Салтанат немесе алматылану


Суық үйдің ішінде қалың көрпеге қымтанып отыра берсем, сыз өтіп ауырып қалармын деп ойлап, қалаға шығып, інімнің оқуына қатысты құжаттарды тезірек бітіруді ойладым. Бірақ мен тұратын жерден орталыққа қарай не баратынын да білмедім.

Достарым теміржол вокзалына баратын болған соң, такси ұстауды жөн көрдік. Таксиші басында мың жарымға келіскен. Вокзалға келген соң, екі мың дейді. “Здрасте!” дедім ішімнен. Бұл қайдан шыққан? Melaca 002

Сөйтсем, “Басында біреуің жолдан түсіп қаламын дегенсіңдер. Соңына дейін үш адам келгендіктен екі мың төлейсіңдер” деп қарап тұр. Жүргізушінің қанша жаста екенін айтпай-ақ қояын, жолай түсіп қалуы тиіс адам өзім едім. Вокзалдан түсіп, Көк базар жаққа қарай жаяу баратынымды ерте ескертпей осылай күйіп қалдық.

Мен жоқта өртке оранған Алматының көне ғимараттарының бірі “Қызыл таң” мата үйін көрдім. Арзанқол көк түспен сырлап қойыпты. Көшедегі адамдардың көпшілігінен ораза екені көрінеді. Сәресіде суды аз ішкен адамның беті негізінен құрғап, еріндері кеберсіп кетеді ғой. Көбіне ауыз бекіткен жандарды соған қарап анықтауға болатын тәрізді.

Тастақ жаққа бару керек болдым. Қай автобус жүретіні есімде жоқ. Төле би көшесіне шығып, 94 отырдым. Перваштар көп екен. Перваштар! Бірі анасымен, бірі жеке дара аспандағы бұлттарды зерттеп жүр. Оларды сары ауыз балапан дегенді ұнатпаушы едім. Алайда, перваштар шынымен де қанаты қатаймаған балапанға ұқсайды екен. Оларға қарап Алматыға алғаш бір дорбамен келіп, парктің маңында адасқаным есіме түсіп кетті.

Тастақ жақта интернет кафе іздеп жүріп, көше бойында алма сатып отырған апаны көрдім. Ауызашарға алма алғым келіп кетті. “Сынуля, бери, со своего сада. С Талгара везу. Меня здесь все знают” деп бір келі салып берді. Бағасы? Иә, екі жүз теңге бердім. Сосын оны малай рингитіне ойша ауыстыра бастадым да райымнан қайттым. Бабушка маған алманы салып жатып: “Тебе какой? Салтанат или Апорт?” деген кезде кішкене тосылып қалдым. Бұрын бір кітаптардан Алматыда өсетін алма түрлерінің аттарын естігенім болмаса, дәл бұлай көрермін деп ойламаппын. Сыртқы пошымында екі алманың үлкен айырмашылығы да жоқ. Апорт қып-қызыл, ал Салтнат ақшыл қызыл екен. Талғарлық саудагер алманы маған қымбатқа сатқанын бір-екі көше жүріп, келесі бір алма сатушыларын көргенде түсіндім. Қайтып барып, алмаларды көз алдына төгіп тастап, “Как вам не стыдно!” деп айтсам ба екен деген ой келді де, “Ораза. Кәрі кісі. Күнкөріс” деген сөздер тізбегі райымнан қайтарды. Әрі алманы алуымның бір себебі, өткен бір апталарда Британ ғалымдары алманың тарихи отаны Алматы өңірі екенін анықтаған жаңалық еді. Бойымды бір мақтаныш кернеген сол кезде.

Тастақта бір жерде ғана интернет бар екен. Мешітке сәл жетпей жолдың қарсы бетінде орналасқан Золтой Дракон деген дүкеннің түбінде. Поштам екі күн бойы оқылмаған хаттардан жарылардай болып тұр екен. Салтанат байланысқа шықты. “Қалайсыз?” дейді. “Куала мен Алматының айырмашылығын бағамдап жатқан боларсың?” дейді. “Иә” деймін мен. Жеке өмір сүргендіктен Алматы не, Малайзия не маған, бәрібір болып кеткен тәрізді, себебі Алматыда да, Куала да мені ешкім күтіп отырған жоқ” деймін. “Онда сол жақта қала бермедің бе?” дейді. Ойланып жауап беруге тура келді. Алайда санамда әлі де климатизациям аяқаталмаған дедім өз-өзіме. Қайыра алматылануым керек.  

8 thoughts on “Салтанат немесе алматылану

  1. Бәсе әдетте тез жауап жащатынсыз бірнеше күн хабар келмеген соң блогыңызды ашып қарасам have to say goodbye деген жазба бар екен содан соң ұқтым;-)

  2. тек қана Малайзиядан кейін емес олай боп көрінетіні
    біраз үйрену керек

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s