Келдім


Малайлықтармен бірге Малайзиядан келгелі ойымды жинақтап, алдағы күннің бағдарына үңіле алар емеспін. Түнде ұшақтан түсісімен қаланың төменгі жағындағы жер үйге тап болдым.

I Алматы жақтағы Белинский деген атпен белгілі (қазіргі аты Жұмабаев болуы керек) көшенің бойындағы бір жер үйдің времянкасында екенімді таңертең бірақ білдім. Иесі кәріс екен. Өзін “бабушка” деп таныстырды да қойды. Бабушканың үш времянкасы, бір иті бар екен. Бір көршіміз ағайынды саудагер   ұйғырлар, келесі бірінде ағайында орыстар тұрады. Бәріміздің бір ортақ жуынатын жеріміз, жуған киімімзді кептіретін “интернациональный дворымыз” бар екен. 

Үйміздің қасында мешіт бар. Сонысы ұнады. Мешіт ішінде ашық-жарық түстердің емес, қара түстің басымдау болуы, әрі жарықтың әлсіздігі еңсеңді езеді екен. Достарымның айтуынша күзгі суық Алматыны кенеттен орап алыпты. Таңнамазына көпшілігі қалың киініп келді.

Осыдан төрт-бес жыл бұрын бір досым Құранды әдемілеп оқып үйрену үшін Меккеге кетіп еді. Сөйтсем, қазір осы мешітте ол тарауиқ намазын өткізіп жүр екен. Көптен көрмеген досымды кешкісін Тарауиқ намазында жолықтырып, мәре-сәре болып қалдық. Алматыға келгенімді сол күні кешке бірақ сездім. 

6 thoughts on “Келдім

    • Рахмет, Қуаныш! Кеше Барахолканың пробкасында екі сағат тұрған кезде ұйықтап қалмадым. Соған қарағанда көп күш жинаған сияқтымын🙂

    • Куалада. Кетер алдындағы күні. Дүкенге барып, сыйлық алып жүргенмін. Тәуелсіздік күніне орай, жергілікті малай жастары дәстүрлі киімдерін киіп, сахналық қойылым көрсетуде екен. Суретке түсуге қуана келісті.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s