Google Map Almaty Party


Қәнекей, қол жайып жіберейік!

Қәнекей, қол жайып жіберейік!

Google Mapping Almaty деген шараға барып келдім. Таңертең болды. Google-да Рустам деген Қазақстанның баласы да жұмыс істейді екен. Ол қазір Сан Франциско жақтағы бір қалада тұрады. Программист екен.  Өтенде телефон арқылы сұхбаттасқанмын.

Гуглға жұмысқа тұру үшін бір олимпиадаға қатысып көзге түскен көрінеді. Десе де Google Map Almaty деген жиынды Гуглда жұмыс істейтін Тілек деген бала (суретте) ұйымдастырды. Жалпы, Google map туралы айтты. Қысқаша айтар болсам, Гуглдың елді-мекендердің карталық сызбасын жасайтын қызметі бар. Шетелде жүргенде маған көп көмектесетін. Жақын жердегі мешіттің қай жерде екенін, оған қалай баруға болатынын содан қарап білетін едім. Сөйтсек, Алматымыз туралы сол картада мәлімет аз екен. Жалпы Қазақстан туралы да. Егер гуглда профилің болса, google.com/mapmaker дегенге кіріп, өз ауылыңның, қалаңның қалтарыс-бұлтарыстарын көрсетіп қоюыңа болады. Сосын маңызды деп тапқан ғимараттарды белгілеп қойсаң, қолданушылар саған “АРБ!” деп айтып жүреді🙂

Футболкаларым тағы біреуімен толықты

Футболкаларым тағы біреуімен толықты

Бос отырмай мен де Ақсай мешітін белгілеп қойып едім. Сосын “Көк базардың” ішінде шағын намаз оқитын жер бар екенін көбі біле бермес” деп, оны да белгілейін десем, Көк базарды біреу “Центральный колхозный рынок” деп жазып қойыпты. Содан оны да үш тілдегі атауын жазып, дұрыстай салдым.

  • Сонымен, елді-мекендердің атауларын қазақиландырғың келсе.
  • Шеттен Қазақстанға келетін, қалаға келетіндерге көмек болсын десең
  • Үйіңді таныстарың адаспай  тапсын десең
  • Сүйіктілеріңмен кездесетін жерді бәрі білсің десең
  • Google map-тан сол жерлерді түртіп, көрсетіп қой🙂

8 thoughts on “Google Map Almaty Party

  1. Ат салысу керек. Гауһардың сұрағы мені де мазалап отыр. “Қәуіпсіздік” мәселелері қалай шешілген екен?

  2. Бұл да барлық Web 2.0 тәрізді тәсілмен реттеледі. Яғни, қолданушылардың өздері дұрыс-бұрыстығын анықтайды. Мәселен, әрбір қолданушы модератор бола алады. Wikipedia-дағы тәрізді.

  3. Машаллаһ Рустам ,Тілек! Google-де жұмыстайтын қазақтар көп деп мақтанып жүретін болдым razz 😛

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s