WordPress.com-ға не болды?


  • Өткен жұмадан бері (15.01.2009) Қазақстанда wordpress.com блогтары кейбір компьютерлерде ашылмай жатыр.
  • Сұрау салғанда интернет қолданушыларда блогтар ашылуда. Сондықтан тұтастай құрсауланды немесе құрсауланбады деп те айту қиын.
  • Қазіргі кезде worpdress.com блогтарын Opera Turbo және анонимайзер бағдарламалар арқылы көруге болады.
  • Блогтар не себепті жабылды? Бұл сұраққа нақты жауап беру қиын. Алдағы бір-екі күнде ҚР Ақпараттандыру және Байланыс агенттігінің басшысы ресми жауабын беруі тиіс.
  • WordPress.com-ның кенеттен ашылмай қалуына билік мүдделі деуге де келмейтін тәрізді. Себебі бізде соншалықты адам шошитындай дүниелер жоқ еді. Әрі билік жабатын болса, тұтастай жабар еді. Соған қарағанда бар кілтипан басқа жақта жатқан тәрізді. Бірақ қайда?

P.S. Жеке шығатын шығармын. Бүгін http://www.urimtal.kz доменін сатып алдым… Һайырлысы болсын!

Advertisements

14 thoughts on “WordPress.com-ға не болды?

  1. жаңа доменіңіз құтты болсын. мен әзірге мына жерге көштім http://arsik.typepad.com/ бірақ елдерге қажет ақпарат қолжетімді болсын ғана деген ниетпен. блогта бұрынғыдай белсенділік танытамын деп ойламаймын. уордпресс қалпына келмесе, әрине.

  2. АИС Мақпалға жауап берді. Үш сөйлеммен. Бізге бұның себебі белгісіз. WordPress.com-ға хабарласыңдар депті. 🙂 Толығырақ Мақпал жазуы керек. Мүмкін, жауаптарын сканерге түсіріп те блогына шығарар 😉

  3. уордпресстің дашборды қашан қазақша сөйлейді? Бұрын жақсы еді…Әйтеуір кейде аударып кетіп тұрамыз, бұнысы несі екен?
    Мен ғана емес көп шағымданушылар. Оны кімнен сұраймыз?

    • Әбіләкім, аударманы қарап жүрмін. Біраз сөздер аударылыпты. Десе де, ішінде техникалық тұрғыдан аударма барысында қателер жіберілген. Солардың жөндеуге біраз уақыт кетеді. WordPress.com неге екені бұрынғы аударманың бәрін өшіріп тастағанға ұқсайды. Қазір жаңа аударма жүйесін енгізіпті. Байқаған боларсың.

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s