Намазхандар жиі ажырасып жатыр…


Өкінішті жайт. Мешітте болған уағызда имамның өзі осы бір сөзді айтты. Некелескендердің көпшілігінде ажырасу көп. Оның ішінде талақ ету намазхандар арасында жиі. Имам қандай статистикаға сүйенгенін білмедім, бірақ өз айналамдағы достарымды қарасам, ажырасып үлгергендер баршылық.

3222195246_2a26f66609Әдетте бұл тақырыпты өз арамызда көп талқыламаймыз. Бірақ жеке дара қалғанда сөйлесетініміз бар. Басты себеп – түсінбестік дейді. Сонда «Діні қайда?» деймін ғой. «Орамалы бар, діни білімі бар емес пе еді?» деп таңданамын. Сөйтсем, ол бастысы емес деп үнсіз қалады бауырларым.

Сонда не маңызды? Діни ақидасы? Ахлақы?

Әрине, кез келген жағдайда кінә екі жақтан болады. Десе де мұсылманшылығын толық ұстануға тырысып жүргендердің, имани отбасы құра алмауының сырына терең үңілу керек. Бізде осыған қатысты мұсылмандардың отбасын қарастыратын әлеуметтік зерттеу орталықтары да жоқ. Қазір діннің рөлі қоғамда айқын көріне бастаған тұста, қоғамдық инстиуттар да осы салада жұмыс істеуі керек қой. Әйтпесе, бұның себебі діннен бастап, дүниеге дейін жалғаса береді. Аллаһым, үйленгендердің отбасын берекелі ете гөр!

Суретте Бруней мұсылмандарының неке рәсімі. CC cpsbrunei Flickr қолданушысының мұрағатынан алынды.

Advertisements

22 thoughts on “Намазхандар жиі ажырасып жатыр…

  1. menin oiymwa kazir dini adam bolu sandi, neke kiu da sandi dunie sekildi… okiniwti… kunine 5 ret nazam okygan adamnyn bari musylman bolyp ketpeidi goi, sol sekildi nekesi kiylyp paida bolgan otbasylardyn bari de dinge berilgen otbasylar emes… mysal aitaiyn desem osek bola ma dep korkam, sol sebep undemein 🙂
    Islamnyn ozi myn da bir turli bolyp ketti. Akem bir kuni poezda ketip bara jatsa, plackart bolgan goi, bir jas jigit sekirip minip jerde ak namazyn okyp jatyr deidi, akemnin ozi dindar bolmasa da namazdy taza jerde, daret alyp bolgan son oku kerek ekenin biledi. managy bala okyp bolgan son akem aitkan goi: balam, munyn kalai? bulai jasauga bolmaidy! dep, jigit bastysy niet dep uiretti bizdi degen eken! sol uiretken adamnyn sauattylygynda kumanim zor, sondai `danywpan` musylmandar kobeip ketti goi… :((((
    korkynywty!

  2. Сөзіңнің жаны бар, Айжан! Діни білімнің әлсіздігі болып тұр… Десе де жастардың дінге деген ниеттері жақсы. Ең бастысы, дұрыс діни беретін жерлер көп болса ғой дейсің… Қазір біз исламның қайта түлеуін көріп жатырмыз. Сондықтан мұндай проблемалардың болуы заңдылық тәрізді. Тек соны шешу жолдары кешеуілдемесе екен дейсің…
    Пойыздағы намазханға қатысты. Көп балалар, жолда жүргенде сапар намаз оқу керектігін біле бермейді. Кейбіреулері намаз оқу үшін астыңғы орынды сұрауға ұялады. Тіпті, тамбурға барып оқитындар да бар…

    • dindi ne kural dep korip, maksattaryna jetu uwin koldanatyn adamdardyn da paida boluy abden mumkin goi…sol uwin bakylau kajet sekildi, kontrol bolmasa koptegen maseleler paida bolady dep oilaimyn…
      otbasy kuru kiyn goi, bir kitapta aiel boly-jumys dep jzylgan eken, wynymen solai bolyp tur. otbasyny saktap kaluda, mamam, aieldin roli manyzdy deidi, kundelikti enbekpen gana onegeli otbasy kuruga bolady.

  3. Арнайы психологиялық, әлеуметтік зерттеу жасайтын арнайы орталықтар қандай да діни нанымына қарамастан ашылу керек. Үкіметтік емес ұйымдардың жасап жатқан азды әрекеттері қай жыртығымызға жамау болсын.

    Мұсылман болса да адам. Адам дегеннің өзі қателесуші ғой. Ажырасу Аллаһтың ұнатпайтын істерінің бірі дейді ғой. Бірақ екі басы бір қазанға сыймаса, не амал.

  4. Меніңше мұсылмандарда 3 рет көріп, кейін үйлену деген дұрыс емес. Адамды кемінде жарты жылдай жүріп, көріп, білу керек деп ойлаймын…

      • Кешіресіздер қателік бұдан емес егер екі жас бір біріне Алла разылығы үшін қосылса онда ешқандайда проблема жоқ 3рет көреме 2рет көреме
        Ал Исламда Әйел адамға көөөөөп етіп дәрежесін көтерген және сол дәрежесін көтере алмай мансапқұмарлыққа и тәкәппарлыққа берілген әйел семьяны ажырасуға алып келеді немесе сол Әйелдің хақысын өтей алмаған еркек…….

