WordPress тағдыры алаңдатады


Бұнымды жасырмаймын. Түсініксіз жағдайда жабылып, түсініксіз жағдайда қайта ашылған блогтұғырдың алдағы жағдайы қалай болатыны алаңдатады. Екі шұқып, бір қарайтын заман туғанын ұқтырды.
Өткенде АҚШ елшілігінде жиналдық. Хиллари ханымның «Интернеттегі бостандық» хақында сөйлеген сөзін тыңдатты. Сосын журналистер өзара шай үстінде еліміздегі интернет бостандығын талқылады. Дені орыстілділер, әрі Интернетті реттеу туралы заңға қарсылықтарын білдіргендері айтпаса да түсінікті ғой. Мен де: «WordPress дұрыс жұмыс істемей қалды. Білесіңдер ме?» деп айтқым келді. Ортаға сауал қойғым келді. Бірақ бұл сөзімнің соңын басқа бір тақырыпқа ауып кететінін ойладым. Отырған Халықаралық ұйым өкілдері менің сөзіммен өз оттарын көсеуі мүмкін деген ой санама ұялағаны үшін ұялдым. Себебі блогтың дұрыс ашылмауына қатысты арнайы техникалық сараптама да жоқ. Өзімді жаппа шеккен жан ретінде көрсеткім келген жоқ. «Неге?» деген сұраққа жауап тапқым келді.
Бірақ сол отырыста ұққаным. Біз басқамыз. Қазнеттегі орыстілді интернетшілер мен қазақтілді интернетшілердің ұмтылатынын құндылықтары әртүрлі. Бізді тек бір нәрсе ортақтастыратын тәрізді. Ол – Қазақстанда, осы территорияда өмір сүру. Олар аждаһаша қаһарын төккен заңға бар болмысымен қарсы. Ал біз (бәрі емес) интернетті қазір ұлттық мәселені шешетін құрал ретінде пайдаланғымыз келеді. Олар болса… олар болса… оны жеке амбицияларын (ұлттан бөлек) қолданғысы келеді. Маған солай көрінді. Қазіргі қоғамның өзінде орыстілді және қазақтілді азаматтық қоғам деп бөлінген. Енді бұл бөліну қазір Қазнетте де бар. Қайтпек керек?
Пы.Сы. Бір есептен блогтар ашылмай қалғанда тұншыққаным рас. Алда әлі де тұншығуым мүмкін екенін ойлағанда қоярға жер таппаймын. Біздің де блогтарымыздағы бейкүнә үніміз (жазбаларымыз) біреуге зиянын тигізіп жүр дегенге илғанғым келмейді. Саясат, неткен жексұрын едің!

Advertisements

13 thoughts on “WordPress тағдыры алаңдатады

  1. Қайдам, өз басымды ондай сұрақ қынжылтпайды. Блоггерлердің бөлінуі тек сенің ғана басыңда. біздің айырмашылығымыз көп іздей берсең. Сеің назарың аулаған айырмашылықтар, тек сені сол жағдайдың көп ойландыратынын білдіреді. Яғни Қазнет туралы емес, саған маңызды тақырыптар туралы ақпарат ғана береді.

    Және тек Қазақша орысша блогтар арасында емес, Қазақша блогтарда ішінара айырмашылық көп, біртекті болуы шарт емес деп білем.

    Әр адам индивид деген тұжырымға негізделсек, солай болғаны дұрыс…

    Бақытым интернетке, телевизорға не басқаға байланысты еместігін анық білемін.

  2. Мәселе блоггерлердің ғана бөлінуінде емес, қоғамның екіге жарылуында. Осы нәрсе алаңдатады. Есеміз кетіп барады. Азаматтық белсенділігі жоғары топ (орыстілді), өзіне не керегін біледі, талап етеді. Азаматтық белсенділігі төмен топ, солардың көлеңкесінде күн кешкенін қаламаймын!

    Біз әртүрліміз. Солай жаратылғанбыз. Бірақ біз бір-бірімізді жақсы тану үшін солай жаратылдық. Мен соған иланамын. Бөлінудің соңы жақсылыққа апармайтынын ұғамын.

    • Осы тақырыпты қозғаған сайын, біз осы бөліністің үдеуіне үлес қосамыз.
      Егер әткеншектің тоқтағанын қаласың, ар жағынан да, бергі жағынан да итермеген абзал.
      (Соңғы кезде әткеншек мықты мысал болып барады:))))
      Жоқ смайликке қарап, ерніңді сылп еткізбей тұра тұр.
      Бұл жүз рет ойланып, тәжірибемнен түйген пікірім. Бұған илану-иланбау сенің еншіңде.

