Шалаказахша пікірлер


Көбіне маған ондай пікірлерді mail.ru дан басқа поштасы жоқтар, әрі сол желіде көп уақытын өткізетіндер қалдыратынын ішім сезеді. Сол торапта қазақтың төл әріптері көрінбейтіне еттері үйреніп кеткендіктен басқа желілерде де солай жаза береді. “Калайын? Не истеп отырсын?” деген хабарлар чатта да көрініс табады. Сондайлар бірте-бірте қазақ тілі техника тіліне лайықталмаған деген стереотиптен арылай алмайтын ауруға дущар болып қала ма деп қорқамын.

15 thoughts on “Шалаказахша пікірлер

  1. Тіпті мейл.ру агенттің қазақша әріптерді қолдайтын соңғы шыққан нұсқасында да “казак тилинде” жазатындар бар ғой🙂 /😦

    • Бір жағынан бұған да қалыпты құбылыс деп қарауға болатын шығар. Бірақ осылай кете берсе, адамдар осылай сөйлеп кетуі де ғажап емес болар🙂

  2. Яндекста қазақ қарпі “таныла” ма?
    мейл.руды мүлдем пайдаланбаймын. Джимейл жөн. Ешқандай моймир, твоймир деген әуестік жоқ.
    Жалпы, қазақторда қазақ қарпінің танылу-танылмау проблематикасы қашанғы созыла береді екен… Default түрде енгізілгендер санатына қашан енер екен. Сонысы өзекті.

  3. Қылт етсе WP-ге тиіскенше сол мейл.руға тимейме ,WP-Демекші kk.wp.com ашылғанда ақысыз блогтарды осы жерден ашыңыз деген шығушы еді біраз күнен бері сол қазақша жазуымыз ағылшыншаланып кетіпті себебі неден екен?

    • мейлруға тиіссе күллі жұрт дүрлігеді. Сондықтан оған тиіспес. Ал жазудың ағылшыншаланғанын қарап көру керек екен. WordPress-ті қазақшалау тобын ашып қойып едім. Оған да өткендегі оқиғадан соң, зауқым болмай жүр…

  4. Джи-Хат — спамнан ада, қауіпсіздік деңгейі жоғары, көп сөзден гөрі нақты іспен айналысуға қолайлы пошта қызметі. Трафикті үнемдейтіні тағы бар – хат келгенін көру үшін бетті жаңартудың қажеті де жоқ.

  5. Онсыз да солай сөйлейді ғой мысалы Алматы қаласының қазақ мектебінің кей оқушылары сөйлегенде құлағым ауырады)))

  6. Мэйл.руда қазақша төл әріптерімізден басқа, басқа да елдердің “төл” әріптері көрінбейді меніңше. Онда тек, таза кириллица ғана көрінеді. Сондықтан, мүмкін орыстарға шарт қою керек шығар?

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s