Nokia деп таң атып, кеш батырған күн


Nokia-ның Алматыдағы өкілдігінің басшысымен кездескенімді білетін боларсың. Бірақ ҚазҰУ-де сенбі күндері журналистика факультетінің студенттеріне “Жаңа медиа технология” бойынша арнайы тренинг ұйымдастыратынымды көп адамға айтпадым.

Негізі айтпаған дұрыс екен. Себебі Радиоға келдім деп айтқаным сол еді, кеше ғана радиожобамызға қаржылай қолдау көрсеткендер айнып қалды. Шамасы құрылтайшылар өзара ақшасын бөлісе алмады ғой деймін. Анығы Аллаһқа аян. Радиоға қалай тез келсем, кетуім де солай жылдам.

Бірақ бұл жазбада өткен сенбіде Nokia компаниясымен бірлесіп, журналистика факультетінің қазақ бөлімі студенттеріне арнап, “Nokia телефондарының мүмкіндіктері” деген жалпы тақырыпта бір күндік тренинг ұйымдастырғанымызды хабарламақпын.

Ол қазір ғой, бұны бір сөйлеммен жазып отырғаным. “Ұйымдастырдық” деген сөздің ар жағында бірнеше апта бойғы кездесулер мен келіссөздер, тренер болған Ерден Ахметовтың (суретте), осының басы-қасында жүрген Әсел Жалешова мен Анар Сембинованың еңбегі зор.

Өзімде Nokia телефоны болмағандықтан (негізі әлем халқының жартысына жуығы Nokia телефонын қолданады) бұл телефондарға, мүмкіндіктеріне көп мән бермейтінмін.Сөйтсем, Nokia-ның Ovi.com деген арнайы қалтафонға арналған порталы бар екен. Сол порталға тіркелу арқылы телефонның мүмкіндігін кеңейтуге болады. Біраз тегін үстеме бағдарламалар бар. Тіпті, Құранға арналған бағдарламаны да тегін көшіріп алуға болады.

Ең ұнағаны Ovi.com-да ovicontaсt деген бағдарламаға телефондағы барлық контактілерді оңай көшіріп қоя аласың. Бұл егер тіпті, телефоның жоғалып қалған жағдайда немесе жаңа симкаға көшіру кезінде де қолайлы. Сонымен қатар контактілер ovi-де тіркелсе, өзара файлдарды (өлең, сурет, музыка т.с.с) тегін алмаса алады.2015 жылы шығатын Morph деген телефонның үлгісін таныстырды. Нанотехнология негізінде жасалған дүниені көріп, қаншалықты ілгері кетіп бара жатқанымызды ойладым.

Одан басқа Nokia тарихы, телефон үлгілерінің әртүрлілігінің артында не жатқаны (E, N сериялы т.с.с.) айтылды. Телефон алушы тұтынушылардың мінез-құлқы (Қызығушылығы жоғары, эмоционалды; қызығушылығы төмен, эмоционалды, қызығушылығы жоғары, рационалды т.с.с.)

Әрбір қалтафон адам денсаулығына қауіпті радиация бөледі. Сондықтан телефонмен көп сөйлесу бездерге қауіпті. Nokia-ның екі симкалы телефон шығармауының астарында осы жатыр. Мүмкін болса, телефонды арнайы қалтасына салып денеден аулақ ұстаған жөн екен. Егер телефонда екі симка болса, радиация әсері де екі есе ұлғаяды.Алдағы он жылдың ішінде құлақ дәрігеріне адамдар кезекке тұратын болса, таңқалмауға болады.

Тойдың болғаннан, боладысы қызық демекші, бір күндік тренинг көзді ашып-жұмғанша өте шықты.  Алда енді блогшылардың басын қосып, Nokia-мен бірлесіп, бір тренинг өткізу ойда бар.

12 thoughts on “Nokia деп таң атып, кеш батырған күн

  1. mama, men kunine sotkamen keminde 4-5 sagat soilesem! ujas ujas! skype artyk koi barinen 🙂
    eski nokiyam bar, kanwa jerge kulap, artky kakpagy aiyrylyp jatyr, birak sogan jeter ew telefon jok eken, iwinde tuk jok,esesine estilui keremet, tura janymda turgandai.

  2. қанша студенттер қатысқан екен? солардың ішінде қазақ тілін телефондарында қолданып жүргендер барма?

  3. Айтылған тағы басқа қызықтар бар. Бәрін бір топтастырып, жариялаймын, инш! Мәселен, Nokia телефонының оригинал екенін білу үшін 1212 нөміріне телефонның IMEI кодын жіберсең, телефонды Қазақстандағы Nikia орталықтарына жататынын, жатпайтынын айтады. sms құны 30 теңге болуы керек қателеспесем.

  4. Шынымен де, ұйымдастырылған тренинг өте жақсы өтті. Біз оған қатысу арқасында көп мәлімет алдық. Тренингке келгенде, қалтафонды жай қолданушы болсақ, енді, оны кәсіби қолданушыға айналдық. Асхат ағай, рахмет, сізге!

  5. Осыдан екі жыл бұрын қос қалтафонды қатарынан қолданып жүрдім. Өзімнің тұжырымыма сүйеніп, әрі ыңғайлы, бір жағынан зияны аз болар деп екі симкарталық қалтафонға көштім. Содан бері бір жарым жыл өтіп жақында істемей қалды. Орнына амал жоқ, басқасын, Nokia-ны алдым.
    P.S. Осы жазбаны оқығаннан кейін солай болғанына қуанып отырмын.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s