Күзетші


268524287_6d0b9122f7Үшінші курста оқып жүргенде бөлмелес досым, бір кеңсеге күзетші болып орналасты. Үлкен ғимарат еді. Қателеспесем, мемлекеттік ұйымға тиесілі бір бөлімше болатын. Сабақ оқу үшін сол жаққа баратынмын. Тыныш. Сосын телефон бар. Кейде телевизор көретінбіз. Асықпай шай ішуге де жақсы.

Жатақханада ортақ жуынатын бөлмеге үйреніп қалған маған бос тұрған мойкаларды көру бір түрлі қызық көрінетін. Маған сол кездері күзетшілік жұмыс өте ұнайтын. Таң атқанша шыдасаң болғаны. Ғимаратты кім тонасын?! Тек бір рет қана түн ішінде бір бомж келіп, есік қаққан. Одан басқа ЧП болған жоқ. Сөйтіп, үш орындықты қаз-қатар тізіп, соны төсек қылып, ұйықтайтынбыз. Күшті еді…

Қазір жұмысымызда күзетші бар. Үнемі бір-бірімен бәстесіп отырады. Бір күні менен “Жасың нешеде?” деп сұрайды. Сосын әріптестерімнен “Қай жақтікісін?” дейді. Бұл қызығушылықтың ар жағында әріптесімен бәстесу жатыр екен. Әйтеуір олардың уақыттары өтпейді екен. Аяқ-қолы балғадай жігіттер. Мүмкін көше кезіп, бұзақы болғанша осы жұмыстары да шүкіршілік шығар… бірақ өткенде көрші Вова маған мынадай қызық әңгіме айтып берді.

Біздің Вова мектеп бітірген соң, оқуға түспеген. Әкесі – Барахолкада саудагер. Анасы мен әкесі ажырасқан. Содан Вова бір күні күзетші болып жұмысқа тұрамын деп,бір мейрамханаға түйіндемесін жіберген. Шақырыпты. Барса, асты-үстіне қараған менеджер Света: “Есің дұрыс па? Дардай жігітсің. Саған күзетшілік не керек? Бізде тек ауылдан келген қазақтар күзетші болады. Тамақ пісіре аласың ба?” депті. Ол: “Картоп қуырамын” депті. “Ештеңе етпейді. Үйреніп кетесің. Алғашқыда азпазшының көмекшісі боласың” деп, арқасынан қағып сәттілігін тілеген.

Вованың аузынан шыққан осы әңгімден соң, күзетші болып отырған қазақ жігіттерін көрсем, Света көз алдыма келеді. Мәселе, оның ұлтында емес, қазір осы мамандыққа деген көзқараста. Қазір үйімде бір бауырым да: “Күзетшілік бір жұмыс бар ма? Қарастыра жүріңізші” дейді. “Бос уақытты қайтіп жұмсарыңды білмейтін мұндай жұмыс адамды ойсыз қылдаратын болса, оның саған не керегі бар?” дегенді айтпай, ішімнен іркіп қаламын…

12 thoughts on “Күзетші

  1. Kazir kop student er balalardyn kasibi boldy goi… Bir shetinen oziniz aitkandai kosymsha kiris kozi retinde jasy bolar, birak sabakty koiyp jappai kuzetshi bop jatkandary oilantady… Men okyganda da biraz balalar tunde kuzetshi bop, kundi uikyga basatyn… Sabak jaiyna kalad soitip…

  2. Cіздің Вова жайлы айтқаныңыз ойлантып тастады. Шынында да біздің ұлттан басым ба осы кәсіптен?! Студенттік кезді қойш, ол кезде уақытша жұмыс жасайды ғой. Ал өмірлік кәсібі ететіндер қаншама…Сосын тағы бір мәселе. Байқайсыздар ма, көшедегі жол сақшылары өңкей қазақ ұлтынан ғой! Осыған дейінгі өмірімде сол кәсіп саласынан басқа ұллты кездестірмеппін. Ал оларды менің жолдас қыздарым “козел” деп атайтын еді. Олардың ғана емес қоғамның да пікірі солай…

  3. Жақсы тақырып қозғалыпты. Бір дәрігер әріптесім, жұмысқа тұруға анықтама толтырған қазақтардың басым бөлігі, бәрі де жұмыссыз жастар “күзетші” боламын деп комиссиядан өтетінін айтқан. Сонда маған біз қайда бара жатырмыз деген ой келген.

  4. Қалай болғанда да елдің жауапкершілігі әрқайсымыздың мойнымызда. Бүлдіршіндерге осы бастан соны ұғындыра білсек, есейе келе мамандық таңдағанда жауапкершілікпен қарар ма еді. ИМХО!

  5. Мен де алдында бір жазбамда осы мәселе жайында айтып едім. Көбі жас кезде оқу-тоқуға мән бермей, арзанқол ақшаға құмарлатып кетеді, жастары келген соң не диплом жоқ, не білім жоқ, күзетші, жол сақшысы болмағанда не істейді?
    Мына Көк базардың маңындағы тұрған жігіттердің бәрі де қазақтар. Орыстардың сондай жігіттері ПТШ-да болса да сантехниктің оқуын оқып жатыр…

  6. шыныменен де, осы ұялы телефон жөндейтін жерлерде немесе басқа да құрылғылар жөндейтін жерлерде көбіне орыстар жүреді. біздің қазақ бас қатырғысы келмейді…

  7. Қаладан 100 шақырымдай жерде орналасқан біздің ауылда көбісі бір күн істеп, екі күн демалатын күзетшінің жұмысын іздейді. Істеп жүргендері де бар. Айына қора, мал, үйдің тірліктерімен жиырма күн айналысса, қалған он күнін қалаға барып, жұмыс орнына барып, қонып келеді. Әрі ай сайын айлық алады. Жолы мен тамағына жұмсағаннан артылған ақшасын үйіне әкеледі. Ауылдастарымның осылай күн көріп отырған жайы бар.

    Осыдан екі-үш жыл бұрын, жұмысқа жарамдының бәрі қалаға кетіп, ауылдың босап қалып еді. Ауылға барып қалсаң, көшеден тек кемпір-шал мен бала-шағаны ғана көретінсің. Былтырдан бері ауылда адам көбейіп қалды (:) /😦 )

  8. жұмысқа тұрайын десе ақша сұрайды, біз жақта 2000$ берсең темір жолға жұмысқа кіресің. Оған тек қаражаты барлар кіре алады. жоқтары сол қала босып кетеді, күзетші болып..

    Тепсе темір үзетін жігіттерге, күзетші болуға неге сонша құмарттың десем, енді басқа не істейм дейді😦

    Ол біздегі (ауылдағы) білімнің де сапасының жоқтығынан.

  9. Қазір қарауылдық та, күзетшілік те, қауіпсіздік қызметі боп кеткен ғой🙂

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s