Қазақтың баласы


Мен Метью Ладжоймын. Қазақстанда Ақтөбеде дүниеге келдім. Он жастамын. Өзіме кішкентай қарындас асырап алу үшін Қазақстанға барғанымызға қуаныштымын. Мен Синди мен Доминик Ладжойдың ұлымын. Джош және Кэнни есімді екі бауырым бар. Лего, компьютер ойындарын, таэквонданы және мектебімді ұнатамын.
Метьюдің блогынан

15 thoughts on “Қазақтың баласы

  1. Құрметті де ”бауырмал” қазақтар-ай. Осындайды көре тұра, балаларын сыртқа сата тұра ‘бауырмалмыз’ деуге қалайша дәттері барады?

  2. Осы тақырыптағы бастамаларыңыз жақсы көрінеді. Сондайлардың басын біріктіріп, бір оңтайлы жоба жасақтаса, бауырларымызға қазақша үйретсек…😉

    • Негізі БҰҰ ның Балалар конвенциясы бойынша әрбір бала өзінің туған тілін білуге хақысы бар. Сондықтан америкалықтар әдетте, асырап алған балам кейін мені сотқа бермесін деп, кішкентай кезінде оларға қазақ тілін үйретуге пейілді болады.

  3. менің естуімше, бізде 6 мыңнан астам бала шетел асып кеткен. халқы көп қытайдың өзі балаларына мұншалықты тасбауыр емес

  4. Өткенде Сиетлде (АҚШ) , анығы сондағы университетте халықаралық бір жиын болған екен, сонда жүрген менің танысым қазақ балаларын көрдім, тіпті қазақша көйлек те киіп алыпты деді. Бір кішкене қыз танысымның жанына келіп: “Карта бар ма?” депті, сонда танысым: “Әрине” деп, сол жердегі бір картаны көрсетсе керек. Ана қыз картадан Алматыны тауып алып: “Мына қалада мен дүниеге келдім” депті. Кіп-кішкене болып алып біледі. Шынымен аұыштықтар осындайда мықты!🙂

    • Нью Йоркта болғанда Бруклиндегі Қазақстаннан асырап алған бүлдіршіндерге арнап өткізілетін қазақ тілі курстарына қатысқан едім. Сол кезде кездесіп едім, іні қарындастарыммен. Қызыққандар үшін сол туралы мақалам мына жерде.

  5. Менің түсінбейтінім, шетелдік бала асырап алушылар асырап алған балаларына ашық түрде асырап алғанын, туған жері қай ел екенін ашық айтады. Бұл әрине жақсы. Бірақ, үлкейгенде кетіп қалмайма деп ойламайма екен.Ал бала өскен соң не деп ойлайды екен өзін сатып жіберген біздің ел туралы. Өзін қазақ ретінде білуі мүмкін. Бірақ ана тілінен, дінінен айрылады. Әрине оларды басқа наным-сенімде тәрбиелері даусыз…

    • Америкалықтар балалары үлкейген соң, өздері-ақ, “ақ жол тілеп” үйлерінен шығарып салады. Оларда біздікіндей туыстық институт жақсы дамымаған.

  6. Бізде меценат болу, бала асырап алу мәдениеті қалыптаспаған сияқты…. Көбіне өзім үшін, сауап алу үшін жасайтын сияқты…
    Шет елдегі балалар бақытты деп сенгім келеді…

    • Перьмдегі өрттен қазақ болғандардың балаларын асырап алғысы келетіндер саны қазір Ресейде көбейіп жатыр екен. Бұйыртса, Метюдің блогын тұрақты қарап тұрып, сол арқылы шетелдегі қазақ балаларының америкаланған көзқарасын қадағалап отырмақпын.

  7. balalar uinde kozderi moliip oskenshe otbasynda osed
    bizde shynymen mecenattyq joq
    al myna balalarda arine tarbie basqa bolad..
    kein ozderi biled
    tandau erkileri bar bolad
    esh mumkindigi joq bop oskennen gori, tandau erki bolatyndai mumkindigin tudyrgan amerikandyq azamattarga rizamyn

  8. сатқан деген аты жаман. әйтпесе, өзіміз дұрыстап тәрбиелей алмайтын балаларды егер жағдайын дұрыс қылатын болса шетел азаматтарына берген дұрыс. себебі, онсыз да ата-ана мейіріміне зәру жазықсыз ботақандар өскенде ұры болайын, сотқар болайын, үйсіз-күйсіз жүрейін, кісі өлтірейін, жезөкшелікпен айналысайын демейді ғой. осындайдың алдын алмайтын болсақ, шетелге берген дұрыс…

  9. …Бір күдік бар ішімде. осы блогты шынымен Мэтьюдің өзі ашты ма екен деген…

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s