Тәжікстанға да ат басын бұрдық


Душанбе көшесі

Душанбе көшесі

Душанбе дегеніміз – дүйсенбі. Қазір Тәжікстандағы “Digital Youth” атты жаңа медияға қызыққан жастардың басын қосқан конференциядамын. Бірер минуттан соң, moblog.kz қалтафонға арнаған ресурсты таныстырмақпыз. Қырғызстаннан келген таныстарымды да көріп, қуанып қалдым. Күн кішкене суық. Әлі қар түспеген. Кеше қаланы біраз араладым. Душанбе мұражайына бардық. Мен тоқтаған қонақ үй өте салқын екен. Бір адамдық дейді.
Душанбедегі жаңа құрылыстың бірі

Душанбедегі жаңа құрылыстың бірі

Бірақ екі үлкен бөлмесі бар. Алматыда мұндай бөлмеде тұратын болсам, әкесінің құнын сұрар еді. Бөлмелерде батарей (паровой) жоқ. Түнде тоңып, ұйықтай алмадым. Қонақ үй бөлмелері кондиционермен жылытылады екен. Бірақ бөлмем жылымай қойды. Қырғызстаннан келген достарым: “Қайта қонақ үйде ыстық су болғанына қуан. Ыстық суды қыста ғана қосады” дейді. Шүкір дедім. Жалпы қонақ үймен ғана кішкене кілтипан туды демесем, жалпы алғанда ұнап жатыр. Адамдары жақсы. Кешелі бері Қазақстан туралы жылы-жылы сөздер естіп жүрмін. Айтпақшы, бір баланы кезіктірдім. Есіму Вафу ғой деймін. Сол КазАТК ның дайындық курсында бір жыл оқыпты. Алматыда өткізген, қызыққа толы бір жылын айтып тауысар емес. Мүмкіндік болса, қалғым-ақ келді дейді. Мүмкін біреулер оны танитын да шығар. “Кафеделияда” охранник болып жұмыс та істепті. Бүгін презентациялар басталды. Бұларды жаңа медияны тәжік тілінде дамыту жағы қызықтырады екен. Егер, бәрі жақсы болса, “Қазақ тіліндегі блогтарға” қатысты ойларыммен де бөлісерімін. Әзірге мешіттерін көрмедім. Біз отырған жерде жақын жерде бар деген. Есесін, мұражайда Нирвадағы будданың мүсінін көрдік. Тарихтары бойынша бұл өлкеде кезінде Буддизм өте күшті дамыған екен. Бірақ қазіргі халқының барлығы дерлік мұсылман.

12 thoughts on “Тәжікстанға да ат басын бұрдық

  1. Қызық екен, Душанбенің Дүйсенбі екенін білмеппін. Логикаға суйенсек расында да соған келеді екен ау!

  2. Menin kezinde Kuran kurste birge okygan Tajik bir dosym bar edi aman aman esen bolsa osy Dushanbede boluy tiis esimi Husneddin Ihsan🙂

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s