Intel блогшы ретінде торт жеуге шақырды


Журналист ретінде жиылыстарға шақыратын. Бірақ блогшы ретінде алғаш рет Ресейден қоңырау шалып, арнайы шараға шақырды. Өзім де таңқалдым. Новосибирскіден екен. Intel деген компания өкілі Алматыда арнайы шараға келуімді өтінді. Дүйсенбіден бері үш қайтара хабарласқан шығар. Өзіме де қызық. Блогшы ретінде шақырған соң, не қызық болады екен деп ойладым. Әйтпесе, Intel деген жазуды тек қана компьютерлердің процессорларынан көріп жүрген адаммын ғой 🙂

Сөйтіп, Абайдан жоғары Желтоқсанның бойында орналасқан Старс Клаб деген клубқа келіңіз деді. Екі жыл бұрын бұл клубта Award бәйгесінің жүлдегерлерін марапаттағанбыз. Сондықтан ол жер маған таныс.  Келдім. Есімім күні бұрын жазылғандықтан, бэйджик дайындапты. Оған Эркимбай деп қате жазылған екен, бірақ астыңғы жағына: Блогер деп үш блогымды көрсетіпті.

Кіріп барсам: «О, тоба! Басында әдемі орамалы бар, ұзын етек көйлек киген намазханым жүр». Шыны керек адасып жүрген болар деп ойладым. Әйтпесе, мындай шарада, түнгі клубта мен тәрізді қызық қуғандар болмаса, өзге біреу келер деп ойламаппын. Қазақтілді журналистер әдетте мұндай жиылыстарға шақырылмайды, сондықтан келе бермейді деген стереотип бұрыннан бар.  Сөйтсем, туысқан әпкеміз айтиді шемішкеше шағады екен. Технология саласына арналған журналда қызмет етеді. Екеуміз үстелдегі арақ-шараптың барлығын даяшыларға алдыртып тастап, біраз әңгіменің шетін қайырдық. Түсунімше жолдасының жұмысы ауысқан соң басқа қаладан көшіп келіпті. Алматлықтарға үйренісе алмай жүрмін деп қояды.

Енді не болғанын айтайын. Intel деген компания процессорлар шығарады. Думан досым айтпақшы, процессор – компьютердің жүрегі. Оның жылдам жұмыс істеуі, тез шешім қабылдауы да соған байланысты. Процессорлардың Core, duo etc деген тіркестері бар қазір. Бұлар сол процессорлардың жаңа түрі. Сөйтіп, аталған компания Ресейден келіп, жаңа процессорларды таныстырды. Енді мақтайды ғой. Өлтіріп тұрып. Қарап отырсаң, бірінен бірі өтеді! Бірақ Intel элементтері көптеген компьютерлерде кездеседі. Не керек, ноутбугымдағы жазудың сырын сол жерде отырып түсіндім. 🙂

Сөйтіп, блогшы ретінде қатысқан алғашқы конференция болды.

Advertisements

13 thoughts on “Intel блогшы ретінде торт жеуге шақырды

      • Әлі талайына шақырады:)) ойнап айтамын. Тегін ішіп жем емес екені өзіңнің де ішің сезіп отырған шығар, олар сенің мына жарнамаңның предоплатасын беріп жатқаны ғой:)

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s