Малайзиядағы ораза


“Күн ыстық шығар. Оразаны қалай ұстап жүрсің?” деп, достарым сұрап қояды. Куала Лумпурда күн ыстығы, ыстық. Бірақ оразаны дұрыс реттей білген соң, қиындығы еш білінбейді. Малайзияда күн ыстық болғанымен, Қазақстанда күн ұзағырақ. Сондықтан елде жүрген бауырларыма Аллаһ Тағала сабыр берсін деймін.

 Image000 Кеше қызық болды. Ауыз ашатын бір кафені таптық. Иесі  араб екен. Отбасылық бизнес деп түсіндім. Себебі кішкентай қызы, келіншегі бәрі сол кафеде жәрдемдесіп жүреді. Досым екеуміз Тарауихқа үлгеру үшін тезірек тамағымызды ішіп отырғанбыз. Кафе иесінің кішкентай қуыршақтай қызы келіп, мені құшақтап, қолымнан сүймесі бар ма. Өзі төрт-бестегі тәп-тәтті қыз. Саусақтары жұп-жұмсақ. Арабша бірдеңе деп күледі де, менің досыма жүгіріп барып, оны құшақтай алады. Сосын ал кеп қолынан сүйеді.

Кішкентай баланың мұндай қылығын күтпеген біз, әп сәтте сасқалақтап қалдық. Қазір келіп, әкесі алып кетер деп ойлағанбыз. Жоқ, оның қылығына қарап қуанғанымызды көрген ол, қайта айналып, бізді құшақтайды. Көптің көзінше бізді құшақтап, айналып толғанып жатқан қызды қайтіп қуарсың? Біз де оны көтеріп алып, қасымызға отырғызуға тырыстық. Ол болса, арабша сөйлеп, бізге бірдеңе дейді. Одан дастарханға бір қарап қояды. Одан ортамызға тұрып алып, бір қолымен досымды, екінші қолымен мені тас қылып ұстап алып, киімімізді тартқылады. Бүлдіршінді алдаусыратпақ болып (үлкендер қандай қатал едік) "қане суретке түсіремін!" дегенім сол еді, екі қолын көтеріп, суретке әзір екенін білдіріп тұра қалды. Суретке түскенді жақсы көретінін қайдан білейін. Қайыра түсіруге тура келді. Еркелеген қылығына қарап, біз де мәзбіз. Одан бізді құшақтап, қайыра сүйеді. Қызық. Осының бәрін әкесі де, шешесі де көріп тұр. Баланың бөтен жанды жатырқамай, бірден құшақтай алуын бірінші рет көрдім. Оның үстіне арабтар қыз балаларын кішкентай кезінен қатты ұстайтын болар деп ойлайтынмын. Сондықтан басында әкесі балаға емес, бізге ренжитін болар деген ой санамда жылт етті. Сөйтіп, тамағымыз жайына қалып, кафенің ортасында әлгі қызды ойнатуға көштік. Алма кезек жоғары көтереміз. (Кішкентай кезімде үлкен апаларым: “Мәскеу көрсетемін!” деп біздің жоғары көтеретін). Кейін әкесінің "Шаһада тыныш!" дегенінен есімін де біліп алдық. Шаһада бізді қимай-қимай кафеден әзер жіберді. Мүмкін, бүгін сол кафеге барсам, қайыра көрермін. Қырсық қылғанда қолымда ол қызға беретін ештеңе де болмай қалды.

13 thoughts on “Малайзиядағы ораза

  1. 🙂 Ол қуыршақтай балапанның сондай тәтті екенін бұл жақта отырған оқырмандарыңызға да дәл сол күйінде жеткізіп, әдемі көңіл-күй сыйлағаныңыз үшін АЛЛА разы болсын сізге! Фотосын да салмадыңыз ба?🙂. Оразаларыңыз қабыл болсын! АЛЛА күллі мұсылманның тілегін қабыл етсін!

    • Рахмет, Айнамекен! Суретке қалтафонға түсіріп едім. Онша шықпай қалыпты. Бүгін көріп жатсам, арнайы барып түсірермін. Сіздің де оразаңыз қабыл болсын!

  2. Оразаң қабыл болсын, бауырым! Жалпы сенің өміріңде күнде бір қызық оқиға болып тұра ма, немесе болған оқиғаны әдемі етіп жазасың ба? Бірақ маған жалпы жазбаларың ұнады! Мен бір көмек сұрайын деп едім. Блог жасағым келеді. Бастан аяқ қалай жасалатынын (жасалуы, тіркелуі, жарық көруі т.с.с.) толықтай баяндап берсең (уақытың болса) жақсы болар еді. Әр ісіңе Алла разы болсын!

    • Пікіріңе рахмет, Нұрболат! Блогыма қош келдің. Блог ашу ісінде көмектесуге дайынмын. Жеке поштама кез-келген сауалыңды жолдасаң болады. Сенің де Оразаң қабыл болсын!

  3. Сурет әдемі шығыпты! Аздап жүдепсің.
    Сен тәпсірлеген қылықтарын оқып мен де аң-таң боп сүйсініп отырмын мына жақта. Негізі, балалардың сондай ашық боп, тартыншақ болмағанын қалайтын сияқтымын.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s