Банкомат “былықтары” – 2


Банкомат тақырыбына пікір білдіргендеріңізге рахмет.  Банкомат “былығына” қатысты ресми сауал да жолданды, банктерге де хабарластық. Бірақ әуелі пікірлеріңізді бір түйіндеп өтсем деп отырмын.

Блогшылардың пікірі

Оқырмандардың аталған мәселеге қатысты көзқарастары әртүрлі. Дені қазақшасын пайдаланамыз деді. Қате болсын, болмасын «қазақшасын біз пайдаланбағанда, кім пайдалансын» деген ұстанымда. Әу баста, көпшілік қазақ тілі техникаға көндікпеді деген сылтаумен пайдаланбайтын болар деген ой туындаған. Ондай комплекстің бар екені рас. Психолог блогшымыз Серікбай ағамыз ондай комплекстің болатынын жоққа шығармайды. Бірақ оқырмандар оған тоқталмады. Көбінесе «мен не себепті қазақшасын қолданамын, яки қолданбаймын?» деген сұраққа жауап қалдырды.

7 оқырман қазақшасын пайдаланатынын айтты. Басты себеп қазақ тілінің мәртебесіне ат салысқысы келеді. Тіпті қате болса да, қолданушылар санына үлес қосқанды қалайды.

“Мен қазақша қолданамын АТМды, ол былайынша түсінікті ғой”, дейді Жанна. Тимур да бұл сөзге қосылады. Алайда Тупак Амару жүйкесін жұқартпау үшін ғана басқа тілді қолдануға мәжбүр екенін мойындап, нақты мысалын келтірген. Банк саласында қызмет ететін Sameday болса, “түсінбей қаламын ба деген қауіппен орысшасын таңдаймын” дейді. Әрі банк саласындағы аударма ісімен нақты мамандар айналыспайды деген пікірге келісіп, қазақтілді мамандар банкте жоқ дейді. Айжан қырсықтығанын бұрын ұлтжандылығынан банкоматпен «қазақша» тілдеседі, десе де “медицина саласында жағдай бұдан да сорақы” дейді. Ақзере банкоматтардан қорқатынын айтумен шектелді.

Мәселені тым өзекті емес деп қабылдаған Gastarbaiter: “бастысы карточкаға көп ақшса түссе деген ойда» деп” есептейді.

Қазақстанда банк саласындағы қызмет көрсетуде қазақ тілі шеттетіліп отырғанына қатысты мәселе Моңғолияда тұрып жатқан бауырымыз Бөкенге таңсық көрінді.

“Моңғолдардың барлығы банкоматты өз тілінде қолданады ешқандай қатесіз тамаша жазылған соларға қарап банкоматқа қазақшада қосса екен деп ойлап қоям” дейді ол.

Қазақшасын туған тілге, ұлтына деген сүйіспеншіліктен таңдайтындардың қатарына Қосақ пен қате аудармаға көзі үйреніп қалған Ainamekendi қосуға болады.

Ал келесі пікір білдірген жандардың ойлары өте қызық. Аршат үнемі қазақшасын қолдананатынын, десе де соңғы рет қате аударманың есебінен банкомат карточкасын қабылдамағандықтан, орысшасын пайдаланатын шығармын деп екі түрлі ойда қалған. Оған жауап ретінде Эльвира өзінің бір құрбысының сөзін келтіреді:

мысалға сол банкоматтарға счетчик орнатылған болса, қазақ тілін 5 пайыз ғана қолданады деп тұратын болса қазақ тілді мүлдем алып тастауға толық құқылы болады емес пе” деді. Енді үнемі “в поддержку отечественного производителя” қазақшаны таңдайтын болдым.

Жазбадағы мәселеге сәл ауқымдырақ қарауға тырысқан Жанарбек: «АТМді Қазашалау бұл проблеманың бетін жапқышпен жақсып жауып қойғанмен тең, ягни біздің( Қазақ тілің) проблемасына шешім емес. Бұл проблеманы шешудің жолы текғана сол проблеманы түбімен құрту» деп, банкоматтарды өзімізде жасау керекпіз деген пікірде.

