Есеп және бір


Атыраудан келдім. Трениг өтті. Он беске жуық қатысушылар жиналды. Құрбан айт екеніне, демалыс екеніне қарамастан, осы тақырыпқа қызуғышылық танытқандарға рахмет. Атырау ұнады. Тап-таза. Әдемі екен. Күн райы да жақсы болып тұрды. Атыраулықтар: “Сіз жаңбырлы кезде келмегеніңіз жақсы болған екен” деп жатты. Жаңбыр жауса, ми батпақ болады екен. Мешітті көрдім. Исатай мен Махамбеттің ескертіші де сол тұста. Жандоспен кездесудің жолы түспеді. Бірақ ойламаған жерден Naqirus-пен жүздестік. Адам сенбес оқиға ғой деймін. Бірақ рас. Танымы терең азамат екен! Ол атыраулық екенін де білмеппін.

Кеше Алматыда інімнің әскери ант қабылдау салтанатына қатыстым. Алматыда күн жаңбырлы болды. Сенесің бе, қарашаның соңғы күндері жаңбырлы. Абай атамыздың “желтоқсан мен қараша сол бір екі ай” дегеніне өзгеріс енді. Сарбаз қатарына қосылғандарға әскери әмірдің барлығы қазақша берілді. “Есеп. Және. Бір” дегендерін түсіне алмай біраз басым қатты. Әртүрлі пәлсапалық ойлардың жетегіне еріп, ұшын таппадым. Кейін інімнен сұрасам: “Счет и раз” екен🙂 Қандай аудармашы аударып, қазақ әскерінің абыройын түсіріп жүр екен деп ойладым… Күйініп кетті. Тек оған ғана емес, сонымен қатар “Шаншарда” жарқырап жүрген Нұржанға қатысты даудың да шетін естіп түңілдім. Эххх, оптимизм керек болып тұр қазір. Солай… Алматыға қайыра келдім.  Менің есеп және бірім басталды!

Пы.Сы. Қызықтың көкесі ұшақта болды. Атыраудан түнде ұштым. Қасымда бір кісі отырған. Сөйтсем,  Малайзия азаматы болып шықты. Келгенше Малайзиядағы қызықтарыммен бөлісіп, екеуміз бір серпіліп қалдық. Ол алты ай осында жұмыс істепті. Әр алты ай сайын келіп тұрмақ.🙂

10 thoughts on “Есеп және бір

  1. “здравие желаю” дегенді “саулығыңызды тілеймін” деп аударғаны жақсы, ұнайды🙂 айтылуға да жеңіл сияқты :))

    • Әскерилер үшін меніңше сөз емес, бұйрықты әдемі орындау үшін сөздегі буын маңызды сияқты. Саулығыңызды тілеймін деген жақсы аударма. Бірақ сарбаздар бәрі бір дауыспен көп буынды сөзді айтуда қиналып қалмас па екен🙂

  2. Атыраудан Ақтөбе ат басын бұрмадың ба, Асхат… Біздің Құрбан айтқа келер едің…

    Әскери бұйрықтар қысқа, нұсқа болғаны дұрысырақ. “Құп болады!” деген секілді…Осындай бұйрық бар ма еді, осы?

  3. “Айғырға мінген тентектерден” басқа жерлерде болған жоқсыңдар ма? Қазір жақсы мезгіл, маса да жоқ.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s