Нұреке, сізге айтамын…


… Бәлкім сіз сенбессіз. Бірақ өзгелер Русланнан үлгі алуы керек тәрізді. Кәдімгі өзіміздің Русланнн ше. Кеше жұмыстағы қарбалас арасында Ақзере қоңырау соқты. «Жиналып жатырмыз. Келіңіз» деді.

Medianet 021Бұл уақытта көшедегі көлік кептелесін ескеріп, жаяулап тарттым. Жол бойы

«Егер Русланның өзі телефон шалмаған болса, бір себебі болған-ау, бәлкім, ол терминаторлардың бірі болар»

деген ой келді.

Көшенің қалтарыс, бұлтарыстарымен жүріп, Неке сарайында да жақындадым. Соған қарсы тұрған Тереза деген сөзі бар әдемі мейманхана екен. Бұрышта үшеуі отыр. Мен кем дегенде он шақты блогшылар жиналап, гу-гулетіп жатқан болар деп ойлағанмын.

Руслан күлді. Ақзере мен Балдырған орындарынан тұрды. Біртүрлі ұялып кеттім. (Жасұлан, қолдарынан ұстаған жоқпын 🙂 ) Руслан әңгіме тиегін ағытып отыр екен. Борандатып келген мен, салған беттен өзімнің баяғы бір қызықсыз концепияға толы тақырыптарымен шайды суытып жібердім ғой деймін.

Medianet 024Құдай сәтін салып, кешікпей Асқар да келді. Гаста ше. Иә, оны да көретін көзім бар екен. Дәл қасында отырдым. Сосын Рауан келді. Маған басында Оралдан келеді дегенге. Бұл кім болды екен деп ойласам. Біздің блогтарды RSS қосып қойған бірақ көп пікір қалдырмайтын, менімен бірге Бішкекке барған Рауан екен. Общым, пиццалы кездесу болды. Айтпақшы, Русланннан үлгі алу керек дейтінім. Ол өзгелерге үлкен өнеге, тіпті, бір игі дәстүрдің шетін шығарып, Алматыға Ақтаудан келіп, кездесудің жолын салып кетті. Нұреке, біз заң туралы көп сөйлескен жоқпыз. Құдай ақы! Интернетті арамдау ешкімнің ойына да келіп шыққан жоқ.


Advertisements

23 thoughts on “Нұреке, сізге айтамын…

    • терминатор деп жөндеп қойдым. Ерлан Оспан бір сөзінде IT саласының мамандарын солай айтып еді. Себебі олардың терминмен сөйлегендерін түсінудің өзі мұң. Көңіліме қонған сөздердің бірі болған соң қолдандым 🙂

  1. Біз де осы сіздің алдыңғы жазбаңызды оқып, дистанция сақтауды жөн көрдік.. 🙂
    Кездесуге келгеніңізге рахмет! Бірақ әдеттегідей сіздің блогосфера жайындағы үлкен жобаларыңызды ести алмай қалдық ))

    • Бәлендей жоба да жоқ. Жай ойларым ғой. Мені түсінетін өздерің ғой. Сондықтан осындай кездесулерді күтіп жүремін. Сондай кезде бөліспесем, ойларым көбелектей ұшып кететін сияқты.

  2. Гастарбайтер ұялшақ бала шығар я? Бірақ, мен білсем, ешкімге сөз бермей, тек өзі сөйлеген болуы керек… Анау солай де форумында бәрі оны ақылды, көп білетін, көп сөйлейтін білгір адам ретінде танитын сияқты еді… Неужели Гастаның дәл қасына қонып отырдың, ә?!?! Асқар мен Салтанат салтанат сарайының қасында ақыры танысуында үлкен бір гәп бар десем, аты аталғандардың жыны шыға ма, жоқ па? Әліптің артын бағайық… 🙄

  3. Нұрғисаның блогына сол үшін күніне 5 рет кірем… Себебі, жазған пікіріңді жауапсыз қалдырмай, әп-әдемі пікірталаса біледі. Сенікі дұрыс, деп келісе беретіндерден сақтасын құдайым.

    Айтпақшы, таз таранам дегенше той тарқайды демекші, мен отырыстың аяғында келген едім, Асхаттың мейірімділігіне риза болдым, қап веб камерам болмай тұр, әттең әдемілеп пародия жасар едім Өрімталға.))))
    Өзіңе мүлде ұқсамайтын адаммен тіл табысу қиын деп кім айтты?????

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s