Үнхабар деген бір дерт екен


Үнхабар деген бір ауру мені иектеп жүр.

Үнхабардағы Мелаканың түнгі базарынан көрініс

Үш аптадай болды. Аудасити бағдарламасын түсімде де кейде көремін. Бүгін әзер дегенде кезекті үнхабарды дайындадым. Десе де көңілім толар емес. Техникалық қыр-сырын әлі де игеру үстіндемін. Бұл жолғы үнхабардың құрылымын өзгертіп, біраз адамдардың дауыстарын қостым. Мелаканың түнгі базары ішіндегі шумды жазып, эксперимент жасап көрдім. Үнхабарға ат салысқан, әрі алдыңғы үнхабарға қатысты пікірлерін білдірген барша жанға үлкен алғысымды білдіремін. 

Жалпы, үнхабар жасау онша қиын емес. Тек ыджағаттылық керек. Үнхабарды жасай отырып, дұрыс сөйлем құрай алу, түсінікті сөйлеу тәрізді дағдыларды дамытуға болатын тәрізді. Үнхабарды тыңдауда, оған пікір қалдыруда еш кедергі бола қоймас деген үміттемін. Үнхабарласқанша!

8 thoughts on “Үнхабар деген бір дерт екен

  1. 🙂 Жақсы ауру екен, жақсы!

    Асхат, сіз шет елде жүргенде қазақша сөйлеу жағынан қиналмадыңыз ба үнхабар жазғанда?

    • Еш қиналмадым. Айналамда қазақтар көп болғандықтан кем дегенде күніне 3-4 сағат қазақша сөйлесуіме тура келетін🙂

  2. Үнхабарды тыңдағанда ең соңында бір әуен ойналады ғой. Бұлар сол кезде сол әуенге осылай билеп жатқан. Түнгі базар ішіндегі бишілер!

  3. Үнхабарға…үнхабармен пікір қалдыру технологиясын бірінші болып жасасақ… Әнеки прогресс… CEBiT көрмесінде “қалай істедіңдер?” деп қаумалаған IT-журналисттер… Жарқ-жұрқ еткен фотоаппаратар… “Computer science” журналында “Voice comment? Its – really!” сықылды көлемді мақала… Жоқ, бүгін интервью бере алмаймын, шаршадым… Даңқ… ))))))))))))

    • Жақсы ұсыныс! Ереке, бірінші болып өзіңіз бастап, үнхабарға қатысты пікіріңізді поштама аудиофайлмен салып жіберсеңіз, қатып кетер еді.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s