Тәуелсіздігіңмен, Малайзия!


KL 605 Біздің үйдің күзетшісі өткенде үйдің ауласына ту қадап қойды. Әдемі желбіреп тұр. Малайзияның тәуелсіздігіне біздің үй де осылай құрмет көрсетті. Көшенің барлығы тумен безендірілген. Сондай ақ қалалық таксилердің бәрі де төбелерінде кішкентай ту желп-желп етеді. Рамазан айы болғандықтан Тәуелсіздік күнін дүркіретіп думандатпайды екен. Есесіне Хари Раяға (Ораза айтқа) дайындық күшті.

Melaca 055 Малайзияның ең алғашқы астанасы – Мелака (Сауда дегенді білдіреді). Жұма күні сол қалаға барып келдім.

Куала Лумпурдан 170 шақырымдай жерде. Негізі тарихи қала. Күллі тарихын сол күйі бұзбастан сақтаған екен. Melaca 111 Оңтүстік Шығыс Азияда XV ғасырдан бастап саудамен өркендеген қалаға көптеген қолбасшылардың көзі түскен. Әуелі Голландықтар, одан соң Британдықтар, одан кейін Жапондықтар отарлаған. Тәуелсіздіктерін алғандарына 52 жыл болды.Melaca 057

Мелакада көнден келе жатқан екі мешіт бар екен. Сосын отарлаушылар салған шіркеулер де қала орталығында тұр. Мешіт көне болса да еш қараусыз қалған ұқсайды. Melaca 095 Мешітке ауызашарға барғанда шетелдік екенім бірден білініп, жергілікті мұсылмандар мені бірден жылы қабылдады. Ифтар менюі Куаладағыдай емес. Жұпынылау. Melaca 120 Сосын мешіт ішінен көне дәуірдің иісі шығады. Қоңырқай түс басымдау.

Мелаканың экономикасын туризм ұстап тұр. Melaca 036 Туристерге арналып күллі жағдай жасалған. Мен қала орталығында Travel Lodge деген үйге тоқтадым. Бұл үйді жатақхана десе де болады. Melaca 034 Бір бөлменің құны 200 теңге маңайында екен. Қасымда еуропадан келгендер болды. Жатақхана қала ортасында болғандықтан біраз жерді жаяу, емін-еркін араладым.

4 thoughts on “Тәуелсіздігіңмен, Малайзия!

  1. O, Melaca!

    Osi kalamen kushti memoriesterim bar. Kalanin ortasindagi kanaldi kordin ba? men bolgan kezde sui toligimen tartilip turgan edi, kazir kanday eken? suretin tusirgen bolsan jibershi.

    Kalanin en ulken shirkeuin kordin ba? Appak. Melaca church pa sonday bir narse, onin kasinda tagi ulken muzey bar. ahh.. Melca, Melaca..

    ol jerdin HTL bagalari shininda da kizik. Barganimda bir HTL 100usd /1 SNGL dep tursa, sol uydin (zdaniyanin shetinde) baska bir HTL tur eken, ogan kirsem 20usd bolgani esimde. HTLdin ati esimde jok – ‘V’dan bastalatin bir HTL. kanaldin kasinda.

    Sen Melacaga jay kidirip bardin ba? ol kalani kop el Teoman’nan kaytar kezde peresadka ushin koldanadi. Teoman aralina bardin ba? Barsan suretter jibershi, oni da esime alayin…

    RAKHMET!

  2. Malaysiada tyrip jatkanima 4 jul boldi. Kanshama ademi jerlerin araladim. Cizderden cyrauin degen cyragim bar.

    Kazakhstanda kazaksha tycirilgen Malaysia tyrali touristik programmalar bar ma? Alde orisha gana ma?

    Eger Malaysia tyrali kazakhsha jazilgan kitaptar nemece website bolca, menin email jiberylerindi cyraumin manshuk.oryngali@gmail.com

    kop raxmet!

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s