Пойыз жолаушысына 11 кеңес


Күннен күнге пойыз ішінде намаз оқитын жандарды көп кездестіретін болдым. Осы орайда пойызбен саяхаттаудан түйгендеріммен бөлісудің жөн көріп отырмын. Бұл кеңестер көбіне ер адамдарға арналған.

Пойызға мінер болсаңыз...

  1. Жалғыз болсаңыз билетті пласкартқа, төменгі орынға немесе бүйірінен (боковойдан) алған жөн. Намаз оқуға ыңғайлы болады. Төменгі орынды кейін жоғарғыға ауыстырғанда: “Бір рет намаз оқитыныңызды” ескертіп қойсаңыз болғаны

  1. Мүмкін болса, кешкі уақытта жүретін пойызға билет алған жөн. Мәселен, Қарағандыға баратын болсаңыз, оған баратын пойыз көп. Сол кезде намазым қаза болды деп уайымдамайсыз.
  2. Орныңызға жұрттан бұрын келуге тырысыңыз. 
  3. Ірі қалалардағы темір жол вокзалдарында (Алматы, Қарағанды, Астана) намаз оқитын бөлмелер бар. Оны вокзал ішіндегі арнайы белгілерден немесе анықтама бөлімінен сұрауға болады. Әдетте намаз оқитын жердің кілтін алу үшін бір құжатты (куәлік, паспорт, жүргізу куәлігі, өткенде бір бауырымыз қалтафонын қалдырған) қалдыру керек.
  4. Кірген бетте бәрімен амандасып, серіктеріңізбен танысып алуға тырысыңыз. Бірден ашық болған жақсы.
  5. Жолсеріктермен алыстан араласуды жөн көремін. Себебі олар әртүрлі. Бірақ көпшілігі дінге құрметпен қарайды. Кейбіреулері тіпті өз бөлмелерінде намаз оқуға да рұқсат береді. Сондықтан олармен дос болыңыз🙂
  6. Дастарханға жұртты сіз бірінші болып шақырыңыз. Өз тағамыңызды ұсыныңыз. Сол кеде көршіңіздің харам асы болса, оның алдын орап алудың реті келеді. Серіктесіңіз арақ ішуді ұсынса, сыпайы бас тартыңыз.
  7. Айналаңыздағы кісілер ғайбатпен айналысып жатса, бұл әу бастан сіз әңгіме ауанын руханиятқа қарай бұрмағандығыңыздан.😉
  8. Қасыңыздағы кісілер сізден үркіп, өздерін аулақ ұстай бастаса, сабыр сақтаңыз. Ондай кісілер әдетте әрекетіңізді сынап, кейін “қорқынышты” адам емес екеніңізді білген соң, өздері сізді әңгімеге тартып, сұрақтарын қоюы мүмкін.
  9. Көпшілігі намаз оқығанда арнайы төсенішпен қымталып алады. Менің ойымша, бұлайша бөлектену қажет емес тәрізді. Мүмкін қыздарға ыңғайлы болар. Сапарда болғандықтан кешкі намаздарды жұрт ұйқыға жатып, шамның жарығы әлсіз болған тұтса оқып алған жақсы.
  10. Өзіңізбен бірге кітап немесе кішкене сыйлық ала жүріңіз. (Журнал, діни кітап, т.с.с.) Соткаңызда қызықты, танымдық дүниелер болса, бұл карта ойынына балама болуы мүмкін. Әрі пойызда адамдар бір-бірімен жақсы достасып кететін болғандықтан, оларға бір кішкентай сыйлық сыйласаңыз қатып кетеді.

Ескерту: Кеңестің бәрін орындау шарт емес, Өзімнің білгеніммен бөлісіп отырмын. Пойызда сіздің де басыңыздан өткен немесе аталғанға қосатын, я алып тастайтын ұсысынстарыңыз болса, қуаныштымын. 

 

7 thoughts on “Пойыз жолаушысына 11 кеңес

  1. 🙂 Тамаша кеңестер екен! АРБ!
    5 пен 7-пункті орындаймын да, ал 8-дің маған да қатысты екенін қазір мойындаймын🙂

  2. оооооте коп болд пойызбен журмегели. а так жаксы кенестер екен ))
    сосын АРБ деген не зат? )

    • А- АЛЛА
      Р – разы
      Б – болсын!
      Балдырған деген блогтың иесі бірде осылай жазып жіберіпті, мағынасын сұрағанымда “копи раст Асхат, мәні осылай” деп түсіндірген! Сізге де АРБ!🙂

  3. менде де бир ойлар туып кетти)
    1. куртакандай болып жиналатын жайнамаз устап журген жаксы пойыздан шыгып окитын жер табалмай жатсаныз. жерге жайа салып окитындай.
    2. шаригаттагы рухсаны пайдаланган жаксы(пайдалану керек) ол намаздарды еки ракаат етип кыскарту.
    3. жане суннет намаздарын тастау.
    4. керек болса 2мен3 жане 4пен5ши намаздарды косу
    3. уитр не тан намазынын суннетин отырып оку. ойткени нафил(фард емес) намаздарда киам рукн болмайд.
    4. намаздарды пойыздын узак стоянкага туратын уакыттарына ысырып кою. егер намаз уакыты шыгып кетпесе оган дейн. ал шыгып кететин болса, 4ши пунктти пайдалану
    5. сырт козден кысылмау )

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s