Шаттығы шаңырағыңның шайқалмасын


Сіздерде де солай ма? Апта сайын той. Жатақханада бір бөлмеде бірге тұрған достарым тойларына шақырды. Қуаныштарына ортақтасу міндетім. Жаркенттетіп кеттім. Алдағы аптада Шуда бір той бар. Шулатармыз🙂 Одан кейін тағысын тағы.

Жолдастың тойынан Жаркентте бірнеше үйде болдым. Ауылдағы құрдастарымның құндылықтары басқа. Көбіне отбасы, туған-туысқан төңірегіне топтасады. Жөн-ақ. Былтырлары үйленгендердің бөпелері тәй-тәй басып, қылықтарымен қуаныш сыйлап жүр.

Тойдың арақсыз өтуіне басында қарсы болған. Қазір бәрі түсіністікпен қарайды.

Достарымның әке-шешелері елден ұят дегеннен бұрын, балаларының бақытын алдыңғы орынға қоя білетіндері ұнайды.

Көптен тілек айтпаған соң, жаттауымды да ойдағыдай айтпадым. Басы былай басталатын. Бұрындары бір досымның шығарған өлеңі еді.

Тағат тауып, сезімді сан ұрлаған,

Толқындай тербеледі тамырда қан.

Ақ тілек ақтарайық ғашықтарға

Қаздай қалқып, аққудай мамырлаған.

Өте жақсы демеймін. Алайда, тілекті осылай өлеңдетіп бастағанның әсері күшті тәрізді.

Пы.Сы. Бұрындары Жаркент жақта пост болатын. Яғни, арнайы шақырту болмаса, қалаға кіргізбейтін. Кейін бұны алып тастаған. Бірақ біз барған күндері екі жерде құжаттырымызды тексерді. Себебі маған құпия. Жергілікті адамдардан сұрасам, “ұлтаралық мәселе тағы да бой көтере бастады. Соны шешудің амалы” дейді. Бірақ бұл жолмен қалай шешпек? Бірісі, қытайдан біреулер өтіп кетіпті. Соларға қарсы ұйымдастырылған шара десе, енді бірі Елбасы осы өңірге келеді екен. Соған дайындық дегенді айтты. Жұрт білмейді. Бір білгенім, Жаркент жаққа жолың түсетін болса, куәлікті жан қалтаңнан тастамау керек екен.

15 thoughts on “Шаттығы шаңырағыңның шайқалмасын

  1. Асхат, осылай тойларға барып жүре бересің бе? Бір рет жұрт саған барсын да? Айналаны қойшы, блогосфераның өзінде қаншама тамаша қыздар толып жатыр. Обал емес пе?🙂

  2. araksyz toi degen keremet dunie… jalpy paidasyz susynsyz ak otkizip jatkan dostarymnyn aituynwa ondai toilar keremet otedi eken… ewkim uryspaidy, tobelespeidi, toidyn sonynda maz konilderimen tarkasady eken…

    Wanyraktary biik bolsyn jastardyn🙂

    • Сондай тойға сынау үшін келетіндер бар. Ертесіне “тойда арақ болмады” деп бұрқылдап отырады🙂

      • Арақты қалай құйсаңда сынайды ғой…. Мен тойымды арақсыз өткізген сияқты едім, сөйтсем елдер арақты сарыағаштың ыдысына құйып алып ішіпті гой….))))))

      • Қайнар бауырым, шын жүреткен қуаныштымын! Ақ некелерің берекелі болсын! Аллаһ тағала сіздерге екі дүние бақытын нәсіп етсін!!! Бұдан кейінгі көрер тойларыңа келген қауымның жүректері тек иман нұрына шомылсын!

  3. Аршат ұзын әңгіменің қысқасын келтіріпті. Мен болсам астарлап жеткізгелі отырсам🙂

    Тойлардың арақсыз өткені жақсы ғой. Сонда тойға барғанын ұмытпайды адамдар. А то …

  4. АЛЛА бақыттарын ұзағынан сүйіндірсін!!! Биыл расында да той көп, шүкір АЛЛАға! Қарашаның аяғында екеуі күтіп тұр, ИНШАЛЛАХ! Үйлену жылы болса керек🙂

    • Иә, той көп болсын🙂 негізі ораза деп кейінге ысырғандардың тойлары осылай жиналып қалады ғой🙂

    • Біріне бармай қалсаң, екіншісі өкпелейді. Десе де жөні түзу тілек жаттай алмай, әлек болып жүрмін.

  5. тек Жаркентте ғана емес, ьарлық жерде сақалды адамдарға абайлап қарайды. Мен Жаркентке жылына 1-2 рет барамын. Таныс-туыстарым өте көп. Бас салып ешкімді тексере бермейді.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s