Банктердегі былықтар


Басқаша айтпасқа амалым жоқ. Соңғы кездері банктерге жиі баратын болдым. Баратыным негізі үш банк. Қазком, Халық банкі және АТФ. Сосын кейде жұмыс бабымен Центркредитке де барамын.

Біріншіден, мен атаған банктердің банкоматтарында қате көп. Басқа салада қате болса, оның зиянын бірден сезінбессің. Ал мына жерде қайдағы бір сауатсыз аударма үшін қалтаңдағы ақшаңнан қағылып қаласың. Мәселен, казкомның банкоматынан карточкадан карточкаға ақша аударуым керек-ті. Қашанғы әдетіме салып, “қазақ тілін” таңдадым. Сөйтсем, әлдебір қадамдардан соң, өз карточкаңыздың нөмірін жазыңыз деген жазу шықты. Ішкі түйсік, өзімдікін емес, ақша аударатын адамдікін жазуым керектігін айтуда. Сөйтіп, күдікті сейілту үшін қызметкердің көмегіне жүгіндім. Ол маған бірден шынын айтты. “Қазақшасынан мен қателесемін. Орысшасын таңдайық” деді. Орысшасында дәл әлгі қадамға келгенде “Аударатын адамның карточкасын енгізіңіз” деп тұр. О, тоба! Сонда мен әлгі жерде қателессем, меннен ақша ұстап қалып, кейін ол үшін кіммен дауласып жүрмекпін? Ал сонда егер, қазақшадан өзге тілді түсінбейтін адам болса, қайтпек?

Екінші қызық, сол банктерге телефон шалғанда болады. Call Center-дегі қыздар қазір менің дауысымды жаттап алған болар. Бір емес, бірнеше рет ескерту айтуға тура келеді. Қазақ тілінде сөйлесу мәдениеті деген әлі қалыптаспаған. Бір күні меннен: “Әкеңіз кім?” деп сұрайды. Шамасы ата-тегімді сұрағаны ғой. Әрі сұрақ емес, оны сұрау мәнері, өктемсіген дауысы қытығыңа тиеді. Ара-тұра қоңырау шалып, үйретіп тұру керек екен.

Үшіншісі, ең сорақысы (төртіншісі де бар екен ғой), банктегі келісім шарттарға қол қойсаңыз, екі тілде нұсқаны әкеп береді. Қуанып, қазақ тілін толтырып болып, орыс тіліндегісін қарасаңыз: “Дау-дамай туындаған жағдайда, келісім шарттың қазақ тіліндегі нұсқасы жарамсыз” деген жазуды көресіз. Күлесің бе, жылайсың ба??? Бір жылдары бұл туралы Ереке де айтып еді. Баяғы жартас, сол жартас.

Төртіншісі, кеше есіме түсті. Сөйтсек, аты-жөні қазақша жазылғандардың зейнетақы қорына ақша аударуда біраз қиындықтар бар екен. Банктердегі комптьюетерлерде 1C орысша болған соң, қазақша есімдерді қабылдамай, олар келген жеріне қайтып кетеді екен. Сөйтіп, ақша аударылмағаны үшін кейін адамдардан өсімпұл сұралады… Бұл туралы толығырақ мына жерден және мына жерден оқып, тыңдауға болады.

Осы жайт менен басқа көптеген азаматтарды да толғандарып жүрген болар. Енді бұны шешудің жолы қалай екен? Сауатты жолмен шешу үшін не істеуге болады? Журналист ретінде біз проблема бар деп “ойбайлай” аламыз. Мекемелерге қоңырау соғып, сұраныс хат жолдауға болады. Бірақ бұның бәрі бұл мәселені түбегейлі шешпейді ме деп ойлаймын.

