Радиоға келдім


Бұған дейін айтпай жүр едім. Уақыт келген сияқты. Өмірімде алғаш рет радиода (102.2 Energy FM) қызмет етудемін. Әдетте эфирге 07.30, 12.30 және 18.30-да шығамыз.

Жеті жылдан аса уақыт бойы газетте жұмыс істеген маған қазақ тілінде экономикалық радио хабар жасау қызық көрінді. Өзімді де сынап көргім келді. Әрі жаңа нәрсе десе, елеңдеп қалатыным бар. Біздерді радиода жұмыс істеуге ешкім үйреткен жоқ. Тіпті радиохабар қалай жасалатынын да білмедім. Бәрін нөлден бастау керек болды. Әйтеуір бұған дейін жасап жүрген үнхабарлардың ептеп көмегі тиді. Оның үстіне бұл қазақ журналистикасындағы қазақ тілінде шығатын жалғыз экономикалық күнделікті хабар деп түсініп отырмын. Қателесіп отырсам, жөндеп қойыңыздар.

Блогтың орта тұсында тұрған Urimtal Box деген көк жәшікті көрген боларсың. Сол жерге радиохабарларды жариялап жүрмін. Сонымен қатар алдыңғы хабарларымды podkazt.kz деген тораптан да тыңдауға болады. Енді маған жұрттың осы бағдарламаға қатысты пікірін білу керек болып тұр. Бағдарламаны қайтсем жақсы қыламын, пайдалы қыламын деген ой мазалауда. Мүмкін болса, ойларыңмен бөлісуіңді, әрі сауалнамаға жауап беруіңізді сұраймын. Алдын ала рахмет!

Сауалнама мына жерде: http://poll.fm/1m4rs

13 thoughts on “Радиоға келдім

  1. Вокс ньюсты әлгінде тыңдағаным бар. Бәрі жақсы. Тек арасында сарапшылардың пікірін қосса, қатып кетер еді. Дегенмен бұған уақыттың шектеулігі мүмкіндік бермейтін болар. Сәттілік тілеймін!

  2. Даусыңыз жақсы шығады радиодан. Мен 3-4 рет тыңдап көрдім. Бірақ жаңалықтарға аса назар аудармаған екенмін.. :)))) Келесі жолы мұқият болам )

  3. Көп рахмет! Бұл қызметті ұзақ атқаруыма Сіздер де үлес қосып, радиобағдарламаны жақсартуға қатысты ойларыңызбен бөлісерсіздер деген үміттемін. Ешкімге керексіз болса, бұл бағдарлама да жабылып қалуы мүмкін🙂

  4. Жаңа жұмысыңыз құтты болсын! Ісіңізге сәттілік, АЛЛАның берекесін тілеймін! (неге екенін, басында қазақ радиосы деп ойлаппын🙂 )
    маған ұнады!

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s