  5. Al men Akzeremen kelise almaimyn! nege? sebebi, masele uw kezdesude gana emes koi! buryndary babalarymyz kormei ak otau tikken, tuk emes, urpak osirgen, biz bar bolganymyzga karaganda, tarbie bergen, salt-dasturimizge koz salsak jaman tarbie bermegen uksaidy,birak ajurasy maselesi jok sekildi, kem degende derekter jok. ozim bolmady dep senem!
    menimwe ajyrasudyn sebepteri munda emes, sebebi bir adammen 36 jyl tanys bolyp, neke kisan da ajyrasudan kepil bola almaidy! muldem!

    masele uw kezdesude bolsa nege adamdar 25 jyl nekeden kein de ajyrasyp jatady…

    masele adamzattyn basty jauy bir satke de dem almai oz isin atkaryp jatyr!

  6. …Ешқайсыңмен де келісе алмаймын!
    Үш көргеннен үйлене салсын, үш жыл «әмпәй-жәмпәйден» кейін отбасын құрсын – бәрібір, ажырасу қазірде өте көп. Демек, мәселе, тек дінде емес!
    Сөз жоқ, исламдық фактор, отбасы институтында мықты модельдеуші болуы керек шығар. Бірақ, біздегі дінге бет бұрғандардың, біздің жағдайымызда жастардың, нақты діни негізі жоқ. Яғни, кәнігі кішкентайынан қалыпты құбылыс санамайды дінді. Сол себепті, коп жағдайда, радикализм болмаса да, фанатизмге бой алдырып жатады жастар. Бар гәп осында шығар, фанатизм ішкі әлем мен сыртқы фактордың арасындағы шекараны ажырату қасиетінен айырады адамды…
    Не пайғамбар құсап, не сахабалар құсап, әйеліне әмір еткісі келетіндерге, әуелі өздерінің сол сахабалардай болып алуын түсінуі керек…
    Алған жарларынан сол тәмсілдерде айтылатын білімді талап етудің өзі ақымақтық екенін түсінулері керек, өздерінің әйелдерінен нені мейірімді талап етсе, өздерінің одан екі есе мейірімді болуын, білімді талап етсе, одан екі есе білімді болуын, тақуалықты талап етсе, екі есе тақуа болулары керек. Саит Бурятскийдің лекцияларын тыңдап алып, порожняк қуа бермей!

  7. Мемлекет дегеніміз – зайырлы ұйым дегенді діндарлар да, оларды қолпаштаушылар да дұрыс түсінбесе керек…
    Ант су ішкізіп керек емес еді… Мешіттің тек жүз пайыз тазарғанда баратын орын болып, санамызда қала бергені дұрыс еді…
    «Ақша – Африкада да ақша!». Рахметжан көршім, Шалқар қаласы,Бершігүр көшесі, 21 үй.

  8. Көп жағдайда исламның насихаттайтын басты нәрсесі сабыр жетпей жатады, оның үстіне екі жастың қарым-қатынасын нашарлататын көлденең жайттардың (өсек, жала т.б.) жиі кездесуі.
    Негізі жарды Алла беретінін ескерсек, онда ол саған бар кемшілік-артықшылығымен бұйырған. Таңдау жасар алдында әрбір адам оны біліп-сезеді де тәуекелге саналы түрде барады, артынан онымен келіскісі келмей теріс айналып жатады, ол да сабырсыздықтан

  9. Жақсы адамға тап келу біржағынан сәттілік қой. Бір кісіні қанша танимын дегенмен, бір үйде тұрмайынша толық тану қыйын.

  10. Дін деген үлкен бір әлемгой! Мен көп нәрсені тусіне бермеймін. Мыс, менін бір жакын құрбым бар. Ұлты турік. Алты жыл араб мектебінде оқыған. Исламнын қағидаларын бұлжытпай орындаушылардың бірі десем қателеспеймін. Менің бір тусінбейтінім ол ер жігіттермен дос болмайды. Бірге бір дастарханда отырмайды.Отырмак тугілі, тіпті сөйлеспейді. Сонда ертен қалай жанұя құрады? Исламда қыз баланың негізгі міндеті ана болып, бала сую емес пе? Екінші әрине намаз оқымасамда мұсылманмын деп санаймыз гой өзімді. Менің білуімше намазды таза жерде оқу керек сияқты еді… Ол қыз көшеде кетіп бара жатып, кафелерге кіріп, оқи береді. Ол жер арақ. шарап бар, жын ойнақ жер емес пе? Ол бастысы ниет деп тусіндіреді. Және біздер пісіретін жеті күлше құдайы нанды да жемейді. Тук тусінбеймін!

    • Islam bir ulken ashana siyakti. Ol ashanaga kelgen arkim ozinin askazanina / kalauina karay tamak aladi: bireui sorpa, bireui balik, bireui tauik degendey. Sonda bireudin ‘men jep jatkan tauigimdi almay nege balik jeysin’ deui duris bolmas. Manizdisi barinin sol bir ashanadan tamaktanui, karnin toydirui goi. Bireuge tauik jagadi, bireuge balik.

  11. Дегенмен Ислам және Отбасы жайлы көтерілген бұл мәселе әлі де жалғасын табады деп сенемін. Мұнда келтірілген және айтылған пікірлер әр түрлі екен и әртүрлілік әр салаға жетелейді. Мұсылман мұсылманның айнасы емеспе оданда бір біріміз үшін дұға етіп. Пайғамбарымыздың с.ғ.с. салған сара жолымен жүрейік.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s