      • Ия бөліну жақсы емес, ал бөлінбеу үшін не істеу керек? Ол үшін тура жол керек ал ол тура жол Құдайымыз бір, Пайғамбарымыз бір, Кітабымыз бір міне осы жолмен жүру керек. Бір бірімізді жақсы тану үшін Исламмен қуаттануымыз керек. Әткеншек сонда өзіақ тоқтайды.

  3. Өрімтал: «………. Ал біз (бәрі емес) интернетті қазір ұлттық мәселені шешетін құрал ретінде пайдаланғымыз келеді………………………..».
    Осылай болуы керек ғой.

  4. Менің де ішім ашыды біраз. Интернетте қазақ тілді материалдар онсыз да аз. Егер уордпресс кететін болса 40 пайыздай мәлімет жойылады деген сөз. Сондықтан бұған немқұрайды қарауға болмайтын сияқты.

  5. менімше, интернет мәселесін көтерген әртүрлі сарапшы әртүрлі мақсатты көздейді. Біреуге саяси ұпай алу керек, ал біреуге жарнама керек деген сияқты. Ал қазақ тілді сайттар тек қазақтың өзіне ғана керек. Осыны ажыратып, өз жоғымызды тезірек түгендеп алуымыз керек.

  6. Қоғам осылай бөлініп тұрғасын, салдары көп жерде білінеді ғой. Орыстілділердің алар дерегі көп және олар біздерге қарағанда қоғамдағы келеңсіздіктерге тез үн қатады, талап ете алады. Бізде олай емес, самарқаулық басым. Қазақтілді интернет бірігіп, өзара қоғам болып, жоғарыға да сөзі жететіндей болуы керек. Сонда, кешегідей уордпресс жабылып-ашылғанда кімнен сұрарымызды білмей, аласұрмас едік.

  7. Өзім жайлы айтар болсам көп орыс сайттарын қарамаймын. Нақты мәлімет керек болған кезде ғана болмаса. Әйтпесе күнделікті қарайтыным осы өзіміздің блогтар. Ана күндері ашылмай қалған кезде «болды оқитын ештеме жоқ» дегендей ойлар болды. Сондықтанда менде алаңдаулымын. Негізі блогтар саясат тақырыбына көп соқтықпайды ғой.

  8. Ұлттық мәселе деген жоқ. Бізде бәрі керемет! Бастарыңды проблеманы уайымдауға емес, жасампаздыққа, жаңа тың материалдар табуға, дамуға жұмсасаңдар армандарың орындалады. Мүмкін. Нақты айта алмаймын. Ұлттық проблема деген әншейін жалпылама сөз. Оның шешілуінен әрбір жеке адамның басына материалдық немесе рухани пайда келмейінше түк пайдасы жоқ әрекеттер. Тек бір топ зиялы сымақтарға нәсіп болады. Ал негізі қазаққа мейнстримділік жетіспейді. Қарапайым орта статискалы қазаққа не керек? -деген сұрақты қою керек. Елдің бәрі тамағы тоқ, көйлегі көк болып, ұлт қамын әріппен жеп, сөзбен шешіп отырған жоқ. Орыс сайттарының дамуының бірден бір себебі, олар пафосты мақсаттар қоймайды, жеке адамның өміріне, жеке адамның карьерасына, жеке адамның жетілуіне негізделген тақырыптарды көп қозғайды. Ондай ақпарат қазақ тілінде көбейсе…көбейсе…дейміз де

  9. Гастарбайтердің интернетке деген көзқарасымен келісемін. Бірақ ондай дәрежедегі ұстанымға жету үшін әлеуметтік тұрақтылық керек. Қазақ тілді қазақтардың Қазақстанның азаматы ретіндегі құқықтары қай жағынан болмасын қорғалмаған. Әсіресе әлеуметтік жағдайы. Қазақ тілді және орыс тілді блогшылардың айырмашылығының көзі сонда білу керек. Ал бұл мәселерелердің барлығы айналып келгенде ұлттық саясатқа тіреледі. Қазақ тілді блогшылардың қоғамдық пікірді дамытуда атқарып отырған және қазақ тілін дамытудағы қызметі зор. Сондықтан Асқат сияқты ашынып-күйініп, тұншығып, келесі күні қызметіңізді жалғастыра бересіз. Берілмеңіздер.

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s