Қашып кеткім келді


Қашып кеткім келді. Таулардың арасына. «Тәжікстанға барасың ба?» дегенде ойланбастан кеттім. Тіпті қанша күнге баратынымды да, не үшін баратыным да бәрібір еді маған. Бәрінен безіп кеткім келді. Тіпті жаңадан тұрған жұмыстан да мені шығарып салатынын түсіндім. Сонда да маған өзімді түсіну үшін алысқа, бөтен ортаға барып тығылу керек болды. Мәселе, тіпті, әкемнің таяудағы қазасына да байланысты емес. Өзіме байланысты. Ер жету мен есеюдің сызығын кесіп өтіп, қимай-қимай артыма бұрыла беретіндігімде. Осы уақытқа дейін менімен бірге ішімде өріліп өсіп келе жатқан нәзіктігімде. Көңілімнің айдынына батып кете бертіндігімде.

Бұрын адамдарға сенетінмін. Бәрібір «өзге адам сені өзіңдей түсіне алмайды» деген рас екен. Адамның сенімі тұрақты емес. Сондықтан пендеге мүлдем ұзақ үміт артпау керек екенмін. Тек Аллаһқа ғана.

 Мен өкінбеу керектігін біле тұра өкінетін сияқтымын.

Кейбір адамдар бар сезім туралы сөздерді түсінбейді. Соларға қызығатынымды да жасырмаймын. Маған олардың өмірі сұр түсті сияқты. Жүректеріндегі талшықтары қалың болып, сөздің сыбдырынан діріл қақпайды. «Түк те етпейді» деп қолды сілтеп жүре береді. Қашып кеткім келді. Бірақ қайтып келуім керек. Онсыз болмайды. Бәріміз де қайтып келушілерденбіз!

12 thoughts on “Қашып кеткім келді

  1. Менде безип,баска бир жакка кашып кетким кеп жур.Тенизге!Осылай ойланып отырып сиздин жазбанызды окыдым.Менде казир сенимди жогалттым.Ия тек сенеримиз Аллах кана екенин умытпайык!

  2. Адамға сенген мұрттай ұшады деген бекер емес қой.

    Өмірде мұндай кезеңдер болып тұрады. Маңыздысы, сол сәттен сабыр сақтап, ұтыспен шыға білу.

    Сізге әрқашан да сәттілік!

  3. Шыда, шыда,
    Шыдай түс, шыда тағы!
    Шыдамдыны мына өмір ұнатады.
    Үміттің құлан иек құба таңы
    Әйтеуір, бір атады, бір атады.
    Өкінбе,өкпелеме
    Бүгініңе
    Өмір, өмір!
    Болмайды түңілуге.
    Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,
    Қайта тұрып қақың бар жүгіруге.
    Түсінемін жаныңның ауырғанын,
    Шыдадың ғой, шыдай түс, дамылдағын.
    Иогтардың тәсілін қабылдағын,
    Басқасына бас ұрып табынбағын.
    Шыда, шыда
    Шыдай түс, тағы шыда,
    Тау құлатқан тасқынның ағысына.
    Кір жуытпай кіршіксіз намысыңа,
    Қарысуға болады, алысуға…
    Мұқағали Мақатаев

    http://ainameken.wordpress.com/2009/10/04/%D1%88%D1%8B%D0%B4%D0%B0/

  4. Асеке Асқар таудай әкеңіз жайлы енді естіп біліп отырмын қайғыңызға ортақпыз

    Әьзамәллаһу әжракә, уә әхсәнә ьаза әкә уә ғафәра лимәиитик

    Асеке қашып қайда барасыз.
    Ат айналып қазығын табар.
    Анда – санда өкініп тұрғанда дұрыс, өткен кеткен қателерді түзеп тұру үшін, ал сезім жайлы үйленгенде түсінесіз.

  5. Жан дүниенің құлдырау кезеңі дейме мұндайды. Расында да кейде бар таныстарды көргің келмей, бөтен жаққа безіп кеткің келетіні рас. Өзіңіз айтқандай қайтып келуге тура келеді…
    Тәжікстанға барып, ойыңызды басқаға бөліп, жаңа леп, жаңа күш жинап қайтыңыз деген тілек қана біздікі.

  6. нәзіііік жанды, анығы сезімталдығы ерлікпен (нағыз ЕРЛІКПЕН) ұштасқан азаматтарды өте сыйлаймын. Олардың өзгелерден бір айырмашылығы, оларда ауыратын жүрек, алаңдайтын көңіл бар.🙂

    Шаханов өлеңінде жолдар бар ғой:
    “..Жүрегі жоқ адамдардан қорқамын” деген, сол секілді “жүрегінің талшығы қалың” адамдардан шынымен қорқамын. Өзінде жоқ нәзіктікті басқадан қалай көрсін, көрсе,қалай бағаласын, қалай түсінсін?

    сол себеп сондайларға қызықпаңызшы!🙂

    ар – намысты аяқ асты қылмай, сақтап қалу қандай ерлік болса, бойдағы нәзіктікті сақтап қалу да сондай ерлік.

    З.Ы. өзге ел, өзге жер сізді бізден жасырып тастады ғой!

    өз өзіңізді түсініп, танып, ашылған көкжиегіңізбен аман-есен оралыңыз!

  7. Кеше ұшақта боьлдым да, блогтағы пікірлерді жариялай алмадым. Кечріп, қойыңыздар! Бәрі де тип-топ болады!

  8. Мен 2 жыл “қашып” жүріп, қазір бауырымның жанына келіп тыным тапқандаймын.
    Мүмкін, бауырларыңды сағынған шығарсың?)
    Бір-екі ай ауылыңа барып қайт деп кеңес берер едім саған.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s