Автобустағы мысығы бар қыз


Күні кеше Қазақстан әлемде білімді дамыту бойынша 125 елдің ішінде үздігі аталыпты. ЮНЕСКО жасаған зерттеуде халықтың орта білім алуы, мектепті соңына дейін бітіріп шығуы, оқушылардың білім деңгейі негізге алынған.

Бүгін маған мынадай қызықты есеп келіп түсті.
Автобуста жеті қыз бала отыр. Әр қыз баланың иығында бір-бір сөмке. Әр сөмкеде бір-бір мысықтан отыр. Әр мысықтың жеті күшігі марғауы бар. Сұрақ: Автобуста қанша аяқ бар?
(5-сынып оқушыларына арналған есептен)

13 thoughts on “Автобустағы мысығы бар қыз

  1. …ық-ық, ЮНЕСКО оқуды есепке алды ма екен?!

    Есеп: Автобуста жеті қыз бала отыр. Әр қыз баланың иығында бір-бір сөмке. Әр сөмкеде бір-бір мысықтан отыр. Әр мысықтың жеті күшігі бар. Сұрақ: Автобуста қанша аяқ бар?

    Жауап: автобус кондукторының сөмкесіндегі “буш аяқтарын” қоспағанда 242 аяқ.

    Пы.Сы: Бесінші сыныфтың оқушылары осыншалықты күрделі есепті шеше ме?
    Жеті мырғауы бар мысықты сөмкеге салып алған жеті қыз, маған қайта-қайта уокзалда жүк арқалағандардай елестей береді. Олардың дауыстары қазақтардың “Екі жұлдыз” шоуын тыңдағандай естілетіндей. Қыздардың әрекеттерінің қылмыс екені анық. Анау-мынау емес, ұйымдасқан қылмыс. Яуны өлтіруге алып бара жатыр ғой ана мысықтарды. Тем более, кітап соңындағы көмек жауаптарында 156 маршрут аутобысы деп көрсетіліпті.

  2. Олимпиадада орын алатындардың көбі математика пәнінен, және көбі қазақ балалары болып келеді. Ал, білімді дамыту жөнінде, біздегі статистикаға сене беруге де болмайды.

    • Десе де, халықтың тоқсан пайыздан астамы оқу-сызу біледі дегендері рас болар😉
      Қазақ балалары математикаға бейім екені мені де қуантады. Бірақ сол математика оқушылар өскен соң қайда кететіні ойландырады. Ту, мақалаға арқау боларлық жақсы бір тақырып болды ғой.

  3. Есеп: Автобуста жеті қыз бала отыр. Әр қыз баланың иығында бір-бір сөмке. Әр сөмкеде бір-бір мысықтан отыр. Әр мысықтың жеті марғауы бар. Сұрақ: Автобуста қанша аяқ бар?
    1 – вариант:
    Жауап: 7 қыз * 2 = 14 аяқ,
    7 мысық * 4 = 28 аяқ,
    7 марғау * 4 = 28 аяқ.
    14 аяқ+28 аяқ+28 аяқ = 70 аяқ.))))
    2 – вариант:
    Жауап: Автобуста аяқ болмайды, 4-дөңгелек болады)))

  4. Мектеп оқулығы бойынша автобустың ішінде 14 аяқ бар екен. Мысықтар cөмкеде болғандықтан, автобус іші болып саналмайды🙂 Ал автобуста аяқ жоқ екенін Данабек айтып қойыпты! Осыдан соң, білімді елдің өрені болмай көр!

  5. оо.мен мышықтарды жақсы көрем, есептің жауабын білмим. Суреттегі мышық әдемі екен. марғау деген не?

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s