Nokia қазақшасы…хммм енді болады екен


Nokia өткенде қазақ тілінде екі телефон берген. Тексеріп көрерсіз деп. Қарап көрдім. Ашып қалғаным сол еді, қателер мен мұндалап атып шықты. Десе де, интернетке кіріп, қазақша жазуға, қажетті мәліметтерді алуға болады екен. Қазақша туиттерлетіп көрдім. Бәрі дұрыс жарияланды. Пернетақтада қазақ әріптері жоқ. Орысша теріп үйреніп қалғандарға оңай болуы керек. Себебі төл тоғыз қарпіміз сол алфавит ретімен орналасқан. Телефонның моделі қандай екенін анықтай алмадым. Сұрауды да ұмытыппын. Бетінде еш нөмірлер жазылмаған. Бұрын Соня мен Ерікті қолданып үйренгендіктен, Nokia-ны енді зерттеп жатырмын.

11 thoughts on “Nokia қазақшасы…хммм енді болады екен

  1. Менің телефоным қазақша сөйлейтін Nokia. Смс, контактілерді латын қарпімен жазамын. “Пернетақта құлыптанды”, “Пернетақта ағытылды” дегенге бірінші рет көргендер күледі, қызық екен деп. мен әбден үйреніп кеттім.🙂

  2. “Құлыптанды” дегені, шынымен құлыптың суреті тұрады ғой. “Ағытылды” дегені енді қисынға келмейді🙂

  3. Қазақ тілін қанша бай дегенімізбен, әлемде көп тараған тілдердің соңына да ілесе алматындығын осындай тар қолданыстардан көруге болады.

    • Қазақ тілін “шаң қаптырып” жатқан ағылшын тілінің өзінде “тышқан”, “құлып” деген сөздерді термин ретінде қолданып жүр емес пе?

      Бірақ сол сөздерді дәл сол күйі аударуға арланып, адам түгіл мал да қолданбайтын жаңа сөз ойлап табушыларды (“тілді байытушыларды”) түсінбеймін. Шынын айту керек.😦

  4. Бір алжыған технарь смартфонға кәдімгі PC клавиатурасын жалғап көрсетіп, ендігәрі жайшылықта SMS-терді қазақша жібере бастайтынынан құлағдар еткен болатын:)
    Алайда қабылдаушы жақтың мүмкіндіктері сәйкес келмесе – бекер ме деймін. Естеріңізде ме, кірпіш телефонмен жүргеніңде, біреулер: “MMS жіберіп едім, алдың ба?” дейтін кездер🙂

  5. LG-дың қазақшасына ұарап көрейік🙂

    Contacts — Түйіспелер
    Utilites — утилиталар
    Будильгик — оятқыш
    Notice — ескертпе

    inbox — крс жәшігі
    outbox — шғс жәшігі

    Соңғы екеуі дәл солай қате жазылған. Бір ғана Nokia-дағы мәселе емес екен.

  6. man magina jok angime! osindaidi jazuga uiaylmaisizba!! kow jure tuzeledi degen! sonwama keremet bolsaniz endi NOKIA korporacyasina aitiniz! kaitalaimn KOW JURE TUZELEDI!!

  7. Шалқар, пікіріңізге рахмет. Осы ұсыныстардың бәрін міндетті түрде Нокианың Қазақстандағы өкілдігіне жолдаймыз ғой. Олар да осы блогтағы пікірлерді оқып отыр🙂 Сондықтан, көштің жүруін күтпей-ақ, тездетіп жөндесек, қанекей🙂

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s