Мешітте азаншының дауысын естіп көріп пе едің?


“Өзің ойлап қарашы, кіп-кішкентай бозторғайдың әні күллі далаға естіледі, ал театр әртісінің айғайын үшінші қатардағы адамнан кейінгісі ести алмайды”…

Бір кісі әдемі сөйлеуді үйретеді деген соң барып едім. Сол кісінің айтқанынан есімде қалғаны. Бұл сөздің астарында біздің жаратылысымыздың өзінде дұрыс тыныс алып, үнді дұрыс шығару жатыр. Адам жүре келе дұрыс дем алмайды, сүйегі дұрыс бітпейді, нәтижесінде әдемі үн шығара алмайды екен. Өткенда радиоға барып, кастингте өте алмадым деп едім ғой. Содан бері, дикцияны дұрыстау көкейкесті мәселеге айналды. Интернеттен тіпті, Қалдыбектің жақсы бір сайтын да тауып алдым. Үнхабарларым да сапалы шықса екен деген ниет қой. Мешітте азаншының дауысын естіп көріп пе едің? Орталық мешіттегі азаншының дауысы жақсы. Бойыңды шымырлатады. Сосын Құранды әдемі оқитындар бар, жай оқып шығатындар бар. Құран оқудың хикметі ұшан-теңіз-ау…

Соңғы кездері адамдардың сөйлеген сөздеріне мән беретін болыппын. Әдемі дауысқа құлағымды түреді екенмін.

Сурет СС рұқсаты негізінде lenblumin есімді қолданушы мұрағатынан.

16 thoughts on “Мешітте азаншының дауысын естіп көріп пе едің?

  1. Дауыс қою демекші, дауысты дұрыстау үшін міндетті түрде сөйлеу, (яғни дауыс ырғағының дұрысталуы үшін көтеріңкі үнмен сөйлеу) тәжірибесі керек. Бұл телеарналар мен радио жүргізушілерінде оңай, әрі жақсы қалыптасады. Себебі, олар бұл іспен күнде айналысады. Ал басқалар үшін сәл қмындау болады деп есептеймін. Бәлкім прцесс баяу жүреді… Бірақ кейбір адамдардың дауыс ырғағы тумасыман әуезді болады!

  2. Осыны мағанда үйрену керек болып жүр. Өзімнің дауысымды таспадан естігенде танымай қаламын. Жіңішкеріп кетеді. Туысымның көршісі болатын Құран оқытқанда шақырушы едік. Құранды өте тамаша оқиды. Құтты бір ән айтып жатқандай тәрізді.Жүрегің шымырлап кететін! Бірақ, бәрі бірдей олай оқи бермейді. Кейде менде құранның мелодиясын тыңдағанды ұнатамын.Азандыкін таппай қойдым.

  3. Әдемі сөйлеу неге керек болып жатыр, Асеке?))))
    Менің пікірім: дауыс қою деген нәрсе жасандылыққа апарып соғатын сияқты. Әртістермен әңгімелесіп көріп пе ең, өтірік қуанатын, өтірік күлетін сияқты боп тұрады… Менің ғана пікірім!..

  4. Әр сөздің өзіндік бояуы болады. Мәселен, жер деген сөзді алып қарасақ, оған “жерге төгілген нан” дегенде, бөлек, “Уа, қара Жер!” дегенде бөлек, “шашы жерге төгілген” дегенде бөлек, “жер хабар бермесін” дегенде бөлекше тон керек. Бастысы – анық шығуы ма деймін дауыстың.

  5. Құдайдың берген даусына разы болу керек.
    Егер оны бермесе не болды!
    Сізге көркем дауыста берсін және өзіңізге тән көркем мінез де берсін Әмин

  6. Өрімтал, біреулер дәлелдемек болғндай Ислам селфимпрувментке жау емес. Дауысты қою деп орыстардан тікелей калька жасағаннан бұрын, дауысты ашу деген дұрыс термин бе деймін.
    Адамда неше түрлі әсем қасиеттер бар, тек соны ашу керек. Ал оны өзімізден басқа ешкім ашпайды.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s