Өзің де күнәһар болдың, мені де күнәһар қылдың


Ауылда Бәкеңнің балтасын бәрі мақтайтын. Қылшылдап тұрған балта Бәкеңнің ажырамас бір бөлшегіне айналған.

Шағын ауылдың тұрғындары сол балта бір күні Бәкеңнің қорасынан ұрланып кетеді деп ойламапты. Күллі ауыл болып қайғырды. Үйреніп қалған балтасы қолында болмаған соң Бәкеңнің ісі де өнбейді, қолы да жүрмейді. Қайғырып, төсек тартып қалады. Десе де түн ішінде санасын күдікті ой түрткілеп, ауылдағы күллі үйдің ауласын тінтіп шығуды ойлайды.

Алақандай ауылды бес саусағындай біледі. Әрбір үйдің бұрышы көзге таныс. Түн ішінде де сипалап жүріп, балтасын іздейді.

Бір күні түн жарымда Бәкең қарсы беттегі Тәкеңнің үйінен балтасын табады. Бөтен үйдің бұрышында сабы жылтырап тұр екен. Қолына алып, Тәкеңнің жатын бөлмесіне қалай кіріп барғанын өзі де аңдамай қалды.

Көрпе астынан көзі жылтыраған Тәкеңнің бетіне қарап Бәкең: “Әй, Тәкең! Өзің де күнәһар болдың, мені де күнәһар еттің” деп басын шайқап, балтасын құшақтап өз үйіне қарай аяңдап кетіпті…

Пы.Сы. Өмірде болған оқиға негізінде жазылды. Өткенді бір кісілермен дастархандас болып едім. Сол жерден айтылған өсиет әңгіме.

10 thoughts on “Өзің де күнәһар болдың, мені де күнәһар қылдың

  1. Әбден атыс-шабыс, қырғын-төбелес, детектив киноларды көріп жаман үйреніп қалғанымыздан болар, оқып отырып, соңғы жағына келгенде демімді ішіме тартып отыр едім. Не де болса, әңгіменің соңының аманшылықпен аяқталғанына қуаныштымын.🙂

    • Оның рас, Данабек! Балта түгілі, адам да ұрланып жатқан заманда оқиғаның немен тынарын көзге елестету де қиын.

  2. )))Менің де айтпағым сол еді. Данабек жеткізіп қойыпты. Қиялым жуйрік екен. Соңғы жағын басқаша елестетіп үлгеріп едім, ойлағаннан әлдеқайда басқаша шықты. Ауыл қарттары да болған оқиғаны эфект қосып аңыз қылып жібереді емес пе?! Сіз олардан да асып түсіпсіз! Киноға сценарий жазсаныз мықты сценарист шығар ме еді бәлкім!

  3. Сабырлылыгы мыкты екен.
    Мен ойлағанмын ең соңында Асекең үйге кіріп келеді де, атыс, төбелес короче құтқарып қалады. Сойтіп Бәкең де Асекеңде мұрат мақсаттарына жетіпті

  4. Негізгі айтпақ ойым, ұрлық жасамаған адамның ұрлық жасаушының себебінен күнәһар атанғандығы еді. Айтпақ ойым түсініксіз болып қалды ғой деймін😦

  5. Бәкеңнің күнәһарлығы – көршісінің ауласын рұқсатсыз тінткені ме, әлде жатын үйіне баса-көктеп кіріп барғаны ма?

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s