Батпырауық. Аахен. Ауғанстан


Сағынның Германиядан алып келген сыйлығын оқып бітірдім. Тұщынып оқыдым. Тәтті кітап екен. Әкемнің қазасы әсер етті ме, Ауғанстандағы әке мен баланың арасындағы қарым-қатынас жүрегімнің бір түкпірінде тығылып жатқан сезімдерді түртіп оятты.

Кейіпкерлерді түсімде көріп, солармен бірге қайғырдым. Кітапта қуантатын оқиғалар аз. Ойландыратын жайттар көп.  Отбасы бірінші орында болуы керектігі, әке асқар тау екенін екі қайтара өз-өзіме дәлелдедім.

Кітап ағылшын тілінде. The Kite Runner (ағыл. Батпырауық ұшырушы) деп аталады.  Авторы Америкада тұрып жатқан ауған жазушысы – Khaled Hosseini. Аталған шығарма желісінде кино да түсірілген. Оқиғаның желісі Ауғанстандағы жағдайды, адамдардың тағдырын, Кеңес Одағының саясатын екі баланың арасындағы достықты қамтиды.

Кітапты оқи отыра ауған мәдениетімен ұқсастығымыздың, тілімізде де ұқсастықтың біршама екенін аңғардым. Әсіресе, араб, парсы тілдерінен қазақ тіліне сіңіскен сөздер жағы көп. Десе де болмысымызда елеулі айырмашылықтар да бар. Бірақ кітап тұтастай алғанда достық, адалдық, сенім, отбасы, отаншылдық, соғыс, әлемдік саясат тақырыптарын да қамтиды.

Кітаптың ішіндегі кейбір қызықты сөйлемдерді белгілеп алып едім:

There is a way to be good again [2] Тура жолға түсу ешқашан кеш емес.

  1. And I’ll tell you this, Amir jan: In the end, the world always wins [92] Әміржан, саған айтар ақылым: әрқашан да көптің мысы басады.
  2. I’m not an ahmaq, so don’t play stupid with me [134] Мен ақымақ емеспін, сондықтан менімен ойнама
  3. The man is a Pashtun to the root. He has nang and namoos [134] Жеті атасынан бері пуштунның ары мен намысы бар.
  4. She started calling me Moalem [139] Кенеттен ол мені мұғалім дей бастады
  5. Komak!” I cried. [146] “Көмек” деп жыладым
  6. But they are not all yateem [233] Бірақ олардың бәрі бірдей жетім емес
  7. Would you like some chai? [234] Шай ішесіз бе?
  8. Gain your quwat back [323] Күш қуатыңды жи!
  9. “Oh gung bichara!” [335] Байғұс, бейшара!
  10. Let’s give him a sabagh [338] Оған сабақ берелік, тәубесіне келсін!

  11. Сондай-ақ ауғандар сувенирді “сауқат” дейді екен, әрі өзінен жасы үлкенді “аға” деп атайды. Ауғандардың болмысының нәзік иірімдеріне қаныққан сайын Малайзияда кездескен ауған достарым есіме түсе берді. Ендігі арманым аталған кітап негізінде түсірілген киноны көру болып жүр🙂 Сағынға аталған кітап үшін көп рахмет!

33 thoughts on “Батпырауық. Аахен. Ауғанстан

  1. Рэмбо фильмінде (қай бөлімі екені есімде жоқ) көкпар ойнайды ғой.
    Ал сөз шіркіннің жүрмейтін жері жоқ, тіпті үнді фильмдерінде де қазақшада қолданылатын сөздерге ұқсас сөздер естіліп қалып жатады🙂

    • Ия-ия, Ауғанстанның солтүстік провинцияларында жиі ойналады деп естимін. Және олар бұл ойын бізден басқа ешкімде жоқ дейді екен! Оларға түсіністікпен қарау керек шығар…

      • Сен айтқан соң есіме түсіп отыр. Бұл шығарманың бас жағында да “Көкпарға” ұқсас ойын суреттеледі.

  2. ““Komak!” I cried.” деген жерінде “Көмектесіңдер!” деп “айқайлаған” жоқ па екен деп ойланып тұрмын да🙂

    • Кітаптағы мазмұнына қатысты алсақ, көз алдыма айғайлаған емес, жылаған адамның келбеті көз алдыма келеді.

      • Кітапты оқымаған соң, маған бірінші елестегені сол айқайлаған сияқты болды. Стереотип🙂

  3. мен кітапты оқыған жоқпын, бірақ көзім шалып қалған –
    “нан” , “таңдыр” деген жерлері бар еді ғой )))

    • Иә, олар да бар. Сосын “самаса” да бар еді. Малайзияда пәкістандықтардың самсасы да “самаса” деп аталатын🙂

  4. Фильмін алдыңғы жылы көріп, 2-3 күн транста жүргем…😦 Оны тағы киноға барып қарағам.. Жылап.. Жүрегім қатты ауырды.. Шапан деген де сөз бар еді ғой фильмде, кәдімгі киетін шапан

    • Шапан да бар.😉 Транста жүргеніңе сенемін. Кітапты оқып щыққан шетелдіктердің пікірін оқыған едім. Олардың да көбісі біраз уақыт бойы шығарма желісінің әсерінен айыға алмапты.

