Test: Beeline USB-модем


Бүгін Beeline-дағы танысыма: «Интернетім жоқ» деп қыңқылдап қоймаған соң «Біздің модемді сынап көрші» деп беріп еді. Қазір сонымен қосылып отырмын. Байқағаным, түк ойлану қажет емес екен. Флэшка тәрізді қоса саласың. Тек қазақша нұсқаулығы жоқ екен. Мен ағылшыншасын қойып қойдым.

Алдында 3G ұстамайды деп еді. Орнату барысында жылдамдықтың бірнеше түрін таңдауға ұсынылатынын байқадым. Егер флэшка көк түсті болса, 3G қосылғаны, егер жасыл түсті болса 2G екен. Менде қазір жасыл түс жыпылықтап тұр.

Бір айдай енді осы модемді тексеріп көрмекпін, инш!

Advertisements

17 thoughts on “Test: Beeline USB-модем

  1. Құтты болсын!!!
    Өзімде болған билайнның ЮЗБ модемі көңілден шықпады.
    3G-қосылмаса, пайдасы аздау екен, 2G – да тек почтамен нормално жұмыс атқара алдым. Қалған сурет және видео сервистеріне кіру мүмкін емес.

  2. Жігіттер, Megaline Mobile өте тамаша. Видео сурет киындык жоқ. http://megaline.kz/ru/other/mobile3g/mobile

    Мен қазыр соны пайдаланып журм. Кәдімгі үйдегі Мегалайн. Жеке адам болып алып пайдалануға болады.

    Ал мына Edge модемдердің Билайн, Кселл жылдамдығы көңілге толмайды.

  3. Кеше тестілеп отырмын дегенде, ай бір хабарын берер деп едім… қателеспеппін:))))) Ал мен дәл күні кеше сол флэш-модемнің кселлдегі нұсқасын жұмыстан сұрап алып, тесттен өткіздім. Қалтафонмен қосылғандай екен дәл. Түк ұанамады… 3,2 мегабит пер секунд деп тұрғанымен, сен айтпақшы жасыл ісвет жыпылықтап тұрды…

    • Телефон сияқты болса, онда линия жүктемесі көбейгенде байланыс үзіліп қала беретін шығар. Мен bluetooth-бен қолданғанда солай болатын.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s