Күзгі қарбалас…


Қордайға кетіп бара жатқандағы намазхана

Қордайға кетіп бара жатқандағы намазхана

  1. Яndex.kz келді. “Салам” деді. Біздің нарыққа да сынамалап еніп жатыр. Енді mail.ru да келетін шығар. Бірақ ол баяғыда келіп қойды ғой.
  2. WordPress.com блогтары не себепті Алматы қаласындағы кейбір мекемелерде ашылмайтынын түсінбей жүрмін. Бірте-бірте өшірмекші ме, әлде басқа ойлары бар ма?
  3. Google.kz қазақша сөздерді іздегенде балама ұсынатын болыпты.
  4. Дэвидтің бір семинарына қатыстым. Қатты ауырып қалыпты.
    Дэвид ауырып тұрғандықтан сұхбат бере алмады

    Дэвид ауырып тұрғандықтан сұхбат бере алмады

    Түрі қызарып кеткен. Айтқан тақырыбы: әлеуметтік желілер, олардың маңызы еді. Аудитория жас журналистер болғандықтан осы тақырыпты таңдаған екен. Әйтпесе, компында “Интернеттен ақша табу” деген тәрізді тақырыптағы презентацияларды көзім шалған.

  5. Өткен аптада Бішкекте болдым. Тәжікстаннан, Өзбекстаннан, Түркменстаннан әріптестерім келді.
    OSCE Бішкек

    OSCE Бішкек

    Тәжікстандық журналист “Қысты жек көремін” дейді. Себебі қыс келе бастаса болғаны: “Жылу, свет” деген мәселе қайтадан туады екен. Былтыр екі күн бойы күллі республикада свет болмапты.

  6. Алматыдағы қонақ үйлердің бірінде семинарда отыр едік. Бір кезде: “Сездіңдер ме? Жер сілкінді” деді. Семинар жайына қалды.
  7. Халал сөзі маркейтингке де еніпті. Алматы аялдамаларында “Шошқа қосылмаған” деген жазумен тәтті өнімдер жарнамалануда. Естеріңізде болсын! Шошқа майы қосылмаған деген сөз, халал екенін білдірмейді.
  8. Medianet-те кезекті тренингтерім басталды. Жаңа медияға қызығып жүргендер көп.
    Medianet 2009

    Medianet 2009

    Бірақ бәрінің инетке төтелей шығу мүмкіндігі жоқ екен.

  9. Қарашаның ортасында КИМЭП-те тағы бір семинар өтпекші. Орыс тілінде. Сол семинарда “Қазақ тіліндегі жаңа медияның жайы” деген тақырыпта презентация жасайсың ба деп жатыр. Ұсыныстарың болса, қуанар едім.
  10. AWARD.kz 2009 байқауына қазақ тілінде сайттар былтырғыға қарағанда аз қатысты. Байқаудың қазір соңғы кезеңі өтіп жатыр. Қазылар алқасы өздерінің соңғы бағаларын беруде. Қарбаласып жатырмыз.
  11. Кезекті алтыншы үнхабарды жарияладық. Димаш Қытайдың түнгі клубтарына қазақ жастарын кіргізбейтіні рас дейді.
  12. Айтпақшы, қазір көбіне tweetterдемін. Егер туитің болса, мені де қоссаң болады.
  13. Биылғы күз осылай қарбаласпен өтіп жатыр. Аллаһым, сабыр бер!

7 thoughts on “Күзгі қарбалас…

  1. Бішкекте Орталық Азия елдерінде журналистиканы оқытудың жай-күйі деген тақырыпта ЕҚЫҰ дөңгелек үстел ұйымдастырған еді.
    Презентация үшін +1

    • Әлі де интернетке шығу мәселесі бар ғой бізде. Ал уордпресс бір жерде ашылып, бір жерлерде ашылмайтыны түсініксіз болып тұр.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s