      • Фильмде ондай сөздер қолданылынбаған, білуімше.. Мен романды түгел оқымадым, кітап дүкеніне барған сайын аз-аздап оқығам, сосын шыдамай фильмді қарадым, есім ауып, көңілімнен кетпегені соншалық, Бақытнұрмен бөлістім, көр деп кеңес бергем😛

        «Тысяча сияющих солнц» да жақсы деп “Аспаздық” блогынан оқығам.

  5. Оз басым осы Халедт1н ек1 к1табын Инеттен тус1р1п алдым. Асхат, каласан, салып ж1берей1н?

    • Оһо, өзге шығармалары да “The Kite Runner” тәрізді жақсы жазылған болар. Негізі кітап нұсқасы оқығанды жақсы көремін. Десе де жіберсең, уақыт тауып оқыр едім. Көп рахмет, Анар!

    • Жоқ, кітап ағылшынша жазылған. Бірақ арасында сондай сөздер бар. Мысалы Айтматов та повестерінде қырғызша сөздерді аудармасыз жазады: джигиты, жайлоо т.б. Бұл сөздер немісше версиясында да өзгертілмеген.

      • Иә, кей кезде сөздердің аудармай түпнұсқасында берген де жөн тәрізді. Мәселен, қазақшаға ұқсас сөздерді көргенде бір жылылық пайда болады екен. Әрі жазушының ойы сенің ойыңа бір сөзге болса да жақын екенін түсінесің🙂

      • Иә, Лермонтовтың “Герой нашего времени” деген шығармасында түркі тілдес черкестердің сөздері, Азамат атты бозбала, оқып, кейіпкерлерге жанкүйер болып, өзіңе жақын тартасың🙂

  6. Шатаспасам, осы ауғандар ғой деймін, асықтырғанда “тез-тез” деп сөйлейтін (кәдімгі өзіміз қолданатын “жылдам” мағынасындағы “тез” деген сөз).

    • Шатаспаған боларсың деп ойлаймын. Ауған достарымнан сұрап көретін екен. Қарап отырсам, ауғандармен ұқсастығымыз көп екен. Айтпақшы, биыл елімізге жүз ауған студенті оқуға келеді екен.

  7. Кітаптың ішіндегі кейбір қызықты сөйлемдерді белгілеп алып , 5-cінің ағылшынша жазылуынан қазақша оқылуын әдепсіздікке санамағаныңыз Асхат сізге жараспайды екен.

  8. Олардың емес біздің сөздеріміз оларға ұқсайтын шығар. Өйткені біздің тіліміз араб және парсы тілдерінен көп сөз алған ғой. Сондықтан ұқсас болуы заңды. Жоғарыдағы сөздердің көбі түрік тілінде де бар.

    айтпақшы келіншегім индоманьяк болғасын үнді тілін аздап зерттеп көрдім, ұқсас сөздер көп. және шығу тарихы бойынша біздің тіл тобымызға жақын.

  9. Осы фильмде бір байқағаным “Хазарейцы” әлгі паштундерге қарағанда түр-әлпеті моңғолдарша, қазаққа ұқсас. Ал паштундері парсылар сияқты көздері бадырақ, мұрындары ұзындау..Ал хазары диалектісінде көп түрікше және моңғолша сөздер кездеседі-міс.

  10. Хазар тілі түркітілдер тобына жатқан ғой, ал, пушту тілі ирантілдер тобына жатады. Бізге жақын сөздер болуы заңды шығар.

  11. МММ кітаптын орысша нускасын маганда жиберинизднрши. Кызыктырып жибердиниздер го

  12. Қызық қылғанда, қазір ноғай әншісінің әндерін тыңдап отырмын. Шалкиіз жыраудың “Лашын құсын” әндетііііп отыр. Ноғайлардың бәрі осылай сөйлесе, қазақшадан айыруы да қиын екен🙂

    • Мынау мен үшін жаңалық, қашан қарасаң, ноғайлар “Домбыра” деген гимнін қоймаушы еді, бүкіл ютюб толған..

      Жан досым Дағыстанның ноғайы, оларда “Ж” әрпі жоқ, орнына “Й”ды қолданады. Ноғай-тілі қазақ тіліне ең жақын тіл ғой, қарақалпақшамен бірге. Ресейдің құрамында болған соң, тілдері қазіргі заман ағымына сай дамымаған, көбісі орыс тілді. кейбір сөздер басқа мағынада қолданылады: Арув- жақсы, терек- тал, сыпайы- әдемі” деген мағынада қолданылады

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s