WordPress қазақшалансын!


Дәл осындай ниетпен мына жерден WordPress.com-ды қазақшалау жобасы ашылды. Осыған үлес қосқысы келгендер, сілтемемен өтіп, ең болмаса, бес сөзден аударса да құба құп болар еді.

Кішкене тарихтан сыр шертсем. Осы уақытқа дейінгі WordPress-тегі аударма Жанарбектің ұйытқы болуымен, Бақытгүлдің еңбекқорлығымен атқарылып келген еді. Қазір wordpress.com аударма жүйесін сәл өзгертіпті. Тіркелген қолданушылар бос уақытында бір сөзден енгізіп отырса, 2030 дейін аударып үлгеруге болады🙂

Іске сәт!

Пы.Сы. Осы бір ақпаратты көпке жеткізуде септессеңіз соның өзі үлкен көмек болар еді. 🙄

20 thoughts on “WordPress қазақшалансын!

  1. 2030-ға дейін үлгере аларма екен?🙂

    Негізі, осын жерде тартыс тудыратын сөздерді талқылаған жөн депсанаймын. Ол жерде қайта-қайта, бірін түзетіп екіншісін жазып, соңынан үшіншісін жазғаннан талқылап бір шешімге келген құп болар деген ой ғой мендегі. Ал талассыз сөздерге айтарым жоқ.

    • ОЛ еш қиын емес. Барлық сөздердің аудармасы енгізілген соң, оны құптау тек админнің құзырында. Админ өз кезегінде дау тудырған сөздерді талқыға ұсынбақ.

      • Аға, дау туғызар сөздерді қайда қойсақ? Форум жоқ па екен? Негізі талқыға салар сөздер көп сияқты. Рахмет!

  2. Тіл білетіндерді жинап, аударуды бастап кетуге не кедергі?
    Тағы да қазақы самарқаулық па? Араласар едім, қазақшадан басқа тіл білмеймін.

    • Сол тіл білетіндерді жинау қиын. Әрі бұл жерде тек тілді білу аздық етеді. WP жұмыс істеп үйренген болса, әр сөз қай жерде қолданатынын ұғып, ұғымды оңай жеткізетін баламасын ұсынар еді.
      Тіл білмесеңіз де, осы бір ақпаратты көпке жеткізуде септессеңіз соның өзі үлкен көмек болар еді.

    • WP бір орында тұрмай үнемі дамып отырғандықтан. Аударатын сөздер де, жаңа дизайн түрлері де көбеюде. Соңғы дизайндардың сөздері аударылмаған әлі.

  3. Блогымның дизайнын ауыстырғам, ағылшыншаланып кетіпті. Қазақшаға аударылмаған сияқты.

    • Байқадым. Енді көп болып, аударсақ қатып кетер еді. Бүгін бір азамат он шақты сөздің аудармасын енгізіп қойыпты🙂

    • Ондай қателер көбіне техникалық ньюансты түсінбегеннен болады. Әйтпесе, аударма ұсынғанда оның алдында сан тұратынын кейде білмей қалып, көпше түрін жазып қоясың. Негізі аудармада қателер қалай да болады ғой. Бастысы оны бірігіп жөндей білсек жақсы.

  4. Ағайын, рахмет ниеттеріңізге! Әрине, аударма барысы әрқайсысымызға зор жауапкершілікті арқалауды талап етеді. Аударма кезінде, ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару екінің бірінің қолынан келе бермейтін мүмкіндік, сондықтан, орыс тілінің аудармасынан да үлгі ала отыруларыңызға болады.

    Жұмыс барысын түсіндіре кетсем:

    Сіз қазір мына мекен-жайда отырсыз делік: http://translate.wordpress.com/projects/wpcom/kk/default?page=1

    Демек, біз сияқты орыс бауырларымыз да осы бетте отырады, басты ерекшелік мұнда: kk орнында ru болады. Біздегі http://translate.wordpress.com/projects/wpcom/kk/default?page=1 оларда http://translate.wordpress.com/projects/wpcom/ru/default?page=1 болады, әрі қарай, page= деген жерге, бет нөмірін жаза беруге болады. Сондай-ақ, түрік тілдерін жақсы білетін ағайындар да бар, олар kk орнына tr қоя салады… Амал өте қарарапйым, түсінбесеңіздер, түсініп алу үшін, сұрақ тастағаныңыз жөн болар. Сәттілік!

  5. @Нұржол, бірнеше адам өз аудармасын ұсынып жаза береді. Сосын сәттісін таңдаймыз. Кейін аударма аяқталған соң да өзгерістер енгізуге болатын тәрізді. Аудармаға белсене үлес қосып жатқаныңа ризамын!

  6. WordPress қазақшалансын! – Асхат бұл жақсы ұсыныс екен! Менде осы идеяны бастаушыларды қолдаймын.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s