“Нұр Отан” партиясының газеті шалқамнан түсірді


Шокпын. Жоқпын! Әлгінде сайттарын ашып қалғанмын. “Өрімтал” деген сөзді көріп қалдым. “Бұлар менің блогыма сілтеме қойып қойған ба?” деп ойлап қалдым. Ашып қалсам, арнайы бір айдар екен. Не ойларымды да білмеймін. Әрине, “Өрімтал” қазақтың сөзі. Бірақ қазір ол екінші атым тәрізді болып кетті ғой. Блогымдағы жазбаға біреу жиендік жасағанда да мұнша ойланбап едім… Трансқа кеттім. Партия мұндай қадамға барады деп ойламап едім😦 “Өлдің Мамай, қор болдың!” деген осы шығар!

18 thoughts on ““Нұр Отан” партиясының газеті шалқамнан түсірді

  1. 🙂 Мен де “Отан” партиясының атауына менің атымның алғашқы күйі қосылғанда дәл осындай күйде болғанмын!🙂

  2. Әрине, партия басшылығы бұндай шешім қабылдамағаны белгілі. Десе де саясаттағы бір нәрсе маған қатыстырылып жатқанына қарсымын🙂

  3. Бірдеңе деу қиын! Әйтседе, бұл сөз Сіздің блогыңыз арқылы активтенді деуге болады. Яғни Сіз бұл атауды таңдамағаныңызда басқалардың таңдауы екі талай еді. Бір өкініш…бір қуаныш…

  4. massagan!nur otandiktarga ne jetfey jasadi eken?endi kanday kadam jasamaksiz?aytkanday bugingi merekenizben!tauelsizdigmz manglik bolsin!

  5. Немістер орыс елін менің атыммен ұқсас атағанына мен де біраз ренжігем… Шамамен бесінші сынып болса керек.

  6. Асхат! Әдетте қазақта жиен нағашыға жиендік жасайтын. “Нұр Отан” нағашыңыз Сізге “жиендік” жасаған екен. Барлық табысты өзіне жапсыратын олар, қажет дүние деп “өрімталды” да жапсырған шығар…

  7. эгоист екенсің, қазақтың баршаға ортақ сөзін жалғыз өзің иемденіп алып🙂
    менікін айтсайшы, атам марқұм ешкімде жоқ ерекше ат қоямын деп қойған екен атымды Аршат деп. сөйтсем Аршат деген музыкалық топ бар екен. Петропавлдық бір студент қыз инеттен телефонымды алып алып, мазалап звондаған кезде білдім. кейін сайтымның статистикасын қараған кезде білдім, жұрт солай іздеп келеді екен “Аршат тобы” деп. қызық болып қалдым, бірақ ана екі орыс жігіт Уматурман деген топ құрды ғой, мен де солай ойладым біздікі де солай шығар деп🙂

  8. Өрімтал, сайттың сол бетінің сілтемесін жіберші………… жыртып-жыртып тастайық..!

  9. Өрімтал – қазақтың әдемі сөзі. Жақсы жерде қолданыла берсін. Кең болсаң кем болмайсың.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s