7 thoughts on “Банкомат “былықтары” – 2

  1. “Банкоматтарды өзімізде жасау керек” деген, менше мүлдем қисынсыз. Қазақтар жасаған банкомат айналымға енетін болса, қытайдың қазақшасы қате банкоматымен жылап көрісетін шығармыз. Әлеует жетпейді әлі. Ал, қазақшадағы қателіктерді айтсақ: банкоматтағы қателіктер (жалпы қай-қай саладағы да) терминдердің түп мағынасын дұрыс түсінбеуіміз – бір. Ол терминдердің орыс тіліндегі нұсқасын алуымыз – екі. Және бір себеп, ол терминдерге қазақ сөздік қорынан балама іздемеуіміз. Сингормонизм туралы тіпті сөз етпей-ақ қоялық. Осыдан келіп, қазақшалағанда әрі тартсаң бері жетпей, бері тартсаң… “ваще” боп кететіні содан, меніңше. Жеке пікірім, әйтпесе, “электрификациалауды” “электрофикеишндеу” десең не өзгереді?

    • Менің айтпақ болғаным, бүгін АТМді жасау емес, ертең АТМді жасайтын мамандарды( Қазақ тілді мамандарды) даярлау түсінсеңіздер. Қазақстанда маңызды органдарда(Қаржы, заң, байланыс және логистика) кімдердің сөзі жүретінін біз жақсы білеміз.

  2. Көк жазулар тым көп екен. Спамға ұқсайды. Нұрберген Мақыммен келісемін, осы националисттердің бір тобы үнемі жердегі мәселеден бұрын қайдағы қиял мәселелермен басы қатады екен. Арбаны аттың алдына қою немесе аурудың себебін емес, салдарын емдеу ұсыныстарына да көзім үйреніп кеткені ме? Аса жыным да келмейтін болыпты.

    • Асқар аға, көгеріп, гүлдене берсін деп, ерекшелеп қойып едім. Енді қайттым???🙂 Жыныңыз сізден аулақ жүргені жақсы!

      • ссылка шұбырған жазуларда үнемі бір/он кілтипан болатынын айтам. Жындар б-телкеде

  3. қазақтар ешқашан адам болма алмас. Маған десең қазақ тілін жақсартуға супер-пупер өтімді бағдарлама жасап шығарсаң да қазақ сол енжарлық қабілетінен айырылмас…Қаншама айтылып жатыр, қаншама істер атқарылып жатыр бәрі желге ұшып кетеді. Сол баяғы ұйқыдамыз…

  4. Адам болып жаралған соң жүр ғой қазақ баласы.
    Мәселе ақша шашылып, қанша шара жасалып жатқанында емес, биліктің ана тілге қатысты басын қатырмай отырғандығында. Бүгінде қазақ тілі кімге керек? Осында отырғандарға, бойында намысы бар, ұлттың болашағын, өзін ұлт ретінде сезінетіндерге керек. Ал балық басының бұл тілді керек етіп тұрғаны шамалы. Орысша істемей қалса, күнделікті жұмысы үшін әп сәтте жасатар еді керекті шаруасын. Оны мен айтпасам да білесіздер. Орысша ойлап, орысша сөйлейтін әрі орысқа әлі де жалтақтайтын биліктен анау айтқандай жақсылық күту қиын. Мен үшін.
    Банкоматқа келсек, мен банктердің бірінде жұмыс жасаймын. Аллаға шүкір, банкоматтарымыз жұмыс істеп тұр. Қазақшасы да түсінікті. Көпшілікке топырақ шашу – жақсы әдет емес. Кемшілік туды ма, нақты банкті, қай бөлімше атап көрсеткен дұрыс.
    Рақмет!

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s