15 thoughts on “Банктердегі былықтар

  1. Қазақ тілінің жағадайы өзгергенше қазақшасын пайдаланбау керек. Меніңше бұның артында қазақ тіліне қарсы саясат жұмыс істеуде. Яғни қазақ тілінің келеңсіздіктері деп айтуға келмейді, жүйеленген қарсы жұмыс деп түсінемін. Нағыз келеке. Келісім шарттың қазақ тіліндегісінің күші болмауы, есі дұрыс қоғамда сотпен аяқталатын шаруа. Жалпы ақылға симайды. Күші болмаса онда келісім шартты қазақша жасап не керегі бар? Келісім шарт дау дамай туа қалған жағдайда сүйенетін құжат емес пе.

  2. Банктерде де қате өте көп,
    Қазақша білмеседе қарындары тоқ…
    банкоматы құрғыр, очередь алды…
    қолданбайық десек амалымыз жоқ

    деп өмір сүруімізбен қолдануымызды жалғастырғаннан басқа амал жоқ сияқты Асеке

  3. Kanyndy kainatady goi kei kazakhtar KZ-ge barganda. Aitsan, satkynsyn.🙂

    Uiat koi.

    Askhat aga, siz sekildi biren-saran adamdar gana dauystaryn wygaryp turady är jerden, birak ündemeitinderdin mysy basyp ketedi ärkawanda.

  4. “Екі тілдегі нұсқалардың арасында қайшылықтар болған жағдайда, орыс тіліндегі нұсқасы басым күшке ие” деп жазып қояды ол қулар. “Қазақ тіліндегі нұсқасы жарамсыз” деп жазуға формальды түрде болса да арттарына қарайды🙂

  5. qazaq tilin uiretuge arnalgan 19 milyard tenge boska ketken goi demin🙂

    sosyn “Дау-дамай туындаған жағдайда, келісім шарттың қазақ тіліндегі нұсқасы жарамсыз” degendi tusinbedim. orys tilindegisi men qazaq tilindegisi eki turli ma sonda, alde birnarse jetispeidi ma ekinshisinde ?

    • Ұлттық Банкке хабарласқанбыз. Бастарын ала қашты. Екінші деңгейлі банктермен ісіміз жоқ дейді. Өтірік айтса да, кішкене келістіріп айтса болар еді.🙂

  6. Дұрыс жағын келістіре алмай жүрген ағайындар өтірікті қайдан келістірсін!

    Тіл деп жөндегендей боламыз, онымыздан үкімет емес тағы біреулер араласатын босла да түк шығатын емес… ара арасында ұлтшылдар қылаң береді де оларда артынан жоқ боп кетеді…. Мен қазақпын деген тамаша тіркес!
    Уақыт өтіп жатыр бірақ…. таң атса, күн батып тұр, шүкір…
    Осы біз қайда баратырмыз?

  7. Ассалаумалеикум,сіздің айтып отырғаныңыз бергі жағы былықтың.Мен банкке есепшоташуға бардым,артынша ақша айырбастауым кезінде менің қазақша айтқанымды түсінбей көп дағдарып қалды.Соңы бас мегнеджерге барам,менің уақытымды жоғалттыңдар деп айқай көтерген соң ғана қазақша білетін адам шақырттырды.Ал жақында,а ашылған үштік кеден одағы қазақ елін біртіндеп Орыстың қол астына жақындату деген сөз,мұның соңын ала орыс тілді клиенттердің қамын ойлау артады да,шала қазақшасы әдірем қалады.Ал елде уақыт өткен сайын жастар арасында үкіметке деген сенім азайып барады,бір серпілісті күтіп жүргендер жеткілікті.Ал үкімет тіл мәселесіне осылай қарап жүргенде азамат соғысы бұрқ ете қалуы да мүмкін,өйткені парламентте отырғандардың көбісі жасырын түрде ресейден қаржылай жарна алып отырады да ресейдің ыңғайына келетін заңдар қабылдайтын көрінеді.P.S

  8. кеше Назарбаев пен Медведев кезікті,сонда медведев айтады:ОБСЕ жқмысында біз қазақтарға көмектесеміз дейді!Сонда қазақ үкіметі орыстың қолына қарап қалыпты!

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s