АҚШ-қа неге келдім?


Барак Обаманың үкіметі жаңа медиа технологияға жете мән бермек. Хиллари Клинтон да өзінің Интернет бостандығына қатысты соңғы сөздерінің бірінде (January, 21, 2010) бұны жасырған жоқ. Сөз бостандығын насихаттауда ғаламтордың әсері аса қуатты болғандықтан АҚШ үкіметі әлеуметтік желіні қолдану тәжірибесін өзге елдерге де көрсетіп, бөлісуді жөн деп тапты.

Welcome!

Welcome!

Осы орайда ұйымдастырылған арнайы байқауға қатысып, жеңімпаз атандым. Сөйтіп, әлемнің 32 елінен жаңа медияның басы-қасында жүрген жандар іріктелді. Бағдарлама барысында АҚШ үкіметінің шенеуніктері twitter тәрізді әлеуметтік желілерді қалай қолданатыны, қоғаммен байланысудағы оның маңызына қатысты мәліметтермен бөліспек.

2009 жылдың 30 қыркүйегіндегі мәліметтер бойынша Конгрестің 205 өкілі Twitter-ге тіркелген. Оның 39-ы сенаторлар. 166 конгрес өкілдері. 60 пайызы республикашылдар болса, 40 пайызы демократтар.

Бұл мәліметтер әлі Вашингтонда болатын ресми кездесулерде айтылмақ. Одан кейін Сан-Францискода Google, Yotube, Twitter, Facebook компанияларында кездесулер жоспарланған.

Әрине таңқаларлық, әрі қызықты сапар болады деп күтілуде. Өзім күнделікті қолданып жүрген порталдар мен әлеуметтік желілердің қызметкерлерімен кездесу бұйырар деп ойламап едім.

Advertisements

23 thoughts on “АҚШ-қа неге келдім?

    • Жанарбек, рахмет. Бағдарламада бәрі сағат бойынша алдын ала жазылып қойған екен. Күтпеген өзгерістер болып, бос уақыт болып қалса, хабар беремін.

  1. Жоғарыда айтылған тілектерге қосыламын :). Сапарыңыз оң әрі пайдалы болғай!

    «Армандар орындалады, тек аздап тырысу қажет» деген – осы.

  2. Бәсеееееее… Көңілдің көкжиегінен Құрдасым көрінбей кеткен ед… Қаңғып болған соң, үйге қайт. Баракқа сәлем айт!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s