не үшін керек? Интернеттің шектеліп жатқанын олар біледі. Білген соң, шақырып отыр деп ойлаймын.

  3. Дұрыс іс болған екен. Оған өзің қатысқаның тіпті жақсы. Келген соң біраз хабар алармыз деп үміттенем өз аузыңнан/пернетақтаңнан.
    Қанша адам болды екен? Қандай мекемелер? Үкіметтік емес ұйымдар шығар көбі?
    АҚШ-тың осындай нәрселерінен күдіктенетінім де бар. Информациялық соғыста алдына жан салмайтындар ғой. Сонысынан қорқам да, әзірге елде тыныштық болса екен. Әлем блоггерлерінің массаның көзқарасын қалыптастырудағы маңызды рөлін олар біледі бәлем. Ал адам құқы, сөз бостандығы, демократия деген АҚШ-тың ежелден бағындыру жолындағы “тәтті тоқашы” мен ащы таяғы ғой. Аман есен елге орал.

    • Дені интернет-журналистер. Америка үкіметі өз елдірені үлкен өзгеріс алып келеді деп ойлайтын жандар. Қалай десек те, бұл елде америкалықтардың өздері түсінетін демократиясы бар.

  4. Еңбегіңнің жемісі. Хилари айтқандай, аман жүр! Ана ретінде айтқаны шығар.
    Маған Американың демократиясы ұнайды. Олардың жеткеніне жетсек арман бар ма! Адам құқығы бірінші орында! 5 жыл Америкада тұрғанда таңдай қағумен болдым. Олардан үркімей үйрену керек. Үйренетін нәрселері көп-ақ.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s