Бішкектемін


Бішкекте емес, Қазақстанның бір қаласында жүргендеймін. Қатты айырмашылық жоқ. Ғимараттар, тұрғын үйлер, көшелер, ағаштар, адамдардың түрлері бәрі ұқсас. Кеше келдік. BarCamp болғалы жатыр еді. Қуантқаны, бұл жолғы Баркэмпке Қазақстанның түкпір-түкпірінен біраз IT саласының мамандары келді. Бәрі дерлік менің құрдастарым.

Bishkek 008 Әртүрлі жобалардың құлағынан ұстапты. Қазақ блогшыларынан Қарағандыдан Әлия келді. Сосын Елдар деген бауырымызбен жолықтық. Кеше ашылуы болған, бүгін бірінші күн. Қалай өтер екен деп, өзім де қобалжып отырмын (Негізі қобалжитын түгі жоқ. Себебі баркэмпте әр адам қонақ емес, бірінші кезекте іс-шараны ұйымдастырушы). Бір автобуспен отыз беске жауық адам келдік. Bishkek 012 Бәрімізді Гоголь мен Шу көшесінің қиылысындағы жатақхана тәрізді бір қонақ үйге орналастырды. Орталық мешіт бізден алыс емес екен. Іргемізде тәулік бойы жұмыс істейтін халал кафе бар.

Бағалары онша қымбат емес. Айтапқшы, қырғыздың бір сомы біздің 3,5 теңге екен.

DSC00149 Таныстарым түскі астарын ішуге кеткенде мен маңайымды шолып шығайын деп, мына бір мешітке тап болдым.  DSC00141 Бұрын бұнда болмаған едім. Құрлысы мүлдем басқа. Шымнан қаланып салынған көне бір стильді еске түсірді. Мешіттің артында тау болып үйілген сәбізді көзім шалды. Ауызашарға дайындалып жатыр екен. DSC00143 Дүкеннен құрма іздеп таппадым. Бір қызығы дүкендерде қытайлардың тағамы, тағамға қосатын дәмдуіштері өте көп екен. Бір дүкен тұтастай сондай бір заттарды ғана сатады. Дәл сондай мөлдір орамаға оралған қошқыл түсті дәмдеуіштерді Малайзияның қытайлар тұратын бөлігінде көп көріп едім.

…Осы аптадағы үнхабарым әзір дайын болмай жатыр, әрі қазақ блогшыларынң ішкі хат алмасу торабына да жазатын хатымды жазбадым. 

2 thoughts on “Бішкектемін

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s