Кешір, браток!


Жұма. 119 бағыттағы автобус “Саяхатта” тоқтады. Мешітке асыққандар секіріп түсіп жатыр. Жолды кесіп бара жатып, алдымдағы жігіт біреуді қағып кетті. Әлгісі студент болса керек. Қолына қыстырған күллі кітап дәптері сау етіп, жолдың қақ ортасында шашылып қалды. Қағып кеткен жүргінші: “Кешір, браток!” деп артына бір бұрылды да, мешітке қарай асығып кетті. Ал студент баламыз ішіндегі булыққан ашуды әзер тежеп, тістеніп кетіп барады. Жұма болмаса, мешіттің маңы болмаса, бір төбелес болар ма еді деген ой санамда жылт етті.

6 thoughts on “Кешір, браток!

    • Көмектесетіндей түгі жоқ, төрт бес дәптерді баланың өзі-ақ жинап алды. Бұл жердегі қызығы мешітке бара жатқан адамдар өздерін маңыздырақ сезінеді дегенім ғой🙂

      • Мешітке барғанда ”біреуді аттап өтпеңдер” дейді. Біреуді қағып кеткен біреуді аттап өткеннен де жаман деп білемін. Мүмкін, әлгі студентке шашылған заттарын жинау түк емес болар, бірақ морал тұрғысынан бірдемені бүлдіріп, басқа жаққа асыққан да дұрыс бола қоймас. Егер ол студент риза болмаған кейіп таныста, хақ мәселесі жайлы да ойланған дұрыс сияқты.

    • әрине бәрі емес, Айжан. Мешітке жұртқа намаз оқитынынын жария ету үшін, яки мешітке баратынын көрсету үшін баратындар бар ғой. Сондайлардың әдетте маңғазданып, маңызды болып көрінуге тырысатыны бар. Бірақ, бірте-бірте діни білім толысқан соң, әдетте мұндай сезім де кетеді.

  1. Жұмаға асығып бара жатса, ішін қайдам сырты әлбетте мұсылман бауырымыз екенін көрсетеді. Ал қағып кету, соғылысып қалу деген маңғазданбай жүрсең де болып тұратын кездейсоқ жағдайлар ғой… Намазы қабыл, иманы кәміл, көңілі ашық болсын деп қояйық🙂

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s