Johnson and Johnson мұрагері қазақ қызы бола ма?


Әлемторда америкалықтар асырап алған қазақ балалары туралы ақпараттар жиі ұшырасады. Бұның алдында Ақтөбеден асырап алынған бала туралы жазып едім. Johnson and Johnson компаниясын білетін боларсың. Солардың мұрагері Кейси [орыс.т]  екен. Сол осыдан үш жыл бұрын Қазақстаннан қыз асырап алған. Есімін Ава деп атаған (суретте). Сол Кейси әйел бола тұра әйелмен отасқан. Отасқаны – Тила Текила. Оның кім екенін маған әріптесім айтып берді. Сендерге айтпай ақ қояын. Ұят екен! Сол Кейси осы айдың басында қайтыс болды.[ағыл.т]

Шетелдің басылымдарын қарасам, бала түгілі өз басын дұрыс алып жүре алмайтын адам деп біраз сыналған [ағыл.т] екен . Мына бір видеода ол Комбоджияда бала асырап алу мүмкін болмаған соң, Қазақстаннан әдемі бала асырап алғысы келгенін майын тамызып тұрып әңгімелейді.

Қазір баланы енді Кейсидің құрбысы британиялық модель Жасмин Ленард асырап алмақшы.[ағыл.т]

Байғұс қыздың тағдыры енді қалай болар екен😦 Осы бір қызды да кезінде Қазақстандағы анасы жетімдер үйіне қалдырып кеткенде әрі қарайғы тағдыры осындай болады деп ойладым екен десейші….

8 thoughts on “Johnson and Johnson мұрагері қазақ қызы бола ма?

  1. осыдан кейін мен де сұрақтар көбейе бастады …
    қазақстаннан бала асырап алу сонда оңай болғаны ма ? қалай осындай адамға рұқсат берген, оның бисексуал екенін біле тұра ? …

  2. Мен біраз уақыт бұрын бір қысқа репортаж көргем. ҚЗдан кішкентай орыс қызын асырап алғанын айтқан. Ол жас көрінген еді, неден қайтыс болған екен марқұм?!

  3. Табиғи өлім деп жазып жатыр. “Марқұм” деп, мұсылмандарға қатысты айтушы еді. Кейси ислам дінін қабылдап па еді,Сымбат? Шетелдегілер солай айтып жатыр ма?

  4. mda, menin bir tanystarym ( agai men apai negizi) bala asyrai almai jur. keremet jup! birak bermedi, oz uilerin jok dep. al mynandai imansyzdarda bere salady eken. okiniwti eken!!!!

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s