Айтпасқа болмады


кездесуЕкеуміз Сейфуллин мен Бөгенбайдың қиылысында кездесеміз деп келістік. Поштамдағы чатыма: “Он бес минуттан соң боламын. Құстай ұшып барамын” деп хат қалдырды. Уақыт болды-ау дегенде уәделі жерге шықтым. Көрінбейді. Телефоным шыр етті. Қабанбай мен Бөгенбай көшелерін шатастырып алыпты. “Көлігіңмен төмен қарай түс” дедім. Бес минуттай уақыт өтті. Телефоным тағы да белгі берді. Айналама қарасам, көшенің арғы бетінде тұр. Үстіндегі пальтосы өзіне сондай қонымды. Мені көріп, қуанғаны алыстан ақ байқалып тұр. Құшағын ашып, маған қарай жүгіріп келеді. Келді де, құшақтамаққа ұмтылды… Аң-таңмын. Эмоциясын жасыра алмайтынын бұрыннан білетін едім. Өткендегі бір аударма үшін қағаздарын көрсетті. Қол қойдым. Рахметін жаудырып, өз шаруасымен кетті.

Жұмысқа келген соң, бірінші кезекте оған хат жаздым.

“Кешір, Света! Менің дінім, қыз балалармен құшақтасып та, сүйісіп те амандасуға рұқсат етпейді. Достарыма алдын ала ескертуші едім, саған айтуды ұмытыппын :)”

Кешке қарай Светадан хат келді: “Құдай-ау, ертерек айтпадың ба? Сені көптен көрмеген соң, қуанып кеткенім ғой. Әлі эмоциямды жасыра алмайтынымды білесің ғой. Келесі жолы ескеремін” дейді. Достарымыз көп. Алайда мұсылман екенмін деп, өзге сенімдегілермен араласпай тұйықталу маған жат. Ойланып отырсам, мен оларға өз дініме қатысты жайтты ескерткеніммен, олардың да сенімінде не істеуге болып, болмайтынын білмейді екенмін ғой…

Жалпы, мұсылман емес достарыма арнап, ортақ бір “Ереже” жазып қоюым керек қой деймін🙂

  1. Көріскен  кезде, бетімнен сүйіп, амандасушы болма.🙂
  2. Ораза уақытында қонаққа шақырсаң, кешке шақыр
  3. Жұма күні намаз уақытында мені іздеме т.с.с.

Сурет СС рұқсаты негізінде worldeconomicforum есімді Flickr қолданушысының мұрағатынан алынды

12 thoughts on “Айтпасқа болмады

  1. Хммм,🙂 Малайзияда оқушылар мұғалімдерімен амандасқанда қолдарынан сүйеді екен. Мектепте мұғалім болған бір танысым, сондай бір қызық айтып берген. Сабақ басталмас бұрын қолымды күніне жиырмадан аса оқушы сүйіп шығады деп🙂

  2. Асхат, амандасудың түрлерін әңгіме еттік ғой, жалпы, мұсылман қыздары ер адамның көзіне тіке қарауға болмайды деп жатады ғой, бірақ бұл қағиданы ұстану қазір мүмкін емес секілді. Қалай ойлайсың ?

  3. Германияда әйел адамдармен сәлемдескенде қол алыспай 1,5 жыл бойы жүріппін. Кейін Қазастанға барғанда, әйел адамдармен қол алысып сәлемдескенде ыңғайсызданып қалдым.🙂 Қолыңды созғың келмейді.

  4. АРБ! Бауырлар
    Шындығында Исламда әйелмен амандасу блай тұрсын бетіне қарауға болмайды. Егер өз әйелің болмаса әрине.
    Өз әйелің болмаса деп қоямын ау Асекең бойдақ екен ғой.
    Бірақ Асеке сізге де қарауға болмайды. как поняли прием.

  5. ммм.. да. көрген кезде, қолмен де бетпен де, амандаспай, әшин қалайсың? деп күліп қарай салу керек десеңішші

  6. Дәреті бар адаммен, дәреті жоқ адам амандасса, қайсысының дәреті бұзылады?

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s