Әкеммен қоштасу


… Өмір заңы солай ғой. Бәрі де қонақ. Әкешім де қонақ болды. Аллаһ тағала өзі берген жанды өткен аптаның бейсенбісінен жұмаға қараған түні қайтарып алды. Жұмыста едім. Көкем хабарласты “Әкеңнен айырылып қалдық-ау…!” деді.
Билетті қалай алғаным, пойызбен Жезқазғанға қалай жеткенім қазір есімде де жоқ. Пойыздан түсе салысымен туғандар қаумалап алды. Бірден мешітке келдік. Жаназасын шығаруға дайындық жүріп жатыр екен. Жиналғандар келіп, құшақтап көңілдерін айтып жатыр. Бірін танимын, бірін танымаймын. Кейбіреулерін кішкентай кезімде көргенім еміс-еміс есіме түседі.
Қабірстанға бардық. Қазып қойған екен. Сұп-суық топырақ.Бұрындары ауылға барғанда анам мен ағамның басына әкеммен бірге еріп барып тұратынбыз. Енді сол бейіт тағы бір төмпешікпен толықты. Әжем айтпақшы: “Отбасына барып қосылды ғой” дейді.
Осылай. Аллаһтың сынағы! Бұның бәрін жазбас та едім. Хабарласып, іздеп жатқандар көп екен. Көңіл айтып жатқандардың бәріне рахмет. Мүмкін болса, әке-шешелеріңнің көздерінің тірісінде оларға адал қызмет етіп, ризалықтарын алыңдар деймін.
… Аллаһ Тағала сабырдан айырмағай!

37 thoughts on “Әкеммен қоштасу

  1. Jatqan jeri jannatta bolsyn arty kaiyrly aldy imandy bolsyn:-( Siz jok bolyp ketken song syrkattanyp kaldyma dep oylap e-poshtanyzga xat jazyp edim bolgan jagdaidy tusinbey kalganym ushin ozinizden keshirim otinem😦

  2. Е, өмір-ай. Адам болғаннан соң күлдіріп келіп, жылатып кетеміз.
    Иманы серік болсын. Ағайын туыстарыңызға Аллаһ сабыр берсін.

  3. расында – “келу бар болса, кету да бар”. иманды болсын.. жақындарына сабырлық пен амандық тілеймін.

  4. Мен сіздің Едукэмп пен Авардтың жұмыстарымен қолы тимей жүр ма деп ойлап едім…
    Өкінішті, арты қайырлы болсын! Сіз де сабыр болыңыз.

  5. Толстой айтады ғой “бәріміз әу баста-ақ өлім жазасына кесілгенбіз” деп. Қазаның арты қайырлы болсын! Бекем бол!

  6. Туу, аға! Осы хабар өтірік болса екен деп тілеп едім. Блогтың да жаңармағанынан ішім де жамандықты сезіп еді.Тағдырға қарсы амал бар ма? Қазаның арты қайырлы болсын.Аллаһ Сізге ұзақ өмір берсін!

  7. Оған иман, саған сабыр берсін деп тіледік. Арты қайырлы болсын.

  8. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!

  9. кайырын берсін!
    өмір заңдылығы алдында адамзат шарасыз ғой.
    Аллаһ Тағала сабырдан айырмағай!

  10. Akenizdin arty kaiyrly,Jany jannatta bolsyn. omir zany goi.otken jeksenbide menin de nagashym kaitys boldy degen habar keldi. alysta jurgen son,kozinmen kormegen son ilanbaidy ekensin. barsam ali de jadyrap karsy alatyndai…

  11. Акениздин арты кайырлы болсын! Жаткан жери жайлы болсын! Алла сиздерге сабырлык берсин.

  12. Жылап келген адам жылап отеді,
    Куран менен дуга онын отемі.
    Калгандары аман журсін сонында,
    Жарык болсын акеніздің мекені!

    Кайгынызга ортакпын, Асеке!

  13. Жаткан жер1 жарык, иманы сер1к болсын!
    Казак “Болган 1ске болаттай бол” деген гой, Асхат, кайырын берс1н.

  14. Қайғыма ортақ болып, көңіл білдіргендеріңізге рахмет. Аллаһ тағала сіздерге екі дүние жақсылығын беріп, Аллаһ ризалығы мен ата-аналарыңыздың да ризалығын алуды нәсіп етсін. Бәлкім сенбессіздер, алайда сіздердің әрбір тілектеріңіз қиналғанда менің жаныма шынымен де демеу болды. Бұл жазбаға пікір қалдыруды осымен тоқтатуды жөн көрдім.

Comments are closed.