Ансармен кездесу


Германияның Аахен қаласында оқып жүр. “Болашақ” бағдарламасы бойынша.

“Стипендия жеткілікті. Сабақтан бас алмай оқу керек. Сабақтардың дені неміс тілінде, бір-екеуі ағылшын тілінде”

дейді. Оқып жүргені ғарыш саласына қатысты. Өткенде өз блогында Ансар байқау жариялаған. Жүлдегерлеріне біраз қызық кітаптар әкеліпті. Қазір Алматыда. Кейін ауылына бармақшы. Сосын Германияға кері қайтады. Ансар – қазақ блогосферасында белсенді жандардың бірі. Белсенді адамға деген көпшіліктің көзқарасы қашаннан әртүрлі болатын. Біздің блогосферада да солай. “Үш соғысты бастан өткердім. Жерден, ауадан, судан” деп өзі де осы отырыста қалжыңдап отырған. Шетте жүрген жанның сезімтал болатынын жақсы білемін. “Құдайым-ау, сабақ оқып жүргенде блогосферадағы дырдупедиялардың бәріне қалай шыдап жүреді екен деп” ойлап қоямын… Сезімді түсінбеу керек, қабылдау керек! Қашанғы қайталауға болады!
Пы.Сы. Сурет қалтафоннан түсіріліп, жолданды. Сапасы үшін ғафу етіңіз! Суретте қолына кітап ұстап отырған – Елдар. Ансар емес.

23 thoughts on “Ансармен кездесу

  1. Бақыттысыңдар ғой… :))
    Бірақ, кішкене, суретке түскенде, қыз-бала-Аңсар-қыз дегендей араласып отырмадыңдар ма?🙂

  2. Оның рас, сол жағын ескермеппіз. Мына үстелде тұрған кітаптар Ансардың Германиядан біздер үшін алып келген арнайы сыйлықтары. Тағы да тәттілері бар еді.🙂

  3. Мен керсінше, қара түсті киініп алған жігіт Аңсар шығар деп ойлаған едім бірден. Қателесіппін. Дегенмен жақсы отырыс.

    • Осы өмірі екі әріптен қате жібере береді екенмін. Дер кезінде байқап қалғаныңа рахмет, Арсик!

  4. Ақзере бірдеңеден қысылғандай болып отыр ғой🙂 Сағын уверенно отыр, Мақпал да. ана Елдос быратты танымадым, қуаныш шығар деп ойлап қалдым басында.

    адам аз ғой әлде Балдырған, Бекжан, Асхат, Айкона, Айко сияқты қазақ блогосферасының белсенді мүшелері ана жерде де белсенділік көрсетіп танцполда билеп жатыр ма?

    сондай ой келіп тұр маған. Руслан саған ше?

    Гаста, тез кел. Ақтөбеде кездесу өткіземіз. Как раз жақында Гопниктердің жаңа мәдениет үйі ашылайын деп жатыр. соған апарам сені.

  5. Аршат, сен де бір әріпті ауыстырамын деп, бүкіл есімді ауыстырып жібергенсің ба? Ол Мақпал емес, Салтанат қой…🙂

    Мен ешкімнің қысылып отырғам жоқ. Сондай момент болып қалды :р

  6. бәріне Асхат кінәлі! Сурет сапасыз және әріп қатесінен адамдарды шатастырып жатырмыз. Ақзерені точно таныдым енді, сол баяғы арық күйі🙂

    • “3. Зеренің сыртқы пішіміне, болмысына сын айтатындарды жақтырмаймын;
      4. Зереге “неге толмайсың?” дейтіндер менімен соғысқа дайындала берсін;” (с) Сатыбалды.

      :)))))))))))) Арчи дайынсың ба?

      • Құдай үшін, соғыспай-ақ, бір-екі жұдырықпен мәселені шеше салсаңдаршы😉
        Қазақ блогосферасы бір соғысты бастан өткерді. Жетер енді!

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s